№10- дәріс Дәріс тақырыбы: Химиялық байланыс. Коваленттік байланыс



бет2/7
Дата19.01.2023
өлшемі52,46 Kb.
#165880
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дарис № химиялык байланыс
ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОНЫ ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫ
Байланыс энергиясы - бұл байланысты үзуге жұмсалатын энергия. Байланыс энергиясы химиялық байланыстың беріктігін көрсетеді. Байланыс энергиясы көбейген сайын химиялық байланыстың беріктігі арта береді. Екі атомды молекулалар үшін байланыс энергиясы диссоциациялану энергиясына тең. Мысалы: F2 үшін 159 кДж/моль; N2 - 940 кДж/моль.
Көп атомды молекула үшін, мысалы: Н2О = 2H + O, Н _ О _ Н
орташа байланыс энергиясы ЕО_Н=D/2 = 924/2 = 462 кДж/моль
Диссоциациялану энергиясы байланыс санына бөлінеді.
Периодтық системада байланыс энергиясы жоғарыдан төмен қарай азаяды.
Байланыс ұзындығы деп байланысқан атомдардың ядроларының арасындағы қашықтықты айтады.
d A-B = 1/2 ( d A-A + d AВ -B)
dA-B - байланыс ұзындығы - А және В атомдарының арасындағы қашықтық
d A-A - А 2 молекуласындағы 2А атомдарының арасындағы қашықтық.
dВ-B2 dВ-B2 молекуласындағы 2В атомдарының арасындағы қашықтық.

Химиялық байланыстың түрлері


Химиялық байланыстың негізгі түрлері: коваленттік, иондық, металдық, сутектік, донорлы – акцепторлы.



  1. Коваленттік байланыс. Бірдей атомдар және химиялық қасиеттері ұқсас – атомдар ковалентті байланыс түзеді. Ковалентті байланыс полюссіз және полюсті болып екі топқа бөлінеді. Полюссіз ковалентті байланыс. Бірдей элементтің атомдары полюссіз химиялық байланысты молекулалар түзеді. Мысалы: F2 молекуласының түзілу схемасын қарастырайық:

. . . . . . . .
. + . Ғ:  :Ғ : Ғ:
. . . . . . . .
Молекула түзу үшін фтордың әрбір атомы бір электроннан ортақ пайдалануға жұмсайды. Осының нәтижесінде түзілген жұп электрон екі ядроны бірдей айналып жүреді. Фтор молекуласындағы химиялық байланыс бір жұп электрон арқылы түзіледі.
Сонымен фтор молекуласының әрбір атомының сыртқы деңгейінде нақтылығын 8 е- - ны бар қабат түзіледі, оның екі электроны екі атомға да ортақ болады. Молекуладағы атомдар бір жүк электрон арқылы байланысып оны дара байланыс дейді. F2 молекуласы дара байланыс арқылы түзілген.
Оттек молекуласын түзуге оның әр атомы екі дара электрон жұмсайды. Сонымен оттек молекуласындағы атомдардың арасында екі қос электрондың химиялық байланыс түзіледі.
. . . . . . . .
.О . + . О.  О :: О
. . . . . . . .
Мұндай екі жұп электроннан тұратын химиялық байланысты қос байланысы деп атайды.
Азот молекуласы түзілу үшін оның әрбір атомы үш дара электроннан жұмсайды. Үш жұп электроннан тұратын байланысты үш байланыс дейді.
. . .
:N . + . N:  :N : N:
. .
Екі атомнан бірдей қашықтықта орналасқан қос электрондар арқылы түзілген химиялық байланысты полюссіз ковалентті байланыс дейді, ал осындай байланыс арқылы түзілген молекулаларды ковалентті (полюссіз) молекулалар дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет