№10- дәріс Дәріс тақырыбы: Химиялық байланыс. Коваленттік байланыс



бет5/7
Дата19.01.2023
өлшемі52,46 Kb.
#165880
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дарис № химиялык байланыс
ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОНЫ ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫ
Иондық байланыстың қасиеттері
Иондық байланыс қанықпаған және бағытталмаған байланыс.
Иондық байланыстың қанықпағанын және бағытталмағанын былай түсіндіруге болады. Оң зарядты иондар мен теріс зарядты иондар бір-біріне тартылғанда, олардың электр өрісі сфера сияқты болып келеді, олардың зарядтары жан-жақты симметриялы орналасқан, сондықтан осындай өріске басқа зарядты иондар жан-жақтан келіп тартыла береді. Бір өріске бірнеше ион сияды (қанықпағандық). Тартылыс күшінен басқа тебіліс күші болады, сондықтан бөлшектер рет - ретімен орналасады, сол себептен иондық байланысты қосылыстар - кристалдар.

Әрбір оң зарядты ионды бірнеше теріс зарядты иондар қоршай алады, олардың саны координациялық сан деп аталады. Координациялық сан радиустар арқылы анықталады. Координациялық санның мәні кристалды құраушы иондар радиустарының салыстырмалы мөлшеріне, яғни иондар радиустарының қатынастарына тәуелді (3-кесте).
3- кесте

Иондық қосылыстардың құрылыстары



r + / r -

n (координация саны)

координация түрі

қосылыстар

0.225-0.414
0.414-0.732
0.732

4
6
8

тетраэдрлік
октаэдрлік
кубтық

ZnS
NaCl,KCl,NaF
CsCl,CsBr,CsІ



Донорлы – акцепторлы байланыс. Донорлы – акцепторлы байланыс дайын молекулалардың әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Молекуланың біреуіндегі атомның дайын қос электроны болады – ол донор, ал екінші молекуладағы атом орбиталі бос болады – ол акцептор. Мұндай екі молекула жақындасқанда, донор өзінің дайын қос электронын береді, ал акцептор қос электронды өзінің бос орбиталына қабылдайды. Осының нәтижесінде донор мен акцептордың арасында қос электронды байланыс түзіледі. Мұндай байланыстың түрін донорлы-акцепторлы байланыс дейді.
Мысалы: NН3+НСІ →NН4СІ
Н Н +
Н: N: + Н+ → Н:N:Н
Н Н
донор акцептор


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет