1 Јзірлеген: информатика пјнініѕ оќытушысы Базарбаева А



бет13/19
Дата16.01.2023
өлшемі1,73 Mb.
#165603
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
microsoft-word-ta-kuzhatty-kuru-zhane-formattau-5848fe34b5ac9

a 1. a

  • a 2. b

  • c 3. d

  • b 4. e

  • c 5. e

  • d 6. a

  • c 7. c

  • e 8. c

  • d 9. c

    10. e 10. d
    10 дұрыс жауап «5»
    9 - 8 дұрыс жауап «4»
    7 - 6 дұрыс жауап «3»
    5 және ↓дұрыс жауап «2»

    3,4 Қосымша


    Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру
    Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:
    Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және т.б. жатады.
    Microsoft Word бағдарламасы қандай бағдарлама, оның терезесінің қандай бөліктерден тұратынын, құралдар тақтасының қызметімен, құжаттарды қалай сақтап, қалай ашуға болатыны және құжаттың қатесін тексеруге болатыны жөнінде өткен сабақты айтып, қайталап өттік. Енді бүгінгі сабағымызда Microsoft Word бағдарламасында құжаттарды пішімдеу, яғни безендіруді үйренеміз. Пішімдеу деп – мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтамыз. Құжатты пішімдеу құжатты құру кезінде немесе одан кейін де жүзеге аса береді. Бірақ құжатты баспаға жібермей тұрып пішімдеу керек.


    Сабақтың тезистері:
    1. Word 2013 құжаттармен жұмыс істеу;
    2. Құжатты жабу;
    3. Word 2013 құжатты құру және сақтау;
    4. Құжатты сақтау;
    Word 2013 құжаттармен жұмыс істеу

    Мәтiндi құжат ашу үшiн "Іске қосу" батырмасын шерту керек, ашылған бас мәзiрде құжаттар тармағын таңдап және керек болатын файлдың пиктограммасында екi рет шертіп ашу қажет. Егер Word-тың бағдарламасының терезесi ашық болса, онда тиiстi құжатты ашуы үшiн "Office" белгішесінен Ашу командасын таңдап, "Құжатты ашу" сұхбат терезесi ашылады. Бұдан әрi сұхбат терезеде тиiстi файл таңдап және Ашу батырмасын шерту керек. Қосымшалар терезесiнде жоғарыда айтылған әсерлердiң нәтижесінде тиiстi құжат пайда болады (5.3-сурет).





    5.3 - сурет. Қосымшада ашылған құжат

    Құжат бойынша орын ауыстыру (алдын ала көру) үшiн қолдануға болады:



    • тiк және көлденең айналдырудың жолақтары;

    • Home, End, PageDown, PageUp пернелері немесе пернелер жиындарын (мысалы, Ctrl+Home);

    • мегзегiштiң орын ауыстырудың пернелері;

    • тінтуірдің манипуляторының дөңгелегi.

    Word 2013 құжаттардың көру тәртiптерi атқарылатын есептерге байланысты құжаттардың әр түрлi көру тәртiптерiн таңдауға болады:

    • Беттiң белгiсi;

    • Оқу тәртiбі;

    • Веб-құжат;

    • Құрылымды;

    • Жобалы.

    Бұл тәртiптердiң арасында ауысу үшін Түр қыстырмада "Құжатты көру тәртiптерi" топтары батырмалары арқылы мүмкiн немесе қалып-күй жолдың оң жағында орналасқан көру тәртiптердің батырмалары арқылы болады. Аталған көру тәртiптерiнен басқа Microsoft Word 2013 құжаттың бейнесiнiң алдын ала көру деп аталған бiр тәртiбi бар. Ол құжатты баспаға шығару алдында көру үшін пайдаланылады ("Office" батырмасы Баспа/Алдын ала көру).
    Құжатты жабу. Құжаттың бiр уақыттағы жабуы үшін Word қосымшасының терезесінің атау жолының оң жақ бұрышында Жабу батырмысын шерту керек. Қосымшаның ашық терезелерін айқара ашылған күйде немесе алдын ала көру тәртібінде де жабуға болады (егер ДК-де Windows 7-шi операциялық жүйесі орнатылған болса). Егер қосымшасының терезесiн қалдырып тек қана ашық құжатты жабу керек болса, онда "Office" мәзiрін шертіп, Жабу команданы таңдау керек.
    Word 2013 құжатты құру және сақтау. Microsoft Office Word 2013 жаңа интерфейстегi кәсiби ресiмделген құжаттарды құру үшiн кең құрал-саймандар жиынындарына ие, оны Microsoft Office Fluent деп аталған. Таспа қыстырмаларында орналастырылған командалар - бұл интерфейстiң негiзгi аспабы. Word 2013 құжаттардың әр түрлi түрлерiн құруға болады (5.4-сурет).

    5.4 - сурет. Құжаттардың түрлері

    Word 2013 қосымшада құжаттардың жаңа кеңейтулерi қолданылатынын атап өтуге керек (файлдың түрi - Word құжаты, кеңейтуi - docx), ол файлдың өлшемiн кiшiрейтуге және оны қауiпсiздік жасауға мүмкіндік береді. Файлдың жаңа пішімі Microsoft Office Open XML жаңа пішіміне негiзделген (мұнда, XML - Extensible Markup Language).


    Құжатты сақтау. Құрылған құжатты сақтау үшін атау жолындағы Сақтау батырмасын шерту немесе "Office" белгішесінен "Сақтау" командасын таңдауға болады. Екі жағдайда да Сақтаудың сұхбат терезесі ашылады (5.5-сурет). Word үнсіз келісім бойынша менiң құжаттарым бумасында Doc1 аты бар файлмен сақтауға ұсынады және файлға кеңейтуін тағайындайды: docx кеңейтудi алатын (макростарды қолдамайды) Word құжаты. Файлдардың жаңа пішімін қолдануы керек (*.docx), өйткенi бұл пішім файлдың өлшемiн кiшiрейтуге мүмкiндiк бередi және мұндай файлдарды вируспен жұқтыруға ұшырмайды.





    5.5 - сурет. Құжатты сақтаудың сұхбат терезесі

    Сақтаудың сұхбат терезесінде қолданушы өз бетімен файлдың түрін, файлдың атын және құжатты сақтау бумасын таңдай алады.


    Құжатты баспаға шығару. Word 2013 құжатты баспаға шығару үшін Office/Баспа командасы арқылы орындалады. Бұл команданы орындағаннан кейін "Құжатты алдын ала көру және баспаға шығару" мәзірі пайда болады (5.6-сурет).



    5.6 - сурет. Баспаның сұхбат терезесі

    Құжатты баспаға шығарудан бұрын оны тексеріп алу қажет. Беттің парағының өрістерін және бағытын тексеру жөн. Үнсіз келісім бойынша редактордың құжатының пішімі А4 пішіміне сәйкес және оның бағыты – кітапша түрінде беріледі. Ол үшін "Бетті белгілеу" қыстырмасында "Беттің параметрлері" сұхбат терезесінде қажетті қасиеттерді өзгертіп және тексерген жөн (5.7-сурет).





    5.7 - сурет. Беттің параметрлерін орнату

    Құжатты баспаға қай түрде шығуын көру үшін Алдын ала көру тәртібі қолданылады. Оны іске қосу үшін Office/Баспа/Алдын ала көру командасын орындау қажет. Алдын ала көру қыстырмасының терезесі ашылады (5.8-сурет).





    5.8 - сурет. Алдын ала көру қыстырмасы

    Алдын ала көру тәртібі көмегімен топтардың қажет батырмаларына шертіп бірнеше командаларды орындауға болады: Баспа, беттердің параметрлері, Масштаб және Көру. Алдын алу көру тәртібінен шығу үшін "Алдын ала көру терезесін жабу" батырмасын басу қажет.


    Құжатты баспаға шығару. Егер құжатты баспаға шығарудан бұрын оған өзгерістер енгізу керек болса, онда Office/Баспа командасын орындаймыз. Баспаның сұхбат терезесі пайда болады, онда принтердің қажет түрін, нешінші бет, неше көшірме және т.б. өзгерістерді таңдап құжатты баспадан шығаруға болады (5.9-сурет).



    5.9 - сурет. Баспа терезесі

    Егер Қасиеттер батырмасын шертіп, Принтердің сұхбат терезесі ашылады (5.10-сурет).





    5.10 - сурет. Принтердің қасиеттер терезесі




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет