1 Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы



бет13/15
Дата25.12.2016
өлшемі3,43 Mb.
#5301
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Ас қорту органдары.


Ас қорту каналдарының бөлімдері

Онымен байланысты

ас қорту бездері.



Ауыз қуысы

3 жұп сілекей безі.

Өңеш




Қарын

Қарын бездері.

Ащы ішек

Бауыр, ұйқы безі, ішек безі.

Тоқ ішек





Сүт қоректілердің көбеюі және дамуы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүт қоректілердің көбею ерекшеліктері мен таныстыру, балаларын тірі тууы және сүтпен асыраудың артықшылығына назар аудару.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал - жабдықтар: «Омыртқалылардың қан айналымдары», ішек құрылысы.

Сабақтың барысы: Сүт қоректілердің ми қуысының қандай ерекшелікктері бар? Сүт қоректілерде қандай шартсыз рефлекстер білінеді? Жаңа материалды оқыту: Мұғалім сүт қоректілерге тән ерекшеліктерге балаларын тірі туу мен ұрықтың ана құрсағында дамып жататындығын айтады. Көбею органының құрылысы жайында баяндай отырып, мұғалім сүт қоректілердің ұрғашыларында ішінде ұрық дамитын ерекше орган жатырдың болатынына оқушылардың назарын аударады. Басқа омыртқалылардікіне қарағанда, сүт қоректілердің жұмыртқа клеткасы өте кішкене болатынына назар аударған жөн. Бұлай болатын себебі, онда қоректік зат өте аз болады және ұрық аналық организмнен алатын қоректік заттардың есебінен дамиды. Ұрық қабаттары жатырдың қабырғасына жабысады да одан баланың үйі немесе жолдасы түзіледі.

Кіндік арқылы қан тамырлары ұрықтан баланың жолдасына келеді. Ұрық жолдасында бала мен аналық организмнің қан тамырлары қосылмайтынын, алайда тығыз жанасып жататынын айта кету қажет. Тамырдың жұқа қабырғасы арқылы аналық организмен арасындағы байланысы бұзылмайды, сөйтіп бала дүниеге келеді. Ұсақ жануарлардың көптен балалайтыны ал ірілері аз балалайтынын атап айтады.



Ін қазбайтын үңгір жасамайтын жануарлардың балалары туа сала өз беттерінше бірден ата - аналарынаның соңынан ере алатын болады. Барлық сүт қоректілер балаларын сүтімен асырайды. Сүтте баланың дамуына қажетті заттардың барлығы болады.

Үйге тапсырма беру: Үш оқушыға үйрек тұмсық, ехидна және кенгу жайында қысқаша хабарлама даярлап келу тапсырылады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет