Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д.14.А.02.22. Диссертациялық кеңесте қорғалатын Ахметова Күләш Садыққызының 10.01.02 – қазақ әдебиеті мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған «Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші» атты диссертациясына ресми оппонент – филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қ.Жұртбайдың
ПІКІРІ
1.Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы ғылыми, жалпы мемлекеттік бағдарламалармен (практикалық және ғылым мен техниканың даму сұраныстарымен) байланысы.
Қазіргі бұлтағы мен бұрмалаңы көп түйілмеген тұжырымдар мен қорытылмаған пікірлерге қарамастан, академик, жазушы Сәбит Мұқановтың ұлттық көркем ойлау жүйесінен, ұлттық руханияттан, ұлттық әдебиеттен, қазақ сыни және ғылыми ойының қалыптасуы тарихынан алатын орыны ерекше. Оның өмір сүруінің өзі қазақ елінің жарты ғасырлық тарихындағы тұрлаулы құбылыс болып табылады. Заманалар тоғысындағы таным мен талғамның қақтығысында қоғамдық-әлеуметтік, рухани өмірдің сақнасына шыққан қайраткер кеңестік дәуірдің халықтық идеологиясының көсеміне айналды. Арпалысты ойдың тайталасты додасының шаңын шығарып, бірде арындап алдына шықты, бірде доданың ішінде қалды, бірде шаң қапты. Әйтеуір саналы шығармашылық өмірінде көркем ойдың көкпарынан тыс қалған емес. Табиғи талантын идеологияның қайрағына жанып, жаныққан тұстары да, санаға салып, сабыр сақтап, сабасына түскен кезі де, содан кейін, әсіресе, елуінші жылдары қайтадан атой салған жылдары да болды. Өмірінің соңғы жылдарының өзінде, «Қазақ қауымына» бет бұрған шағында да социалистік реализм мен әдебиеттің таптық сыпатын белсенді түрде қызғыштай қорғаумен болды. Қысқартып айтқанда, қазақ кеңес әдебиеті тікелей Сәбит Мұқановтың есімімен байланыста дамып, жетпісінші жылдары өзінің кемеліне келіп, лықси толқи бастады.
Көркем шығармаларында осындай көсемдік деңгейге көтерілген жазушының талант қуаты мен қайраткерлігінің тең жарымы қазақ кеңестік әдеби үрдісінің қалыптасу, даму, кемелдену тұсындағы оның бағыт-бағдары мен міндетіне, пікір қалыптастырып, тарихи үрдісін анықтауға, іріктеп, екшеп, бағалап, саяси қорытынды жасап, шешім шығаруға жұмсалды. Ағымдағы саяси көзқарастардың құбылуын былай қойғанда, тарихи мұраларға деген пікірін үш рет өзгертіп, бір тақырыптағы монографиялық еңбектерін үш рет түзетті. Соған орай бүкіл қазақ қоғамтану ғылымы да, соның ішінде әдебиет тарихы мен әдебиет сыны ілімі де өзінің талдау тәсілін С.Мұқановтың ұстанымына қарай бейімдеді. Осындай күрделі көзқарас қайшылықтарына негізделген және елу жыл бойы әр пікірі әдебиет тарихы мен теориясының құбылнамасына айналған Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші академик ретіндегі ғылыми ұстанымдарын жүйелеп, саралап, талдап, пікір қорытып, ұстанымды тұжырым жасаудың маңызы ерекше. Бұл қазіргі неміс ілімі үлгісіндегі дәстүрлі ғылыми дәреже беру дәуірінің аяқталар тұсында аса қажетті еңбек болмақ. Өйткені, Сәбит Мұқановтың ғылыми көзқарасы тиянақталмай, ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдырдан бастап тоқсаныншы жылдарға дейінгі қазақ әдебиеттануы ғылымы да тұжырымдалмай қалар еді. Сондықтан да К.Ахметованың «Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші» атты диссертациясының өзекті тақырыпқа арналғаны ешқандай күдік тудырмайды.
Диссертациясының ғылыми мәні зор, зерттеу обьектісіндегі көтерілген мәселелері өте өзекті. Демек, мемлекеттік және ғылыми үлкен сұраныс тудырып отырған зерттеу.
2.Диссертацияға қойылатын талаптар (ҚР ЖАК-нің «Ғылыми дәрежелер беру Ережелеріндегі» 9,10 баптар) шеңберіндегі ғылыми нәтижелер.
Сәбит Мұқанов – көркем әдебиет пен сыни көркем ойдың қазақ әдебиеті тарихындағы академиялық деңгейдегі тұрлаулы тұлға. Әдебиеттің басты жанры және қуатты көркем құралы болып табылатын проза, поэзия саласында тарихтан өшпес орын алғанымен де, ол ғалым-академик ретінде қашанда сала аралық сипатын сақтап қала береді. Сондықтан да зерттеу тақырыбы жазушының тұлғалық затын, шығармашылық міндеті мен ізденістік мазмұнын, әр салада белсенді түрде еңбектеніп, әдеби үрдіске тікелей әсер еткен ықпалды тұлғаның жан-жақтылы шығармашылық психологиясының қалыптасуын бір жүйеге келтіре отырып толықтыра талдауға мүмкіндік береді. Сондықтан да диссертациялық жұмыс қорғауға құқық берілген кеңестің мамандық саласына – қазақ әдебиеті мамандығына толық сәйкес келеді.
Еңбектің ғылыми нәтижелері ҚР ЖАК-нің «Ғылыми дәрежелер беру Ережелерінің» 9,10 баптарына толық жауап береді.
3. Ізденушінің диссертацияда жасаған әрбір нәтижелері мен тұжырымдарының негізділік және дәйектілік дәрежесі.
Академик-жазушының:
– қай мұраны қалай игеру, үйрену және одан бас тарту туралы жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы пікірталасына құрылған күнделікті баспасөздегі мақалалары, ашық хаттары, жауаптары;
– пікір білдіруге себепші болған мақалалар мен жеке шығармалар, авторлар, олардың көтерген мәселелері, екі жақты тел сынағаған, не қарсы болған адамдарың уәждері, оның танымдық, идеологиялық, тарихи себептері сен салдары;
– «қазақ хандығы дәуіріндегі – феодалдық-байшыл, отарлау тұсындағы – феодалдық-буржуазияшыл, төңкеріс кезеңіндегі – буржуазияшыл-ұлтшыл, кеңес кезіндегі – жолбике ақын, жазушылардың идеялық-шығармашылық ұстанымдары;
– қазақ әдебиетінің тарихы мен даму бағытына қатысты партиялық, бейпартиялық, таптық, бейтектілік, исламдық, түрікшілдік ағымдар турасындағы солшыл пайымдаулар мен әсіресындар;
– Қазақ пролетарлары жазушыларының ассосациясы мен ұйымсыз жазушылардың, жолбикелердің арасындағы әдебиеттің партиялығы, таптығы, интернационалдық, ұлттық нышандар;
– түрі ұлттық, мазмұны социалистік әдебиеттің міндеттері мен мақсаттары, олардың танымдық, таптық тамыры, сол сәттегі міндеттері;
– хандар мен феодалдардың тарихтағы орыны және олардың бейнесі;
– тарихи тұлғаларды бейнелеудегі көркемдік ұстаным;
– халық ауыз әдебиеті мен эпостардағы таптық тартыс және көркемдік шешім, идеялық ұстаным;
– Абайдың ақындық мектебі және оның өкілдері –
туралы білдірген пікірлері мен зерттеулері, монографиялары сол тұста жарық көрген баспасөздегі жарияланымдармен салыстыра талдау арқылы дәйектеліп, бүгінгі көзқарас тұрғысынан тиянақтала пайымдала талданған.
Көзқарас қайшылығы мен айнымалы пікірлерді кезеңге бөліп талдау арқылы жазушы-ғалымның шығармашылық және ғылыми көзқарасының қалыптасуы барысындағы күрделі сатылар мен бұрмаларды оның «өсу жолдарымен» байланыстыра саралап, оның себептерін мұрағат құжаттарынан дәлел келтіру арқылы пікір қорытады.
Міне, мұның барлығы зерттеушінің С.Мұқановтың қазақ әдебиетінің тарихы мен даму жолы туралы пікірлерін жүйелей негіздеуге негіз қалаған.
4. Ізденушінің диссертацияда жасаған әрбір ғылыми нәтижелері мен тұжырымдарының жаңалық дәрежесі.
Бұл – академик Сәбит Мұқановтың ғылыми көзқарастары мен пікірлерін, зерттеулерін жүйелей қарастыруға бағытталған тұңғыш диссертация. Тақырыптың өзі қазақ әдебиетінің барлық кезеңдерін қамтитын күрделі де терең, тың зерттеуге негіз қалайтын ауқымды да күрделі болғандықтан да, мұндағы:
– тарихи және басылымдық дерек көздері мен баспасөз материалдары ғылыми айналымға бірінші рет жүйелей түсіруі,
– әдеби пікірлерді тарихи және мерзім сипаттарына байланысты кезеңдерге бөліп қарастыруы,
– саясатпен, идеологиямен, ұлттық мүддемен, түрлі көзқараспен астасып жатқан аса мол әрі қарама-қайшылыққа толы материалдарды ғылыми тұрғыдан жинақтай жіктеуі –
түбегейлі тұжырымдық деңгейде ғылыми пікір қорытуға мүмкіндік берген.
Бұл ізденушінің әдебиеттану ілімінде бұрын қарастырылмаған тақырыпты толық меңгергендігін танытады және нақты теориялық нәтижелерге қол жеткізген. Академик-жазушы Сәбит Мұқановтың еңбектеріндегі:
– қазақ әдебиетінің қайнар көздері мен даму жолы туралы пікірлері толық жинақталып, жүйеленіп, ғылыми сипаттама берілген;
– кеңестік қазақ әдебиетінің тарихы мен даму бағыты, таптық, партиялық, интернациналдық сыпаттары, жанрлық қалыптасу, жетілу, толысу кезеңдеріндегі қилы пікірлер сатылай көрсетілген;
жазба әдеби тілді қалыптастырудағы және оны байытудағы публицистиканың орыны анықталған.
қазақ баспасөзіндегі көркем ойлау жүйесінің дәйектері ашылған.
қоғамдық ойды дамытуда және тәуелсіздік идеясын насихаттауда жауынгенрлік құралға айналған публицистиканың орыны барынша жан-жақты ашып көрсетілген.
қазақ публицистерінің тақырыптық және көркемдік ізденістері даралай сараланған.
жанрдың қалыптасу барысындағы әуелгі сипаттары мен кемелденген кезеңіндегі публицистиканың өз ішінде түрлі-түрлі жіктелуі мен жүйеленуі жинақтала талданған.
тақырып пен мәселенің көкейкестілігі бағдар беретін көркемдік ерекшелік мәселесі кеңінен қарастырылған.
журналистикадағы публицистиканың жанрлық жіктеулері теориялық тұрғыдан тиянақталған.
Мұның барлығы мынадай нақты деректермен дәйектелген:
Көне түркі жазбалары бірінші рет публицистикалық мәтін ретінде қарастырылып, дерек көзіне айналған.
«Түркістан уалаятының газетіндегі», «Дала уалаятының газетіндегі», «Айқап» журналындағы, «Қазақ» газетіндегі публицисткалық басылымдар тұңғыш рет тұтастай мазмұндық бірлікте жанрлық тұрғыдан қарастырылып, ғылыми айналымға түскен.Қазақтың алғашқы публицистері Ш.Ибрагимовтің, Ш.Бекметовтің, Д.Сұлтанғазиннің, Р.Дүйсенбаевтің, Қ.Жапановтың, Б.Шалымбековтің, О.Әлжановтың, Ж.Аймановтың, Д.Иманқұловтың, А.Құрманбаевтің, А.Қылышбаевтің, А.Нөкербековтің шығармалары алғаш рет ғылыми талдауға арқау болған.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ публицистикасы және оның өкілдері алдыңғы және кейінгі толқындағы басылымдармен сабақтастырыла талданған. 20-30 жылдардағы публицистика жанры қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың шығармашылығының негізінде тұлғалана талданып, жүйелі түрде пайымдалған. бір ғасырды қамтитын мерзімдегі баспасөз материалдары нақты талдауға негіз болған.
Диссертациядағы ғылыми жаңалықтың деңгейі негізінен үш бағытта анықталады.
Тұжырымдамалық тұрғыдан алғанда ізденуші публицистика жанры:
қазақтың жазба көркем әдебиетінің дамуына алғышарттар жасаған,
қазақтың жазба тілін қалыптастыруға негіз қалаған,
қазақтың тарихи ойын оятуға және дамытуға ұйытқы болған,
қазақтың ұлттық идеясын қалыптастырған
деген тұжырымды алғаш рет ғылыми негіздеген.
Тарихилық тұрғыдан алғанда қазақ публицистикасының даму жолын:
қазақ публицистикасының тарихи негіздері көрініс берген дәуір (ХІХ ғасырға дейін).
қазақ баспасөзіндегі публицистиканың қалыптасу кезеңі (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы),
қазқ публицистикасының кемелдену кезеңі (ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басы)
деп тұңғыш рет жүйелей қарастырған.
Теориялық тұрғыдан алғанда публицистика:
әдебиет пен журналистиканың арасындағы сала аралық жанр.
көркем әдебиеттегі публицистика - әдеби жанрына қарамастан (публицитикалық дастан, публицистикалық драма, публицистикалық роман, роман-хроника т.б) пафосымен, өмір шындығын көркемдік шындық дәрежесіне жеткізбей, деректік сипатын баса көрсету мақсатымен сипатталады. Ал журналистикада ол жанрлық және қолданбалық (радио публицистика, кино публицистика, телепублицистика т.б) сипатта көрініс береді.
Олардың мақсаттары мен міндеттері (заманаулилық пен көкейкесті мәселе көтеруі), көркемдік шарттары ортақ .
сондықтан да публицистика сөз өнерінің барлық саласына тел жанр
деген тұжырым ұсынады.
Зерттелу деңгейінің жаңалықтары:
қазақ публистикасының даму жолы тұңғыш рет диссертациялық деңгейде белгілі кезеңге бөлінбей, тұтастай қарастырылып отыр.
қазақ публистикасының жанрлық ерекшеліктері тұтастай алғаш рет теориялық тұрғыдын талданып, жіктелген.
қазақ публицистикасының поэтикасы бірінші рет зерттеу обьектісіне айналған.
Мұның барлығы осы уақытқа дейінгі публицистика жанры туралы пікір білдірген ғалымдар мен қаламгерлердің пікірлеріне шолу жасап, олардың пікірлерін салыстыра талдап, пікір қорытқандықтан да публицистиканың зерттелу деңгейінің жоғары болуына қол жеткізген.
5. Алынған нәтижелердің ішкі бірлігін сақтау.
Ізденушінің мақсаты айқын, міндеті анық, тақырыбы нақты және оның зерттелу деңгейінің жоғары, кәсіби мамандық тәжірибесінің молдығы, тікелей осы салада дәріс оқуы –
зерттеліп отырған тақырыбының құрылымын дұрыс құруға,
соған сай мәселені анық қоя білуіне,
дерек көзіне сүйене отырып пікірін ішкі бірлікте өрбітіп,
мазмұн тұтастығын сақтай дамытуға
тікелей игі ықпал жасаған.
6. Ізденуші мен алынған нәтижелердің өзекті мәселелерді, теориялық және қолданбалы міндеттерді шешудегі бағыты.
Диссертациядағы көтерілген мәселелерді нақты дерекке сүйеніп, жүйелей талданғандықтан да ізденуші өзінің ойын шынайы пікір дәрежесіне дейін дамыта алған. Соның нәтижесінде зерттеу монографиялық тұтастыққа ие болған.
Публицистиканың даму тарихы жылнамалық сипатта пайымдалған. Көркемдік ерекшеліктер жинақтала қарастырылған. Теориялық талдаулар жүйелене сараланған. Диссертацияның қолданбалық міндеті нақты көрсетілген.
7. Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен қорытындыларының жарияланымда расталуы
Диссертацияның негізгі қағидалары мен нәтижесі, тұжырымдары мен қорытындылары, авторефератта көрсетілгеніндей, баспасөздегі жарияланымдар арқылы дәйектелген.Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларда мәлімделген. «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» атты монографиясы 2004 жылы «Білім» баспасында жарық көріп, басылымдық тұрғыдан ЖАК талабын толық қанағаттандырған.
8.Авторефераттың диссертация мазмұнына сәйкестігі.
Автореферат диссертацияның құрылымдық және мазмұндық жүйесін толық сақтаған. Талдаулар қорытылып, пікірлер сақталып, қорытындылары көрсетіліп берілген.
Диссертацияның безендірілуі талапқа сай. Реси құжаттардың бірізділігі сақталған.
9. Диссертацияның мазмұны мен ресімделуіне қатысты ескертпелер мен ұсыныстар.
Жоғары ғылыми дәрежеде, теориялық тұрғыдан тиянақты, түпнұсқалық мәтіндерден туындаған шеберлік өрнектерін дәл таныта білген жоғары дәрежеде орындалған жұмыстың бойынан байқалған кемшіліктерге жасайтын ескертпелеріміз мынадай:
1.Жазушының шеберлігі қақында жазылған көлемді еңбектің бойыфнан байқалатын жалпыға ортақ бір заңдылық бар. Қандай да бір пікір арқауына жүгінсе де негізгі сүйенетін обьект бріреу, бұл орайда тек жазушы Ахтанов. Қандай шығармасын талдаса да Т.Ахтановтың қалыптасқан көркемдік жүйесінен аса алмайды. Осыдан барып ой қайталаулар туады. Мысалы, психологизм – жаушының басты жазушылық ұстанымы. «Боран», «Шырағың сөнбесін», «Махаббат мұңы» туындыларына осы псиолгизмнің тікелей қатысы бар. Зерттеуші әр шығарманы талдаған кезде, не оның ерешеліктерін көрсеткен тұста, кейіпкерлердің көркемдік әлемін, мінез сипаттарын ашу сәтінде «автордың ерекшелігі - шығарманы психологиялық тартысқа», «психологиялық көркем талдауға», «психологиялық желіге құрғандығында» деген сықылды жалпылама талдайды. Әр тараудағы талдауларда мұндай пайымдаулар қайталанып отырады. Сондықтан да осы көркемдік тәсілді пайдаланудағы жазушының шеберлігін бір шығарманың бойынан тереңдеп, бір жүйеге түсіріп, сол психологизмнің өз ішінде бөлінетін не сатыланып дамитын сипаттарымен, мысалы салыстырмалы психологизм, философиялық психологизм, тұйық психологизм, ой ағымындағы психолгиялық желі, табиғат пен кейіпкер арасындағы психолгиялық паралелизм деген сияқты толып жатқан психологиялық әдіс-тәсілдермен талдаса еңбек ұтымды шығар еді. Әсіресе, «Боран» романы соған сұранып тұрған (кеңес жазушыларының арасында да мұндай көркемдікке ой шиырына жете алған қаламгерлер аз және Ш.Айтматовтың «Қош бол, Гүлсарысы» бұдан кейін жазылған) тақырып. Мысалы: боран мен Қоспанның психолгиялық желілерін өзара салыстыру арқылы шығарманың мұқым құрылымын бір желігі түсіруге болатын еді. Боран алдындағы тымық тұс – оқиғаның алдындағы бейбіт тыныс; бұлттың үйіріле бастауы – Қоспанның өткен өміріндегі тұйық кезді еске салуы, боран басталды – оқиғаның басталуы, боран ұйытқи күшейді – негізгі тартыстың күшейуі, боран аққұлақ жұтқа ұласты – кейіпкердің өміріндегі қилы кезеңдер, толғаныстар, сапырылысқан елестер, түңілу, қайраттану, ішкі күрес, жақсылық нышандар, боран басылды, аппақ шыңылтыр әлем – Қоспанның ар тазалығы – деп көгндегі моншақтай салыстырып берсе, психологизмнің де, автордың да терең тамырын ашып берер еді. Әрі кейбір ой қайталауларына ұрынбас еді. Бұл ретте осы тұрғыдан жазылған Бек Тоғысбаевтің алпысыншы жылдары жазған мақаласы («Жұлдыз» журналында) тәп-тәуір үлгі көрсете алар еді. Зерттеуші осы саладағы ізденістерін алдағы уақытта да жалғастыратынын ескеріп, монография етіп шығару барысында қаперіне алса, орынды болмақ.
2. «Дәстүр және даму» атты бесінші тарауда қазақ прозасындағы психолгизмнің қалыптасу, даму, ізденіс жолдарына кеңінен шолу жасалып, М.Жұмабаевтің, Ж.Аймауытовтың, М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің шығармалары жекелей талданып беріледі. «М.Әуезовтің дәстүрі және Т.Ахтанов прозасы» деген жеке тарауша да бар. Жалпы қаламгер шығармасын әдеби процеспен байланыстыра талдағаны дұрыс. Алайда кейбір тұстарда, мысалы 280-290 беттерде, тек қана «Ұлпаннан» дәлелдер алынып, соның ерекшеліктеріне тоқталады. Менің ойымша, Ұлпан образын бейнелеудегі :Мүсіреповтің шеберлігін атап өтіп, Ұлпанның орнына Нәзираның бейнесін мысалға ала отырып талдаса, зерттеуші ұтар еді. М.Әуезовтің «Абай жолындағы» боранмен «Борандағы» боранды салыстыра талдаудың барысында да жалпыламалық басым, алдыңғы тарауда бұл көркемдік мәтін арнайы талданып кеткендіктен де ішінара пайымдаулардың заңды түрде қайталануы ұшырасып қалады.
3. Диссертацияда тек Т.Ахтановтың прозалық шығармалары ғана зерттеу обьектісіне айналғандығы нақты көрсетілген. Сондықтан да жазушының кейінгі жиырма жыл өмірінде белсене араласқан драмаургиялық еңбектері назардан тыс қалған. Ол туралы арнайы зерттеу еңбегінің барлығына сілтеме жасаумен шекңтелген. Бұл ғылыми этикалық жағынан дұрыс. Ал екініші жағынан – зерттеу нысаны үлкен жазушының жалпы шеберлігі туралы болып отырғандықтан да және «Боран», «Махаббат мұңы» сияқты негізгі шығармаларының пьесалық нұсқалары болғандықтан да, автор ол шығармаларын сақна заңына байланысты қалай бейімдеді, әсіресе романның негізгі желісі болып табылатын табиғи боранды – сақнада қалай көрсетті (бұл режиссердің тікелей міндеті болса да), оқиғалардың желісін қалай құрды?- деген сияқты сұрақтарға жауап беріп, қаламгердің шеберханасынан жалпылай мағлұмат бере кеткені жөн еді.
4. Талдау барысында уақыт және кеңістік деген өте күрделі, әлі де әдебиеттану саласында нақты теориялық тұрғыдан тиянақ таппаған терминдер қолданылып, «Боран» романына қатысты сөз болады. Шындығында да осы уақыт пен кеңістік мәселесін көркем шығармада қолданған және сол арқылы көркем тұжырым жасай білген қазақ қаламгерлерінің араксында үш-ақ жазушы бар. Ол М.Әуезовтің «Абай жолы», Ғ.Мүсіреповтің «Үш күні», Тахауи Ахтановтың «Бораны». «Боранда» уақыт пен кеңістік басты желі. Диссертациялық зерттеуде романға байланысты уақыт пен кеңістік мәселесі теориялық тұрғыдан көтеріліп, оның жалпылама сипаттары айтылады, бірақ Т.Ахтановтың көркем ойлау жүйесіндегі немесе көркемдік жүйесіндегі, немесе нақты «Боран» романындағы көркем уақыты мен көркем кеңістігі қайсы, ол екеуінің арасындағы көркем байланыстар қайсы, ол арасы нақты ажыратылмайды. Уақыт пен кеңістікті пайдалану – жазушының көркем танымын анықтап беретін басты нысана. Алдағы зерттеуклер басысында ізденуші бұл мәселеге арнайы көңіл бөледі деп сенеміз.
5. Кей тұстарда қолжазбада стильдік ақаулар мен орынсыз қолданылған тіркестер, грамматикалық қателер кездесіп қалады. Кейде үшінші жақтан баяндап келе жатып, бірінші жаққа көшіп кеткендіктен де, септік жалғаулары өзара шашырап тұрады. Мысалы, жазушы әдебиетке «...өзіндік дүнетаныммен келді» (3-бет)- дейді. Дүниетаным - өте үлкен ұғым. Т.Ахтаов атеис болды ма, жоқ, аллаға сенді ме, жоқ, социалистік реализмді мойындамады ма? Кеңес тұсындағы идеалогиядан тыс жазды ма? «Өзіндік дүниетанымды» осылай да түсінуге болады. Негізі зерттеушіні айтпағы «өзіндік көркем дүниетаным» болса керек. Бұл екеуі елеусіз болғанымен де, ар жағында үлкен кілтипанды мәселе бұғып жатыр.
Жазушының көркем шеберлігі туралы пікір қашанда уақыт ізімен қоса өзгеріп, дамып, жаңа сипаттарымен танылып отырады. Кейбір дараланбаған, теориялық тұрғыдан тиянақталмаған тұжырымдар (мысалы уақыт пен кеңістік сияқты) төл шщығарманы қайталап оқу барысында жаңа қырынан ашылып, терңдеп пайыдалып жатуы әдебиетттанудағы заңды құбылыс . Сондықтан да ғалымға тән байсалды ой мен зейінділік танытқан зерттеуші С.О.Құлбарақов бұл ескертулерімізге назарын салып, алдағы уақытта өз пікірлерін жүйелей білдіреді деп сенеміз. Бұл ескертпелер диссертацияға қойылатын талаптардың шеңберіндге емес, жалпы ғылыми тілек пен пікір алмасу тұрғысынан айтылып отырғандықтан да, қорғау барысындағы талқылауда кемшілік ретінде баса көрсетілмеуі тиіс деп есептейміз.
10. Диссертацияның ҚР ЖАК-нің «Ғылыми дәрежелер беру Ережелерінің» 2- бөлімінде көрсетілген талаптарға сәйкестігі.
Б.Ө.Жақыптың «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары (Генезис.Эволюция.Поэтика)» атты 10.01.02. – қазақ әдебиеті мамандығы бойынша дайындаған докторлық диссертациясы ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖАК-ті бекіткен «Ғылыми дәрежелер беру Ережелерінің» 2- бөлімінің талаптарына сәйкес жазылған.
Диссертация авторы ЖАҚЫП Бауыржан Өміржанұлына филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беруге толық болады деп есептеймін.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық университетінің жанындағы
«Отырар кітапханасы» ғылыми
орталығының директоры, филология
ғылымдарының докторы,
профессор Т.Қ.Жұртбай.
Астана. 1 қазан. 2004 жыл.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы жанындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д.14.31.03. Диссертациялық кеңесте қорғалатын Жақып Бауыржан Өміржанұлының 10.01.02 – қазақ әдебиеті мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған «Тахауи Ахтановтың жазушылық шеберлігі (прозасы бойынша)» атты диссертациясына
ресми оппонент – филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қ.Жұртбайдың
ПІКІРІ
1.Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы ғылыми, жалпы мемлекеттік бағдарламалармен (практикалық және ғылым мен техниканың даму сұраныстарымен) байланысы.
Қоғамдық ойлау жүйесінің қуатты көзі мен көсем сөзіне айналған осындай жанрдың тектік тамыры мен даму тарихы, жанрлық және көркемдік ерекшеліктерінің қалыптасу жолдары, поэтикалық құрылымы мен көркемдік әдіс-тәсілдер жүйесі қазақ әдебиеттану ілімінде арнайы зерттеуді қажет ететін және осы уақытқа дейін тумысы тұтас мәселе ретінде көтерілмеген тақырып. Сондықтан да жоғарыдағы ғылыми мәселелерге тікелей жауап беріп, публицистиканың дәстүрлі дамуының заңдылықтарын бір жүйеге түсірген Бауыржан Жақыптың бұл диссертациясының ғылыми мәні зор, зерттеу обьектісіндегі көтерілген мәселелері өте өзекті.
Өйткені демократиялық сөз бостандығы мен саяси белсенділік күшейіп, баспасөз төртінші билік ретінде қоғамның дамуына барынша иықтай ықпал етіп отырған дәл қазіргі кезеңде публцистика жанрының қыр-сырын білу және меңгеру - әдебиетшілер мен журналистер үшін ғана емес, мемлекеттік салада істейтін барлық мамандар үшін де қат және қажетті зәрулік, демек, мемлекеттік және ғылыми үлкен сұраныс тудырып отырған зерттеу.
2.Диссертацияға қойылатын талаптар (ҚР ЖАК-нің «Ғылыми дәрежелер беру Ережелеріндегі» 9,10 баптар) шеңберіндегі ғылыми нәтижелер.
Публцистика – тектік тіні, сөздік сипаты, көркемдік ерекшелігі тұрғысынан көркем әдебиеттің төл перзенті, ал журналистиканың басты жанры және қуатты көркем құралы болып табылғанымен де, ол қашанда сала аралық сипатын сақтап қала береді. Пән ретінде аты өзгергенімен де затын, міндеті мен мазмұнын өзгертпейді, қайта толықтыра түседі. Сондықтан да диссертациялық жұмыс қорғауға құқық берілген кеңестің мамандық саласына – қазақ әдебиеті мамандығына толық сәйкес келеді.
Сондықтан да еңбектің ғылыми нәтижелері ҚР ЖАК-нің «Ғылыми дәрежелер беру Ережелерінің» 9,10 баптарына толық жауап береді.
3. Ізденушінің диссертацияда жасаған әрбір нәтижелері мен тұжырымдарының негізділік және дәйектілік дәрежесі.
Кемеліне келген, көркем ойды жеткізуге жан-жақты қабілетті, шарықтау шағы келешекке иек артқан қазақ публицистикасының алғашқы ұшқындарын, даму кезеңдерін, толысу тұсын, оның көркемдік және құрылымдық құбылыстарын бір ғасырлық уақыт межесінде қамтитын байыпты да терең ғылыми еңбектің теориялық саралануы мен пайымдалуы да, терминдік атаулары мен ойды дамыту тәсілдері де, қорытынды мен тұжырымға негіз қалайтын тиянақтары мен қағидалары да жоғары талапқа сай.
Диссертацияда қазақ публицистикасының даму кезеңдері бір жүйеге алғаш рет түсірілген. Соған орай зерттеуші өзінің пікірлерін:
көне замандағы публицистиканың алғашқы нышандарын,
оның ауыз әдебиетіндегі және жыраулар поэзиясындағы көріністерін,
шешендік сөздегі көтеріңкі пафосы мен алатын орынын дара-дара зерделей отырып, өзара тығыз байланыста қараған.
жазба әдебиет пен баспасөз пайда болған тұстағы публицистиканың даму кезеңін
және жанрлық сипаттарның қалыптасуын,
соған негіз қалаған газет-журналдардың, жеке авторлардың ұстанған қоғамдық-саяси бағыттары мен сіңірген еңбектерін,
олардың шеберліктері мен көркемдік ерекшеліктерін,
қазақ жазба әдеби тілін қалыптастырудағы жетекшілік міндетін құрылымдық тұрғыдан тұтастай қарап, жеке-жеке тақырыпшалар арқылы тиянақтай тоқталып, ішкі мазмұндық бірлікті сақтай отырып жүйелеген.
әдебиет жанры ретінде публицистиканың барынша екпіндей дамып, бейнелеу құралдыры мен тақырып ауқымы кеңейіп, дербес дамыған кеңес тұсындағы кезеңді жинақтай қарастырып, жалпысына ортақ поэтикалық құрылымын анықтап, ерекшеліктерін жанрлық бірліктегі кең ауқымда саралаған.
публицистика жанрын тудырған және оның негізгі мақсаты мен міндетін анықтайтын тақырып пен проблемалық ізденістер мәселесін жеке алып,
оның қоғамдық ойды оятудағы, қалыптастырудағы, дамытудағы алатын орынына
және сондай дәрежеге көтерген көркемдік еркшеліктері мен түрлік-әдіс-тәсілдеріне арнайы тоқталған.
4. Ізденушінің диссертацияда жасаған әрбір ғылыми нәтижелері мен тұжырымдарының жаңалық дәрежесі.
Диссертациялық тақырыптың өзі тұңғыш рет осындай кең де ауқымды уақытты қамтитын күрделі де терең, тың зерттеуге негіз қалағандықтан да, мұндағы:
тарихи дерек көздері мен баспасөз материалдарының публицистикалық жанр тұрғысынан қарастырылуы,
оны бір жүйеге түсіруі,
тарихи және мерзім сипаттарына байланысты кезеңдерге бөлуі,
поэтикалық тұрғыдан жинақтай жіктеуі –
түбегейлі тұжырымдық деңгейде ғылыми пікір қорытуға мүмкіндік берген.
Сондай-ақ бұл ізденушінің әдебиеттану ілімінде бұрын қарастырылмаған тақырыпты толық меңгергендігін танытады және мұның өзі мынадай нақты теориялық нәтижелерге қол жеткізген:
қазақ публицистикасының қайнар көздері мен даму жолына толық сипаттама берілген.
қазақ баспасөзіндегі жанрлық қалыптасу, жетілу, толысу кезеңдері сатылай көрсетілген.
жазба әдеби тілді қалыптастырудағы және оны байытудағы публицистиканың орыны анықталған.
қазақ баспасөзіндегі көркем ойлау жүйесінің дәйектері ашылған.
қоғамдық ойды дамытуда және тәуелсіздік идеясын насихаттауда жауынгенрлік құралға айналған публицистиканың орыны барынша жан-жақты ашып көрсетілген.
қазақ публицистерінің тақырыптық және көркемдік ізденістері даралай сараланған.
жанрдың қалыптасу барысындағы әуелгі сипаттары мен кемелденген кезеңіндегі публицистиканың өз ішінде түрлі-түрлі жіктелуі мен жүйеленуі жинақтала талданған.
тақырып пен мәселенің көкейкестілігі бағдар беретін көркемдік ерекшелік мәселесі кеңінен қарастырылған.
журналистикадағы публицистиканың жанрлық жіктеулері теориялық тұрғыдан тиянақталған.
Мұның барлығы мынадай нақты деректермен дәйектелген:
Көне түркі жазбалары бірінші рет публицистикалық мәтін ретінде қарастырылып, дерек көзіне айналған.
«Түркістан уалаятының газетіндегі», «Дала уалаятының газетіндегі», «Айқап» журналындағы, «Қазақ» газетіндегі публицисткалық басылымдар тұңғыш рет тұтастай мазмұндық бірлікте жанрлық тұрғыдан қарастырылып, ғылыми айналымға түскен.Қазақтың алғашқы публицистері Ш.Ибрагимовтің, Ш.Бекметовтің, Д.Сұлтанғазиннің, Р.Дүйсенбаевтің, Қ.Жапановтың, Б.Шалымбековтің, О.Әлжановтың, Ж.Аймановтың, Д.Иманқұловтың, А.Құрманбаевтің, А.Қылышбаевтің, А.Нөкербековтің шығармалары алғаш рет ғылыми талдауға арқау болған.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ публицистикасы және оның өкілдері алдыңғы және кейінгі толқындағы басылымдармен сабақтастырыла талданған. 20-30 жылдардағы публицистика жанры қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың шығармашылығының негізінде тұлғалана талданып, жүйелі түрде пайымдалған. бір ғасырды қамтитын мерзімдегі баспасөз материалдары нақты талдауға негіз болған.
Диссертациядағы ғылыми жаңалықтың деңгейі негізінен үш бағытта анықталады.
Тұжырымдамалық тұрғыдан алғанда ізденуші публицистика жанры:
қазақтың жазба көркем әдебиетінің дамуына алғышарттар жасаған,
қазақтың жазба тілін қалыптастыруға негіз қалаған,
қазақтың тарихи ойын оятуға және дамытуға ұйытқы болған,
қазақтың ұлттық идеясын қалыптастырған
деген тұжырымды алғаш рет ғылыми негіздеген.
Тарихилық тұрғыдан алғанда қазақ публицистикасының даму жолын:
қазақ публицистикасының тарихи негіздері көрініс берген дәуір (ХІХ ғасырға дейін).
қазақ баспасөзіндегі публицистиканың қалыптасу кезеңі (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы),
қазқ публицистикасының кемелдену кезеңі (ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басы)
деп тұңғыш рет жүйелей қарастырған.
Теориялық тұрғыдан алғанда публицистика:
әдебиет пен журналистиканың арасындағы сала аралық жанр.
көркем әдебиеттегі публицистика - әдеби жанрына қарамастан (публицитикалық дастан, публицистикалық драма, публицистикалық роман, роман-хроника т.б) пафосымен, өмір шындығын көркемдік шындық дәрежесіне жеткізбей, деректік сипатын баса көрсету мақсатымен сипатталады. Ал журналистикада ол жанрлық және қолданбалық (радио публицистика, кино публицистика, телепублицистика т.б) сипатта көрініс береді.
Олардың мақсаттары мен міндеттері (заманаулилық пен көкейкесті мәселе көтеруі), көркемдік шарттары ортақ .
сондықтан да публицистика сөз өнерінің барлық саласына тел жанр
деген тұжырым ұсынады.
Зерттелу деңгейінің жаңалықтары:
қазақ публистикасының даму жолы тұңғыш рет диссертациялық деңгейде белгілі кезеңге бөлінбей, тұтастай қарастырылып отыр.
қазақ публистикасының жанрлық ерекшеліктері тұтастай алғаш рет теориялық тұрғыдын талданып, жіктелген.
қазақ публицистикасының поэтикасы бірінші рет зерттеу обьектісіне айналған.
Мұның барлығы осы уақытқа дейінгі публицистика жанры туралы пікір білдірген ғалымдар мен қаламгерлердің пікірлеріне шолу жасап, олардың пікірлерін салыстыра талдап, пікір қорытқандықтан да публицистиканың зерттелу деңгейінің жоғары болуына қол жеткізген.
5. Алынған нәтижелердің ішкі бірлігін сақтау.
Ізденушінің мақсаты айқын, міндеті анық, тақырыбы нақты және оның зерттелу деңгейінің жоғары, кәсіби мамандық тәжірибесінің молдығы, тікелей осы салада дәріс оқуы –
зерттеліп отырған тақырыбының құрылымын дұрыс құруға,
соған сай мәселені анық қоя білуіне,
дерек көзіне сүйене отырып пікірін ішкі бірлікте өрбітіп,
мазмұн тұтастығын сақтай дамытуға
тікелей игі ықпал жасаған.
6. Ізденуші мен алынған нәтижелердің өзекті мәселелерді, теориялық және қолданбалы міндеттерді шешудегі бағыты.
Диссертациядағы көтерілген мәселелерді нақты дерекке сүйеніп, жүйелей талданғандықтан да ізденуші өзінің ойын шынайы пікір дәрежесіне дейін дамыта алған. Соның нәтижесінде зерттеу монографиялық тұтастыққа ие болған.
Публицистиканың даму тарихы жылнамалық сипатта пайымдалған. Көркемдік ерекшеліктер жинақтала қарастырылған. Теориялық талдаулар жүйелене сараланған. Диссертацияның қолданбалық міндеті нақты көрсетілген.
7. Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен қорытындыларының жарияланымда расталуы
Диссертацияның негізгі қағидалары мен нәтижесі, тұжырымдары мен қорытындылары, авторефератта көрсетілгеніндей, баспасөздегі жарияланымдар арқылы дәйектелген.Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларда мәлімделген. «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» атты монографиясы 2004 жылы «Білім» баспасында жарық көріп, басылымдық тұрғыдан ЖАК талабын толық қанағаттандырған.
8.Авторефераттың диссертация мазмұнына сәйкестігі.
Автореферат диссертацияның құрылымдық және мазмұндық жүйесін толық сақтаған. Талдаулар қорытылып, пікірлер сақталып, қорытындылары көрсетіліп берілген.
Диссертацияның безендірілуі талапқа сай. Реси құжаттардың бірізділігі сақталған.
9. Диссертацияның мазмұны мен ресімделуіне қатысты ескертпелер мен ұсыныстар.
Жоғары ғылыми дәрежеде, теориялық тұрғыдан тиянақты, түпнұсқалық мәтіндерден туындаған шеберлік өрнектерін дәл таныта білген жоғары дәрежеде орындалған жұмыстың бойынан байқалған кемшіліктерге жасайтын ескертпелеріміз мынадай:
1.Жазушының шеберлігі қақында жазылған көлемді еңбектің бойыфнан байқалатын жалпыға ортақ бір заңдылық бар. Қандай да бір пікір арқауына жүгінсе де негізгі сүйенетін обьект бріреу, бұл орайда тек жазушы Ахтанов. Қандай шығармасын талдаса да Т.Ахтановтың қалыптасқан көркемдік жүйесінен аса алмайды. Осыдан барып ой қайталаулар туады. Мысалы, психологизм – жаушының басты жазушылық ұстанымы. «Боран», «Шырағың сөнбесін», «Махаббат мұңы» туындыларына осы псиолгизмнің тікелей қатысы бар. Зерттеуші әр шығарманы талдаған кезде, не оның ерешеліктерін көрсеткен тұста, кейіпкерлердің көркемдік әлемін, мінез сипаттарын ашу сәтінде «автордың ерекшелігі - шығарманы психологиялық тартысқа», «психологиялық көркем талдауға», «психологиялық желіге құрғандығында» деген сықылды жалпылама талдайды. Әр тараудағы талдауларда мұндай пайымдаулар қайталанып отырады. Сондықтан да осы көркемдік тәсілді пайдаланудағы жазушының шеберлігін бір шығарманың бойынан тереңдеп, бір жүйеге түсіріп, сол психологизмнің өз ішінде бөлінетін не сатыланып дамитын сипаттарымен, мысалы салыстырмалы психологизм, философиялық психологизм, тұйық психологизм, ой ағымындағы психолгиялық желі, табиғат пен кейіпкер арасындағы психолгиялық паралелизм деген сияқты толып жатқан психологиялық әдіс-тәсілдермен талдаса еңбек ұтымды шығар еді. Әсіресе, «Боран» романы соған сұранып тұрған (кеңес жазушыларының арасында да мұндай көркемдікке ой шиырына жете алған қаламгерлер аз және Ш.Айтматовтың «Қош бол, Гүлсарысы» бұдан кейін жазылған) тақырып. Мысалы: боран мен Қоспанның психолгиялық желілерін өзара салыстыру арқылы шығарманың мұқым құрылымын бір желігі түсіруге болатын еді. Боран алдындағы тымық тұс – оқиғаның алдындағы бейбіт тыныс; бұлттың үйіріле бастауы – Қоспанның өткен өміріндегі тұйық кезді еске салуы, боран басталды – оқиғаның басталуы, боран ұйытқи күшейді – негізгі тартыстың күшейуі, боран аққұлақ жұтқа ұласты – кейіпкердің өміріндегі қилы кезеңдер, толғаныстар, сапырылысқан елестер, түңілу, қайраттану, ішкі күрес, жақсылық нышандар, боран басылды, аппақ шыңылтыр әлем – Қоспанның ар тазалығы – деп көгндегі моншақтай салыстырып берсе, психологизмнің де, автордың да терең тамырын ашып берер еді. Әрі кейбір ой қайталауларына ұрынбас еді. Бұл ретте осы тұрғыдан жазылған Бек Тоғысбаевтің алпысыншы жылдары жазған мақаласы («Жұлдыз» журналында) тәп-тәуір үлгі көрсете алар еді. Зерттеуші осы саладағы ізденістерін алдағы уақытта да жалғастыратынын ескеріп, монография етіп шығару барысында қаперіне алса, орынды болмақ.
2. «Дәстүр және даму» атты бесінші тарауда қазақ прозасындағы психолгизмнің қалыптасу, даму, ізденіс жолдарына кеңінен шолу жасалып, М.Жұмабаевтің, Ж.Аймауытовтың, М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің шығармалары жекелей талданып беріледі. «М.Әуезовтің дәстүрі және Т.Ахтанов прозасы» деген жеке тарауша да бар. Жалпы қаламгер шығармасын әдеби процеспен байланыстыра талдағаны дұрыс. Алайда кейбір тұстарда, мысалы 280-290 беттерде, тек қана «Ұлпаннан» дәлелдер алынып, соның ерекшеліктеріне тоқталады. Менің ойымша, Ұлпан образын бейнелеудегі :Мүсіреповтің шеберлігін атап өтіп, Ұлпанның орнына Нәзираның бейнесін мысалға ала отырып талдаса, зерттеуші ұтар еді. М.Әуезовтің «Абай жолындағы» боранмен «Борандағы» боранды салыстыра талдаудың барысында да жалпыламалық басым, алдыңғы тарауда бұл көркемдік мәтін арнайы талданып кеткендіктен де ішінара пайымдаулардың заңды түрде қайталануы ұшырасып қалады.
3. Диссертацияда тек Т.Ахтановтың прозалық шығармалары ғана зерттеу обьектісіне айналғандығы нақты көрсетілген. Сондықтан да жазушының кейінгі жиырма жыл өмірінде белсене араласқан драмаургиялық еңбектері назардан тыс қалған. Ол туралы арнайы зерттеу еңбегінің барлығына сілтеме жасаумен шекңтелген. Бұл ғылыми этикалық жағынан дұрыс. Ал екініші жағынан – зерттеу нысаны үлкен жазушының жалпы шеберлігі туралы болып отырғандықтан да және «Боран», «Махаббат мұңы» сияқты негізгі шығармаларының пьесалық нұсқалары болғандықтан да, автор ол шығармаларын сақна заңына байланысты қалай бейімдеді, әсіресе романның негізгі желісі болып табылатын табиғи боранды – сақнада қалай көрсетті (бұл режиссердің тікелей міндеті болса да), оқиғалардың желісін қалай құрды?- деген сияқты сұрақтарға жауап беріп, қаламгердің шеберханасынан жалпылай мағлұмат бере кеткені жөн еді.
4. Талдау барысында уақыт және кеңістік деген өте күрделі, әлі де әдебиеттану саласында нақты теориялық тұрғыдан тиянақ таппаған терминдер қолданылып, «Боран» романына қатысты сөз болады. Шындығында да осы уақыт пен кеңістік мәселесін көркем шығармада қолданған және сол арқылы көркем тұжырым жасай білген қазақ қаламгерлерінің араксында үш-ақ жазушы бар. Ол М.Әуезовтің «Абай жолы», Ғ.Мүсіреповтің «Үш күні», Тахауи Ахтановтың «Бораны». «Боранда» уақыт пен кеңістік басты желі. Диссертациялық зерттеуде романға байланысты уақыт пен кеңістік мәселесі теориялық тұрғыдан көтеріліп, оның жалпылама сипаттары айтылады, бірақ Т.Ахтановтың көркем ойлау жүйесіндегі немесе көркемдік жүйесіндегі, немесе нақты «Боран» романындағы көркем уақыты мен көркем кеңістігі қайсы, ол екеуінің арасындағы көркем байланыстар қайсы, ол арасы нақты ажыратылмайды. Уақыт пен кеңістікті пайдалану – жазушының көркем танымын анықтап беретін басты нысана. Алдағы зерттеуклер басысында ізденуші бұл мәселеге арнайы көңіл бөледі деп сенеміз.
5. Кей тұстарда қолжазбада стильдік ақаулар мен орынсыз қолданылған тіркестер, грамматикалық қателер кездесіп қалады. Кейде үшінші жақтан баяндап келе жатып, бірінші жаққа көшіп кеткендіктен де, септік жалғаулары өзара шашырап тұрады. Мысалы, жазушы әдебиетке «...өзіндік дүнетаныммен келді» (3-бет)- дейді. Дүниетаным - өте үлкен ұғым. Т.Ахтаов атеис болды ма, жоқ, аллаға сенді ме, жоқ, социалистік реализмді мойындамады ма? Кеңес тұсындағы идеалогиядан тыс жазды ма? «Өзіндік дүниетанымды» осылай да түсінуге болады. Негізі зерттеушіні айтпағы «өзіндік көркем дүниетаным» болса керек. Бұл екеуі елеусіз болғанымен де, ар жағында үлкен кілтипанды мәселе бұғып жатыр.
Жазушының көркем шеберлігі туралы пікір қашанда уақыт ізімен қоса өзгеріп, дамып, жаңа сипаттарымен танылып отырады. Кейбір дараланбаған, теориялық тұрғыдан тиянақталмаған тұжырымдар (мысалы уақыт пен кеңістік сияқты) төл шщығарманы қайталап оқу барысында жаңа қырынан ашылып, терңдеп пайыдалып жатуы әдебиетттанудағы заңды құбылыс . Сондықтан да ғалымға тән байсалды ой мен зейінділік танытқан зерттеуші С.О.Құлбарақов бұл ескертулерімізге назарын салып, алдағы уақытта өз пікірлерін жүйелей білдіреді деп сенеміз. Бұл ескертпелер диссертацияға қойылатын талаптардың шеңберіндге емес, жалпы ғылыми тілек пен пікір алмасу тұрғысынан айтылып отырғандықтан да, қорғау барысындағы талқылауда кемшілік ретінде баса көрсетілмеуі тиіс деп есептейміз.
10. Диссертацияның ҚР ЖАК-нің «Ғылыми дәрежелер беру Ережелерінің» 2- бөлімінде көрсетілген талаптарға сәйкестігі.
Б.Ө.Жақыптың «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары (Генезис.Эволюция.Поэтика)» атты 10.01.02. – қазақ әдебиеті мамандығы бойынша дайындаған докторлық диссертациясы ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖАК-ті бекіткен «Ғылыми дәрежелер беру Ережелерінің» 2- бөлімінің талаптарына сәйкес жазылған.
Диссертация авторы ЖАҚЫП Бауыржан Өміржанұлына филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беруге толық болады деп есептеймін.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық университетінің жанындағы
«Отырар кітапханасы» ғылыми
орталығының директоры, филология
ғылымдарының докторы,
профессор Т.Қ.Жұртбай.
Астана. 1 қазан. 2004 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |