1 Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы


Қарапайымдылардың паразиттік түрлері



бет2/15
Дата25.12.2016
өлшемі3,43 Mb.
#5301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Қарапайымдылардың паразиттік түрлері.
Мақсаты. Безгек паразитті мен нозема биологиясымен танысу. Еліміздегі безгек және пебринамен зақымдану ошақтарын жою мақсатындағы жұмыстары жайлы айту.

Жоспар.

1. Оқушыларға таныс, инфекциялық ауру қоздырғыштары, бір клеткалы организмдерді қайталау.

2. Микроппрепораттармен өз бетінше жұмыс істеу - безгек паразитті қарау.

3. Оқушылармен безгекпен күрес жүргүзу туралы әңгімелесу

4. Оқушыларға пебрина қоздырғышына ноземе жайлы және оның алдын-алу туралы әңгімелесу.

5. Жаңа материалды қорытындылау.

6. Үй тапсырмасын түсіндіру.

Жабдықтар:

1. Амеба мен нифузория туфелканың суреті.

2. Безгек паразитінің жыныссыз көбейу циклі мен жалпы көрінісі.

3. Ноземаны жалпы көрінісі.

4. Тарату материалы-безгек масасының ылғалды препараты.

5. Тірі гамбузия мен қарп малькасыбар аквариум.

6. Күкірт салынған пакет.

7. Ахрейкин таблеткасы.

8. Безгек паразит, нозема микропрепараттары.

Сабақтың барасы: Мына сұрақтарға жауап беру; қандай түкті өсімдікті организмдер адамдар мен жануарлар организіміне еніп инфекциялық ауру тудырады. Ауру тудырушы бактериялар бейнеленген таблица да көрсетіледі. Қандай қарапайымды жануарлар адамдарда ауру туғызады және бұл аурулардың алдын алауға болады.

Дизентериялық амеба бейнеленген сызба көрсетіледі. Безгек неден пайда болады және бұл аурудың алғашқы белгілері. Безгек ауруын қандай дәрілердің көмегімен емдейді.

Оқытушы оқушылардың жауаптарын қорытындылап: микроскоп арқылы безгек паразитун көруді ұсынады. Оқушылар безгек құрлысын белгілі қарапайымдылар құрлысымен салыстырады. (№5 сызба көрсетіледі). Осыдан сұрақ қойылады. Безгек паразит адам организіміне қалай енеді? Жауап: Маса шағуы арқылы.

Оқутышы мұндай масаның сау адамды қалай шағатындығы жайлы айту арқылы, жауап беруші оқушының ой - өрісін арттырады, қарапайым және безгек масасын бейнелеп сызба көрсетіліп, құрсақ орналасуына жеке көңіл белінеді.

Әр үстелге безгек масасының ылғалды препараты таратылып оның суретін салып алу тапсырылады. Таратылу материалдарымен жұмыс істеп болғаннан соң оқытушы келесі ТМД елдеріндегі безгек ауруымен күрес тақырыбын түсіндіруге көшеді.

Оқушылардың бұл тақырып жайлы не білетіндігін анықтау мақсатында сұрақ қойылады. Ұлы Қазан ревалюциясына дейін және қазіргі уақытта безгекке қарсы күрес қалай жүргізілуде.

2-3 оқушылар жауап бергеннен соң оқытушы безгек ауруын ревалюцияға дейінгі уақытта Орта Азия елдеріндегі таралуы және дін революююцияға дейінгі уақытта орта Азия елдеріндегі таралуы және діннің бұл ауру таралуын қалай түсіндірілген жайлы әңгімелейді. Бұрынғы уақытпен салыстыра келе, үкіметтің денсаулық сақтау жолындағы үлкен жұмысына, безгекке қарсы құрылымдар жүйесіне дәрігер - мамандар даярлайтын жоғарғы және орта медициналық оқу орындарының жете көңіл бөлінеді. Безгекке қарсы күрес екі бағытта жүргізілді. а) безгек массасын жою. Батпақты ойпақ жерлерді құрғату, қарп, гамбузия т.б. балық түрлерін, су қоймаларына қоныстандыру; б) ауруларды дәрі-дәрмектермен емдеу арқылы безгек паразитін жою. Безгек аурумен ауру оқиғалары саны құрт кемігенін дәлелдейтін статистикалық мәліметтерді көрсету ұсынылады. Әңгімелеп болғаннан соң оқу материалы мына сұрақтарды қою арқылы қорытылады: Безгек паразитінің және амебаның /немесе туфельканың/ көбеюнің айрмашылығы неде?

Қандай шаралар қолдану арқалы безгек ауру жойылды? Осы сұрақтарға жауап бергеннен соң оқушылар нозема споровигімен танысты. Нозема бейнеленген сызба көрсетіліп оқушыларға нозема мйебезгек паразитін салыстыру ұсынылады. Оқытушы петрин Кеңес үкіметі жылдары оған дейін болғаны жайды әңгімелейді. Гренат зауаттарының салынуы , таза жібек құртының ұрығы алынуына байланысты, бұл ауру толық жойылды:

Мына сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ қорытындылады. Қандай қарапайым жануарларды паразиттер деп қайсыларын паразит қожайындары деп атайды: Религия инфекциялық ауру таралуының шын мәніндегі себептері неде?

Біздің республикамызда қарапайымдылармен қандай күрес жүргізілді және жүргізілуде. Ұсынылған сұрақтардан оқытушы еркіне қарай 1-2 таңдап алынады.

Үй тапсырмасын орындау барысы түсіндіріледі.


Жалпақ құрттар типі.
Тақырыптың білімдік немесе тәрбиелік маңызы: Жалпақ құрттар типіне мыналар жатады. Түкті құрттар ақ планариді мысалға алу арқылы танысамыз. Сорғыштар класы /бауыр сорғышы/ жалпылама оқытылады. Лента құрттар класы /сиыр цепен /жабысқақ//. Құрттар ішек қуыстыларға қарағанда морфологиялық және анатомиялық құрылымы күрделі, екі жақты симметриялы, дамыған бұлшық ет, анық көрінетін органдар жүйесі және жыныстық көбею бұл типке тән құбылыс. Бұл ерекшеліктер жалпақ құрттардың органикалық дүниенің эволюциялық даму сатысындағы орнын анықтайды.

Көптеген жалпақ құрттар паразиттік түрде адам, жануарлар организімінде өмір сүреді. Олардың регенерацияда көрінетіндей, қоршаған ортаға бейімделуі қызық-ақ. Бұл тақырыпты өту барысында күрделі биологиялық түсініктер қалыптасып, қоғамдық және жеке гигиенаны сақтау қамтылады. Біздің еліміздегі денсаулық сақтау және медицина дамуы жайлы мәліметтерді қолдануға болады.

Бұл тақырып 4 сағат берілді.
Түкті құрттар

Мақсаты: Жалпақ құрттарға жалпылама сипаттама беріп бұл типтің, басым көпшілігі паразитті түрде өмір сүретіндігіне, құрлысы күрделігіне аса мән беру. Ақ планарид мысалға алу арқылы оларды ішек қуыстылармен салыстыра отырып морфологиялық, анатомия құрлымы күрделілігін көрсету. Жоспары: 1. Ішек қуыстылармен салыстыру арқылы қысқаша сипаттама беру.

2. Планаридің сыртқы сипаттымен танысу лупамен және дәптермен өз бетінше жүмыс істеу.

3. Планаридің сыртқы және ішкі құрлысы.

4. Тақырыпты қорытындылау. Планари құрлысын суретін дәптерге салу.

5. Үй тапсырмасын түсіндіру.

Құрал-жабдықтар;

1. Планари сыртқы, бауыр сорғышы, бұқа жабысқағы, қос жынысты өсімдіктер гүлі бейнеленген қабырға сызбалары.

2. Планари бейнеленген диапозитивтер.

3. Диопроектер.

4. Фиксаждалған немесе тірі планарилер.

5. Мектеп лупалары.

6. Препаровалданған инелер.

Сабақтың барысы: Оқытушы жаңа тақырыппен таныстырып, сызбаларды қолдану арқылы жалпақ құраттарды ішек қуыстылармен салыстыра отырып, олардың құрылысын күрделігіне жеке көңіл бөлу.

Салыстыру үшін мына сұрақтарға жауап береді: Ішек қуыстылар сипаты қандай? Ішек қуыстылар типіне көп түрлі түрлі болуы неліктен? Ішек қуыстылардың табиғатта, адам өміріндегі маңызы қандай? Ішек қуыстылар бейнеленген сызбаларды көрсету.

Оқушылар жауап бергеннен соң оқытушы: жалпақ құрттар паразитті түрде өмір сүретіндігіне және жануарлар мен адамда ауруы туғызатындығына жете мән бере отырып түсіндіреді. Бұл сұрақты талқылау барысында сорғыштар класынада тоқталып өткені дұрыс. Бұл класпен танысуға арнайы сағат бөлінбеген дегенмен оқушылар бұл жануарлар туралы жалпылама мағлұмат алуы тиіс. Жалпылама сипаттама беріп болғаннан кейін, оқытушы планаридің фиксаждалған препаратын лупа арқылы, оның дене тұрқына көңіл бөліп, жыланмен салыстыра отырып қалуды ұсынады. Оның ерекшеліктерін, түктерін, көзі арқылы бас жағын табуды тапсырады.

Тірі планаримен жүмыс істегенде, мұқият препаровалды инемен жануарды түртіп, оның қарсы реакциясына көңіл бөлінеді. /дененің жиырылуы нерв жүйесі мен бұлшық етін жақсы дамығанын көрсетеді/.

Оқушылар өз беттерінше жұмыс істеп болған соң мына сұрақтарға жауап береді. Планаридің су жыланмен салыстырғанда дене тұрқы қандай.

Планаридің сыртқы құрылысы қандай /Сызбаларды көрсету/. Тірі планаридің реакциясы нені көрсетеді.

Соңғы сұрақ тірі планармимен жұмыс істегенде қойылады, ал мұндай жұмыс істеу мүмкіндігі болмаған жағдайда оқытушы оларды түрткен кездегі реакциясын толықтырып, жалпылама түсіндіріледі.

Ішек құрылыстылардың радиалды симметриялы болып келетіндігіннен өзгеше бұл типтерге екі жақты симметриялы, шеңбер тәрізді бойлық бұлшық ет жүйесімен талшықты болу қасиеттері арқылы қозғалады.

Су жыланның бұлшық ет жүйесі планаридің ет жүйесімен салыстырып, түсіндіріледі.

Ары қарай организімін ішкі құрлысы және көбею процесі жайлы айтылады. Органдар жүйесі бейнеленген қабырға сызбаларын қолдану арқылы әр органдар жүйесі ішек қуыстылармен салыстырлып, ұқсастықтарымен күрделілігіне жете көңіл бөлінеді. Көбею процесін түсіндіру кезінде гермафродмтизм дей аталатын жаңа биологиалық терминге түсініктеме беріледі.

Сонымен қатар, тағы қандай оргонизмдерде қос жыныстылық құбылыс байқалғандығы еске түсіріледі, /гүл бейнеленген сызба қолданылады/.

Жаңа оқу материалы түсіндіріліп болғаннан соң, оқушылар дәптерлеріне органдар жүйесі суретін салады,, сурет салу үшін тақтаға Ақ планиридің ішкі құрлысы деп аталатын сызба ілінеді, оқушылар өз еріктерімен ас қорыту жүйесі туралы айтады.

Осыдан сон сызба суретін теріс қаратып, оқушылар естерінде сақтауы бойынша сурет салады.

Бұл жұмысты орындауға уақыт жетпеген жағдайда, жұмысты уақытша тоқтатып, келесі сабақта осы оқу материалы бойынша алған білімін тексеру кезінде немесе үйде орындауға болады.


Ленталы құрттар.
Мақсаты. Ленталық құрттар паразитті түрде өмір суруі мен құрылысы мен, бұқа жабысқағын мысалға ала отырып таныстру.

Жоспары:

1. Бұқа жабысқағы құрылысын планирдің құрылысымен салыстырып таныстыру.

2. Жалпақ паразит құрттардың қоректену ерекшеліктері.

3. Бұқа жабысқағынын дамуын және көбею.

4. Оқу материалын қорыту. Бұқа жабысқағы, кинофильмін көріп, оны талқылау.

5. Кішкентай жабысқақты лупа арқылы қарау.

6 .Үй тапсырмасын түсіндіру.

Құрал- жабдықтар.

1. Қабырға сызбалары ақ планари бұқа жабысқағы, бауыр сорғышы.

2. Бұқа жабысқағының ылғалды препараты.

3. Кішкентай жабысқақтың фиксаждалған препараты.

4. Мектеп лупалары.

Сабақтың барысы: Сабақтың бастапқы кезеңінде өтілген сабақтар жайлы айтылады. Мұндай еске түсіру кезінде оқытылып жатқан жануарларға тән эвалюциалық белгілерді айқындау мақсатында салыстырулар жүргізіледі. Оқушыларға сұрақ қойылады;

Ақ планари қай жерлерде кездесді және оның өмір сүруі. Жауап тыңдалғаннан кейін, оқытушы бұқа жабысқағы бейнеленген сызбасын және оның ылғалды препаратын көрсету арқылы оның өмір сүру ерекшеліктерімен таныстырады. Таныстыру барысында бұқа жабысқағынын неге бұлай аталатындығы айтылып, планаридің сыртқы құрлыстарынан оның айырмашылықтары көрсетіледі.

Ылғалды препарат саны жеткіліксіз болған жағдайда, оқытушы өзі ол препаратты әр партаға қойып өйткені препарат құртылуы мүмкін, оның басының кішкене болатындығына және соңғы, ортаңғы мөлшеріне көңіл бөлінеді. Препаратты бақылау барысында бас құрылысына, жабысқақты жалпы мөлшеріне бунақты мөлшерлері, дене тұрқына түсініктеме беріледі.

Ас қорыту механизіміне тоқталғанда олардан ас қорыту органдары болмайтындығы және олар дайын асты бүкіл денесімен соратындығы жайлы айтылады, Планаридің асқорыту жүйесі мен оның қызметі еске түсіріледі.

Бұқа жабысқаңдығы неге ас қорыту жүйесі болмайды. Бұқа жабысқағының дамуы сызбасын көрсету арқылы оқытушы жалпақ құрттардың дамуы мен көбею жайлы әңгімелейді. Бұл құрттардың жануарлар организімне ену жолдары /ірі қара малдарға/, личинкалардың пайда болуы және олардың таспа құрт личинкасына айналуы /финна/, бұлардың жануар бұлшық еттерінде орнығып, финозды ет арқылы адам организіміне енуі туралы айтылады. Осыдан кейін ақ планариді көбеюі еске түсіріліп, бұқа жабысқағының көбеюімен салыстырылады. Оқушылардың жауабынан кейін, оқытушы, басқа да жалпақ құрттарға тоқталып ит, мысық сияқты үй жануарларында кездесетін кішкене жабысқақты лупа арқылы қарауды ұсынады. Сонан соң жануарлармен қатынас жасау кезіндегі қоғамдық және жеке гигиенаны сақтау маңыздылығына жете мән беріледі.



Мына сұраққа жауап беру ұсынылады: өз организіміңді, әр түрлі паразит - құрттарды жұғуынан қалай сақтауға болады.

Оқу материалын қорытындылау барысында, халық денсаулығын қорғау мақсатындағы үкімет қамқорлығына аса мән беріледі/ жануарлар тек мемлекеттік қасапханаларда сойылады, ет комбинаттары мен сауда жүйесіндегі санитарлық қызмет және т.б./. Бұл түсіндіру кезінде Қазақстан Республикасы Конституиция материалдары қолданылады.


Дөңгелек құрттар типі.
Тақырыпты білімдік және тәрбиелік маңызы: Бұл тақырыпты оқуға, алдынғы тақырыптағыдай 2 сағат бөлінеді. Бірінші сабақта аскарида, оның өмір сүруі, құрылысы, көбеюі жайлы айтылады. Екінші сабақта оқушылар дөңгелек құрттардың әр түрімен танысады. Бағдарлама ұсынған бұл тип өкілдерінен басқа, риштагаға тоқталып өткен жөн. Өйткені бұл құрт революцияға дейінгі кезеңде Түркістан өңірі тұрғындарында ауру тудырып, тек Кеңес үкіметі кезінде дәрігерлердің жүйелі жұмыстары арқасында ғана толық жойылды. Бұл тип өкілдерінің басын көпшілігі өсімдік, жануарлар және адам паразиттері болып табылатындықтан бұл тақырыптың тәрбиелік мәні зор. Тақырыпты меңгеру барысында дөңгелек құрттардың сыртқы құрылысы мен паразитті түрде бөлініп өмір сүретіндігі мен оқушылардың танысуы, олардың жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауын қалыптастырады. Бұл оқу материалы өтілген тақырыптары мен тығыз байланысты болғандықтан, типтер ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып түсіндіру қажет.
Адам аскаридасы.
Мақсаты: Дөңгелек құрттар типіне, адам аскаридасын мысалға ала отырып қысқаша сипаттама беру. Бұл тип өкілдерінің ортақ белгілеріне мән беріп, организімін қызмет атқаруын, құрылысын, көбеюін және паразитті түрде өмір сүруін түсіндіру.

Жоспар: 1. Жалпақ паразит құрттармен салыстыру арқылы бұл типке қысқаша сипаттама беру.

2. Аскарида кинофильмін көріп бөгеннен сон, бұлармен өтілген құрттар арасындағы ұқсастықтары мен ерекшеіктерін салыстыру.

3. Ылғалды препаттармен өз бетінше жұмыс істеу.

Құрал жабдықтар:

1 Жалпақ және дөңгелек құрттар бейнеленген.

2. Аскариданың ылғалды препараттары.

Сабақтың барысы: оқытушы сызбалар мен сұйық ылғалды препараттары қолданып типке қысқаша түсніктеме берді. Жалпақ құрттар типін еске түсіріп, оған сипаттама беруге болады, осыдан кейін фильм керсетіліп; мына сұрақтар талқыланады. Аскариданың сыртқы құрлысы ерекшеліктері қандай. Сыртқы белгілері бойынша ұрғашы мен еркегі қалай ажыратылады. Ауыз құрлысынын ерекшеліктері қандай. Аскарида қандай бұлшық еттері көмегімен және қалай қозғалады. Аскариданың қоректенуінің жабысқақ қоректенуінен айырмашылығы неде. Аскариданың даму және көбею жолдарын, жабысқақ дамуы мен көбеюінен айырмашылығы. Аскариданың адам организіміне тигізетін зияны қандай және оның қалай алдын-алуға болады. Бұл сұрақтарға жауап берлгеннен соң, әр столға ылғалды препараттар таратылады, оқушылар өзбеттерінше жұмыс істейді. Препарат жеткіліксіз мөлшерде болған жағдайда, оқытушы сыныпты аралап, көрсетеді. Ылғалды препаратты қарау оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдерін жетілдіреді, қорытындылайды. Уақыт жеткілікті болған жағдайда, оқушылар дәптерлеріне тип суретін салады.


Паразит құрттар түрлері.
Мақсаты: Паразит құрттар түрлері мен олардың адамдарға, жануарларға және өсімдіктерге тигізетін зианы туралы айтылады. Паразит-құрттармен курс жүргізудегі еліміздің гельминтологиясы жетістіктеріне және ауру жұқтырудың алдын-алу іс-шараларына тоқталып өткен дұрыс. Түсіндіру барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық сақтау қамқорлығына мән беріледі.

Жоспар:


1. Паразит құрттар түрлері. Фильм фрагменттері мен диопазиттер көрсету арқылы паразит-құрттар түрлері жайлы әңгімелеу.

2. Паразит құрттарды жүқтырудаң алдын-алу іс-шаралары және оның маңызы.

3. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласы дамуының көріністері ретінде, қазақ гельминталогиясы.

Құрал-жабдықтар:

1. Паразит құрттар салынған қабырға сызбалары.

2. «Аскарида және шошқа жабысқағы» кино фильмдері.

3. Мектептің биология кабинетіндегі сұйық аскарида, жабысқақ эхинококк, финозды ет және т.б. сұйық ылғалды препараттар.



Сабақтың барысы: Өтілген өту материалдарындағы паразит - құрттардың құрылысы, өмір сүру, адам жануар организмдеріне енуі және олар тудыратын аурудың алдын-алу іс-шаралары еске түсіріледі

Сыныпқа қойылатын сұрақтар:

1 Жабысқақ паразит құрттарды атаңыздар және олардың адам организміне ену жолдары

2 Жабысқақ қалай көбейді және дамуы.

Жауап тыңдалғаннан соң, оқытушы оқушыларға бейтаныс шошқа жабысқағы жалпақ лентец, эхинокок сияқты ленталы құрттар; олардың адам организміне ену және ауру тудыратындығы жайлы, кинофрагменттер мен диопозитивтерді, ылғалды препараттарды қолдана отырып әңгімелейді.

Осыдан кейін оқушыларға дөнгелек паразит-құрттарды атау тапсырылады. Оқушылар жауабынан - сон, сызбалар ілінеді. Көрсетуден соң балалар острицасы ришта т.б. гельминталар жайлы айта келе, олардың өмір сүруінің басты құралына ( ілмек, сорғыш), тез көбеюіне жете көңіл бөледі. Жоспардың келесі тармағы, паразит-құрттардың адам организіміне енудің алдын-алу іс-шаралары айтылады. Оқытушы өндірістегі, тұрмыстағы профилактика, отандық гельмитолог ғалымдардын жетістіктері, паразит-құрттар тудырған ауру түрлерінін жойылуы туралы айту арқылы оқушылардың жауабын толықтырады. Сызбалар сұйық препараттар, академик К.И.Скрябиннің портреті көрсетілген. Әнгімелесу барысында оқытушы ғана емес оқушыларды да әңгімеге тарту ұсынылады.

Үй тапсырмасын түсіндыру кезінде, дөнгелек құрттар жайлы барлық материаядар қайталанылады.


Шығыршық құрттар типі.
Тақырыптың білімдік және тәрбиелік маңызы: құрттардың жалпақ және дөңгелек құрттардан айырмашылығы, олар адам жануар және өсімдік паразиттері болып саналмайды. Құрғақта (жауын құрты) және өсімдік паразиттері болып саналмайды. Құрғақта \жауын құрты\ және суда \нереида\ организммен нақты қатынас жасамай-ақ, өз бетінше өмір сүреді. Олар да күрделі де сан түрлі ортада өмір сүруіне байланысты ішкі және сыртқы сипаттағы бейімділіктер қалыптасқан.

Бұл жануарлардың айқын көрінетін органдар жүйесі және осы органдар байланысын қамтамасыз ететін қаны бар. Бүкіл организмнің қызметіне үйлестіретін, іс-әрекетін бағыттайтын нерв жүйесі де жетілген. Қысқаша айтқанда, шығыршық құрттар өткен тақырыптардағы жануарлармен салыстырғанда даму саласының жоғарғы баспалдағында тұр.


Жауын құрты
Орта Азия сазды топырағын қопсытып, оны оттегімен, қарашірікпен камтамасыз етілуіне пайдасын тигізеді.

Сонымен катар өтілген құрттардан өзгешілігі шығыршық құрттар Көптеген жануарлардың азықтану қоры болып табылады. Міне бұл айтылған шығыршық құрттар ерекшеліктері тақарыпты оқу-тәрбиелік маңызын айқындайды. Бұл тақырыпқа 3 сағат бөлінген. Бұл оқу құралында сабақтың екі сағатына әдістемелік өңдеу берілген.

Шығыршық құрттар типіне сипаттама. Жауын құрт аз қылшықтылар өкілі.

Мақсаты: Типке жалпылама түрде сипаттама беру. Олардың сыртқы құрылыстары ерекшеліктерін сыртқы орта тітіркендіргіштеріне қарсы реакциясын қозғалу әдісін және өмір сүру ортасын түсіндіру.

Жоспар: 1. Жауын құрттардың, жалпақ және дөңгелек құрттармен салыстыра отырып, оның өзгешеліктері мен ортақ белгілеріне анықтама беру.

2. Жауын құртының қозғалу әдісі мен әртүрлі тітіргендіргіштерге қарсы реакциясына анықтама беру.

3. Шығыршық құрттар типіне қысқаша сипаттама беру.

4. Жаңа материалдарды қорыту.

5. Үй тапсырмасын түсіндіру.



Құрал - жабдықтар: 1. Жалпақ және дөңгелек құрттардың ылғалды препараттар. Сызбалар.

2. Жауын құрттарын, тарату материалы ретінде әр үстелге тарату.

3. Лупалар:

4. Пинценттер, тірі жауын құрты салынған Петр чашкалары.



Сабақтың барысы:

Оқытушы жаңа тақырыпты оқу мақсатын қысқаша түсіндіріп, жауын құртын қарауды ұсынады. Бұл құрттың, жалпақ және дөңгелек құрттардан айырмашылығына, мән беріп, мына сұрақтарға оқытушы жауап береді. Жауын құрттары қандай ортада өмір сүреді. Жауын құрттардың жалпақ және дөңгелек құрттардан айырмашылығы, ұқсастықтары қандай?

Олардың өмір сүруімен ортасы немен ерекшеленеді. Сұрақтар жауабын оқушылар дәптерлеріне жазып алу үшін, оқытушы жауаптарды айтып оқып тұрады, немесе алдын-ала арнайы қағазға тушьпен жазылған жауаптар тақтаға ілінеді.

Әр үстелге жауын құрты салынған ыдыстар /Петр чашкасы/, қысқыш пинценттер және лупалар таратылады. Сабақ басында жалпақ және дөңгелек құрттар бейнелеген, ал осы жануарлардың ылғалды перепараттар мөлшері жеткілікті болған жағдайда тарату материалы ретінде қолдалынады. Өз бетінше жұмыс істеу уақыты белгінеді. Бұл жұмыс барысында оқытушы, оқушыларға көмек көрсетіп, сыныптың жалпы тәртібін қадағалайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін 5-8 оқушы қойылған сұрақтарға жауап береді. Түсіндіру барысында, олардың жауын құртын бақылау кезінде туындаған сұрақтарына жауап беріледі. Оқытушы оқушыларға, жауын құртының қозғалысына қарап оның бас жағын және оның тер қабатын саусақпен жүргізу арқылы қылшығын анықтауды ұсынады. Оқытушы жауын құрты осы қылшықтары бойынша аз қылшықтылар қатарына жатады.

Үлкен мөлшерде жауын құрты бейнеленген сызба көрсетіледі. Оқушыларға жауын құртын пинцетпен түрту арқылы оның реакциясын, оның қозғалуын, көру мөлшері мен жарыққа қарсы реакциясын анықтау тапсырылады. Бұл тапсырманы орындау барысында, жауын құртын түрткен кездегі оның бойлық және шеңбер тәрізді бұлшық етінің жиырылуын арнайы қору мүшесінің болмайтындығы, бірақ жарық тітіркендіргішке қарсы реакциясы/ жарық жерден жауын құрты ығысуға тырысады/ анықталады.

Жауын құртын бақылап болғаннан соң, оқушылар өз беттерінше олардың сыртқы құрылыс, қозғалуы, қоршаған ортадағы бағыттарға жайлы, жалпақ және дөңгелек құрттармен салыстыра отырып, қортынды жасайды. Оқушыларға өздерінің өмірлік - тәжірибелеріне сүйене отырып, жауын құртының табиғаттағы алатын орны мен маңыздылығын айтуды тапсырады. Оқытушы, оқушылардың шығыршық құрттарды байқаудан алған білімдерін қолдана отырып, бұл типтін әр түрлері және олардың табиғаттағы ролі жайлы әңгімелейді /аз қылшықтылар өкілі ретінде нереида бейлененген қабырға сызбалары көрсетіледі/.

Тақырыпты қайталау және қорыту мақсатында мына сұрақтар қойылады. Жауын құрты сыртқы құрылыстары ерекшеліктері қандай? Жауын құрты қоршаған ортада қалай бағытталады. Шығыршық құртар типіне қысқаша сипаттама беріңіздер.

Тақырыпты қортындылап болғаннан соң үй тапсырмасы түсіндіріледі, және жауын құрттарды табиғатта бақылап тұру тапсырылады. Мына сұраққа жауап беру тапсырылады; жауын құртының былай аталу себебі неде?



Жауын құртының ішкі құрлысы.

Сабақтың мақсаты: Жауын құртының ішкі құрлысын өткенде, ішкі қуыстармен салыстырғанда оның біршама күрделі екендігін көрсету.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал-жабдықтар: Суретпен бейнеленген құралдар. Жауын құртының ішкі құрылысы бейнеленген таблица.

Сабақтың барысы: мұғалім алдынғы сабақтардағы қойылған тәжірибені демонстрациялайды және оқушыларға мына сұраққа жауап беруді ұсынады:

Бірінші және екінші банкадағы қара топырақ пен құм қабаттарының, бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? Одан кейін оқушылар өздерінің бақылағандарын баяндап береді де, қортынды жасайды.

Мұғалім таблица мен кітаптың суретін пайдалана отырып жауын құртының ішкі құрлысын баяндайды, құрттың тері, бұлшық ет қапшығы мен дене қуысы жайында түсінік береді, тақтаға схема түріндегі суретін салды. Сондай-ақ тері-бұлшық ет қапшығы сұйықтыққа толған дене қуысын, онда орналасқан ішкі органдармен қоса, қоршап жататынын түсіндіру қажет. Мұғалім оқушылардың назарын құрттып сыртқы буылтықтар аралығындағы сайлауға тура келетін көлденең орналасқан ішкі перделерге және олардың денелері айқын екі жақты симметриялы екеніне, денесінің сегменттерге бөлінгеніне аударады. Перделерді тузетін клеткалар үшінші қабат-мезадерманы құрайды. Ол дене қуысының ішкі жағын астарлап жатады, ас қорыту системасын орай отырып, тері бүлшық ет ішкі жағынан жауып жатады.



Ас қорыту органдары: Мұғалім оқушыларға жауын құртының қалай қоректенетінің гидра қорегінің қайда және қалай қорытылатынын естеріне түсіруді ұсынады. Осыдан кейін мұғалім жауын құртын қорегі гидрадан өзгеше, тканьдерден тұратын ас қорыту органдарында қортылатынын атап көрсетеді. Мұғалім таблицадан құрттың ас қорыту органдары мен астың біртіндеп қозғауын көрсетеді де, оқушылардың назарын оның өзгеріп ішек қабырғасы арқылы қанға сіңе алатындай қоректік заттар түзетіндігіне аударады. Ол ас қорыту огандары /ауыз, жүтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, ішек/ бегілі жүйемен — системамен орналасқанын бұлардың бәрі бір жұмыс атқаратын және ас қорыту системасын құрайтынын атап көрсетеді. Оқушыларға жауын құрты ас қорытуының гидраның ас қорыту процесінен қандай айырмасы бар? - деген сұраққа жауап беруді ұсынады.

Қан айналу органдарды және тыныс алу процесі

Бұдан бұрын өткен жәндіктерден жауын құртының өзгешелігі тамырда ағатын /қызыл түсті/ қанын болатынын айтады,

Мұғалім баяндай және таблицаны көрсете отырып, тақтаға қан айналуының схема түрдегі: арқа қан тамыры, құрсақ қан тамыры, сақиналы тамырлар - жүрек суретін салады. Бұл қан тамырларынан басқа ұсақтау жанама тамырлар болады, оның өзі өте майда капиллярға тарамдалып кетеді. Барлық қан тамырлары ашық қан системасын құрайды. Жауын құртының сыртқы құрылысын өткенде оқушылар жауын құрттары бүкіл денесімен терісі арқылы тыныс алатынын білетін болады. Енді мұғалім тыныс алудағы қанның маңызын баяндайды және гадра мен жауын құртының тыныс алу процестеріндегі айырмашылықты көрсетеді.

Зәр шығару системасы: Мұғалім оқушыларға мынандай: қарапайымдар денесінен зиянды заттар қалай шығаралады? - деген сұраққа жауап беруді ұсынады. Жауын құрты зиянды сұйық заттарды білулері қажет. Зәр шығару түтіктері зор системасын құрайды.

Нерв систамасы: Мұғалім оқушыларға гидра нерв системасынын құрлысын және оның маңызын естеріне түсіріп, рефлекс дегеніміз не - деген сұрақа жауап беріндер де мысал келтіріндер. Осыдан кейін оқушылар өткен сабақта, құрттын мінез - қылығын бақылау мақсатында жасаған тәжірибелерін естеріне түсірді. Мұғалім мұнда жауын құртыңда алуан түрлі рефлекс байқалатынын, оның мінез - қылығын, гидраныкіне қарағанда, күрделілеу екенін айтады. Түсіндіру барысында мұғалім жауын құртының нерв системасын таблицадан көрсетеді және схема түрінде оны тақтаға салады. Бұл жерде жауын құртының нерв системасын жақсы жететіндігін көрсете отырып, онын орталық органы жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ нерв тізбегі болатынын, олардан жанама нервтер таралып, олардың ұштары құрт денесінін барлық жеріне дейін жететінін айту керек. Бұдан әрі мұғалім схема түріндегі сурет арқылы қозу жолдарын көрсетеді мұнда ол қандай тітіркену болса да нерв арқылы нерв тізбегіне өтіп одан басқа нервтер арқылы бұлшық етке өтіп оның жиырлуын тудыратынын түсіндіреді. Құрт денесі алдынғы ұшынан ғалымдар ерекше сезімтал клеткалардың болатынын тапқан. Органдардың бүкіл қызметін реттестіру, сыртқы ортамен байланыс жасау нерв системасы арқылы жүзеге асырады.

Көбею: Құрттың көбеюі құрылысы жайында баяндай отырып, мұғалім олардың орналасуын таблицадан көрсетеді; белбеушенің роліне назар аударады; құрттың дамуы да ішек қуыстылардікіндей бір клеткадан-ұрықтанған жұмыртқадан басталатынын айтады; одан кейін жұмыртқа беліне келе қос қабаттан тұратын ұрыққа айналады.

Оқушылардың назарын құрт денесіндегі ұрықтың көп қабаты болатындығына және азды-көпті дамыған органдары мен тері-бұлшық ет қапшығы сопақша пішінді болатындығына аударған жөн. Жауын құрттының: ас қорыту, қан айналу, зәр шығару нерв және жыныс органдар системалары болатынын айтады. Бұл системаның органдары клеткалардан тұрады. Клеткалар өзара топталып тканьдер түзеді. Оқушылар құрылысы да атқаратын қызметі де бірдей, өзара жанасып жатқан клеткалар тобын ткань деп айтатынын өздері түсініп алулары керек. Жауын құртында: жабын ткані, нерв ткані және басқа да тканьдері болады.

Регенерация: Мұғалім сыныпқа: біз оқып өткендердің ішінде регенерация құбылысы қай жэндіктерде байқалған еді-деген сұрақ қояды. Қайтарылған жауаптан соң ол жауын құртының регенерация құбылысы жайында баяндап, жәндіктің өзі үшін мұның қандай маңызы бар екенін түсіндіреді: кездейсоқ жарақаттанудан жәндік өлмейді.


Маллюскалар типі.
Оқу-тәрбиелік міндеттері: Оқушылар жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі жайындағы ұғымдары кеңейте түсу, оларды маллюскалар типіне жататын жануарлардың ерекшеліктерімен таныстыру. Маллюскалар мен құрттардан туыстық байланыстарын табу олардың жалпы ортақ тектен шыққандығын дәлелі екендігі. Шаруашылық саласындағы адам қызметі үшін маллюскалардың маңызын айқындау.

Биологиялық ұғымдары:

Эволюция туралы систематика туралы ұғымдарды қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.


Жүзім ұлуы немесе тоспа ұлуы және жалаңаш шырыш
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бауыр аяқты маллюскалардың өздеріне тән ерекшеліктерімен таныстыру.

Методтары: Баяндау, әнгіме. Өздігінен істелетін жұмыстар.

Құрал-жабдықтар;

Табиғи құралдар, Тірі обьект-жүзім ұлуы /немесе тоспа ұлуы/, жалаңаш шырыш. Бауыр аяқты маллюсқалардың бақалшақтарының жиынтығы. Суретпен бейнеленген құралдар. Маллюскалар типінің өкілдері бейнеленген таблица. Шыны пластанкалар, сапталған инелер, ұсақтап кесілген сәбіз.



Сабақтың барысы

Оқушыларға мұғалім құрттардың өдеріне тән ерекшеліктерін және құрттардың типтерін атауды ұсынады. Осымен қатар мұғалім оқушыларға маллюскалардың мекен ететін жерлері жайында түсіндіреді. Олар жалпы маллюскаларға тән белгілерді әр түрлі пішінді және әр көлемдегі сыртқы бақалшақтарының болуын, бақалшақтың ішінде жұмысқа денесінің болуы, осыдан оларды екінші аты былқылдақ денелер деп аталуын, қимылдау органы аяғының болуын ескертіп өтеді.

Таратып беретін материялдармен жұмыс істеу. Тұщы суларда кездесетін бауыр аяқты маллюскалардан бос бақалшықтарын шалшық ұлуы, тоспа ұлу, қошқар мүйіз оқушылар столдарына таратып берді оқушылар осы жәнтіктердің барлығына не ортақ бақалшақ пішіні қандай болады?

Олар қайда тіршілік етеді?-деген сұрақтарға жауап қайтарулары керек.

Содан кейін мұғалім таблицадан жүзім ұлуын және оның спиралына жирылатын бақалшағын көрсетеді. Бақалшық заттары қалай түзелетінін түсіндірді; маллюска денесінің құрлысын баяндап берді.

Мұнда моллюсканың қимыл органы - аяғы - денесінің бауыр жақ құрсақ жақ бөлігі болып көбінесе тоспа ұлуында, шалшық ұлуында, қошқар мүйізіде табан пішіндес болып келетінін айтады.

Бұл бауыр аяқтылар кластарының - өкілдеріне тән сипат. Осыдан соң мұғалім маллюсканың басындағы органдары; қармалауыштары, көздері, ауыз тесігі жайында баяндайды. Тыныс алу процесі жайында баяндағанда ұлудың құрлықтағы түрлері жүзім ұлуы және бақ ұлуы/ мен суда мекендейтін/ тоспа руы, қошқар мүйіз/ өкпесі мен тыныс алатынын, алайда желбезегі мен тыныс алатын моллюска да бар мысалы/ шалшық ұлуы/ екенін айтады.

Бауыр аяқты маллюскалардын көпшілігі уылдырықтар арқылы көбейеді, дегенмен тірі туатындары да бар /мысалы шалшық ұлуы/.

Өздігінен істелетін жұмыстар: Өздігінен істелетін жұмысқа даярлық. Оқушылардың столдарын шыны пластинканын бетіндегі жүзім ұлуларын таратып береді. /Жүзім ұлуларын таратып беруден 1 -2 минут бұрын жылы суға салып алу қажет/.

Сабақтың қорытынды бөлімі: Мұғалім оқушыларға бауыр аяқты маллюскалардың өкілдерін және олардың өздеріне тән ерекшеліктерін атап шығуды ұсынады.

Үйге тапсырма беру: Жалаңаш жыртқыш күндіз емес, түнде әрекетшіл болуы неліктен екендігіне/ яғни жемін түнде аулау/ жауап беру.


Тіссіз- қос жақтаулы маллюскалардың өкілі.

Бас аяқты маллюскалар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қос жақтаулы және бас аяқты маллюскалардың өздеріне тән ерекшеліктерімен таныстыру бауыр аяқтылармен ұқсастықтары және олардың айырмашылықтарын белгілеу. Маллюскаларға жалпы сипаттама беру.

Методтары: Баяндау, әңгіме, өздігінен істелетін жұмыс.

Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар. Тіссіздердің бақалшақ жақтаулары; Ашылған күйіндегі дәріленген тіссіз. Суретпен бейнеленген құралдар.

Тіссіздің ішкі сыртқы құрлысын бейнелейтін құралдар ұлуының, сегіз аяқтың, каракатицаның, кальмардың қолдан жасалған таблицалары, Қосымша құрал-жабдықтар: Ванналар, сапталған инелер, лупалар.

Сабақтың барысы: Мұғалімнің столында бауыр аяқты ұлыудың бақалшақтары жатады.

Мұғалім оқушыға шалшық ұлуын, трспа ұлуын, қошқар мүйізді тауып оларды әр қайсысын өздеріне тән ерекшеліктерін айтып беруді ұсынады.

Басқа бір оқушыға жалаңаш шырыш жайында айтып беруді және неге бауыр аяқты малюскаларға жататынын түсіндіруді ұсынады. Бүкіл сыныпқа: бауыр аяқты молюскалардың қайсысы мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді және олармен күресудің қандай шаралары деген сұрақ беріледі.

Жаңа материалды: Мұғалім тіссізіді, перловицаны және басқа қос жақтаулы малюскаларды демонстрациялайды.

Оқушылар: бұл маллюскалардың қандай айырмашылықтары бар?- деген сұраққа жауап береді.

Мұғалім бақалшағы екі жақтаудан тұратын маллюскалардың барлығы қос жақтаулы маллюскаларға жататынын, барлық қос жақтаулы маллюскалар су жәндіктері екенін түсіндіреді. Тіссіздің мекені және тіршілік қалыбы жайында ашып айтып береді.

Сабақтың қорытынды бөлімі:

Оқушылар маллюскалар типтің жалпы белгілерін: мантиясын, бақалшағын денесінің бөлімдерге белшетінін, оған тән екенін және оның өзі қозғалу органы екенін аралап айтатын болады. Сонда кейін мұғалім бауыр аяқты маллюскалардың жұмыртқалардан теңіздегі буылттық құрттардың дамуымен көп ұқсастықтары болатынын баяндап береді. Бұл ұқсастық маллюскалар мен құрттардың алғашқы даму сатыларында болады. Ол маллюскалар мен сигментке бөлінген буылтық құрттардың арасында туыстық байланыс бар емес пе және бұл типтердің тегі бір емес пе екен деп жорамалдауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге мұғалім, құрттарға қарағанда, маллюскалар дамуын жағарға сатысында тұратынын, оларда жүрек бүйрек, арнайы тыныс органы, әжептеуір күрделі нерв системасы мен сезім органдары бар екенін атап көрсетеді.

Үйге тапсырма беру: маллюскалар типінің өздеріне тән ерекшеліктерін дәптерге жазып келу. Қосымша әдибетті оқу. Мына төмендегі: өлген тіссіздің бақалшақ жақтаулары леніктен ашылып жатады. Ішек қуыстылар және буылтық құрттармен салыстырганда маллюскаларды қай белгілеріне қарап құрылысы жағынан, күрделі организмдер деп санауымыз мүмкін деген сұрауларға жауап беру.


Буын аяқтылар
Оқу-тәрбиелік міндеттер:

Жануарлар дениесінің көп түрлілігі жайында: оқушылардың ұғымын кеңейте түсу оларға буын аяқтылардың ең көп тараған алуан түрлі болып келетін жәндіктер тобы екенін көрсету.

Буын аяқтыларды бултық құрттармен салыстыру арқылы олардың арасындағы ұқсастық және айырмашылықтарын белгілей отырып буын аяқтылардың ертедегі көп қылшықты құрттардан шыққандығын дәлелдеу және екіншісінікімен салыстылардың жеке формалырын өткенде тұтас алғанда организмінде әр түрлі органдардың пішіні және атқаратын қызметі бір-біріне бағыныңқы болып келетінін көрнекі мысалдар арқылы көрсету.

Әр түрлі тіршілік жағдайына огганизмдердің бейімділік құбылысын оқушыларға нақтылы мысалдармен ашып көрсетіп, оның салыстырмалы екенін атап айту.

Буын аяқтылардың тіршілік ету биологиясын оқып үйрену негізінде егіс түсімін арттырып адам денсаулығын сақтаудағы ғылым мен практиканың өзара байланысын көрсету, пайдалы буын аяқтылардың өсіруге қолайлы жағдай жасау. Зиянды насекомдар көбейіп кетуінін табиғи себептерге байналанысты екенін оқушыларға түсіндіріп осы мәселе жайындағы әр түрлі діни нанымдарды жоққа шығару.

Өзен шаянының сыртқы құрылысымен тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың буын аяқтылар типіне жататын жәндіктердің өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру. Өзен шаянын мысалға ала отырып, шаян тәрізділер класынан сыртқы құрылысындағы белгілерді анықтау.

Методтары: Баяндау, Әңгіме, өздігінен істелетін жұмыс.

Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар, аквариумдағы тірі өзен шаяны. Өзен шаянынын препараттары. Суретпен бейнеленген құралдар. Буын аяқтылар типіне жататын жәндіктен бейнеленген таблицалар.

Сабақтың барысы: Мұғалімнің буын аяқтылар типі жайындағы кіріспе әңгімесімен баяндау. Мұғалім оқушыларға оқылып өткен жәндіктер типін түгел атап оларды өздеріне тән ерекшеліктерін ажыратуды ұсынады, содан кейін оларға енді жәндіктердің жана типін-буын аяқтылар типін өтетінін айтады. Мұғалім буын аяқтылар типін класстарға бөлінетінін, ал класстардың өзі жәндіктердің одан кішілеу топтарына-отрядтарға бөлінетінін баяндайды. Оқушылар буын аяқтылардың негізгі класстары мен отрядтарын оқитын болады.



Осыдан соң мұғалім буын аяқтыларды құрылысы күрделі жоғары сатыдағы және өте алуан түрлі болып келетін, теңіздерді де, тұщы суларды да, сондай-ақ барлық құрлықтың кез келген жерлерін мекендейтін әр түрлі тіршілік жағдайына бейімделген жәндіктер екенін айтады. Мұғалім оқушыларға буын аяқтылардың қандай ерекшеліктері олардың әр түрлі тіршілік жағдайына бейімделулеріне және осыған орай бұл топтағы жәндіктердің кеңінен таралуына сөйтіп олардың негізінен құрлықта иемденуіне нендей себеп болғанын ойлануды ұсынады. Оқушылардың берген жауаптарынан кейін мұғалім сыныпқа қарап жауын құртының денесі немен жабылғанын және бұл жабынның қандай ерекшеліктері бар екенін естеріне түсіндіріп айтып беруді сұрайды. Мұғалім буын аяқтылардың құрттардан айырмашылығы, денесі хитинмен жабылған деген қортынды жасайды.

Хитин қабығы мықты болады да суды аз өткізіеді, ылғалды буландырады. Бұл типке жататын жәндіктердің аяқтары бунақты болып келеді де, осыдан типтін аты - «буын аяқтылар» деп аталған.

Өзен шаянының сыртқы құрлысын оқып үйренуде оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Оқушыларға жаңа ғана өлтірілген немесе дәріге салынған шаянды және бақылауға қажетті жазба нұсқауды таратып береді.



Мақсаты: Шаянның сыртқы құрылысын қарап шығып, олардың құрылысындағы өзендерше тән ерекшеліктерін және онын судағы тіршілік жағдайына сай екендігін табу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет