Сутектік байланыс. Бұл типті байланыс түзуге химиялық қосылыстардағы сутек қатысады.
Полюсті бір молекуладағы сутектің полюсті екінші молекуладағы электртерістігі басым элементке тартылуы арқылы түзілетін химиялық байланысты сутекті байланыс дейді. Мысалы: су молекласындағы Н2О байланысты қарастырайық. Су молекуласындағы сутектің электртерістігі кем, оттектің электртерістігі басым болғандықтан олардың арасындағы қос электрондар оттекке қарай ауысып полюсті молекула түзеді. Молекуланың оттек жағы теріс, сутек жағы оң зарядты болады:
. . . . Н . +. О . + . Н +Н:-О:-Н+ . . . . Судың осындай полюсті молекулалары бір-бірімен кездескенде бір молекуладағы оң зарядты сутек атомы екінші молекуладағы теріс заряды бар оттектің дайын жұп электрондарына тартылып сутекті байланыс түзеді:
Н-О-... +Н-О-...+Н-О
Н Н Н
Сутекті байланыс көп нүктелер арқылы көрсетілген, сутекті байланыс кәдімгі химиялық байланыстардан әлсіз болады.
Металдық байланыс. Металдардың сыртқы қабатында бірден төртке дейін ғана электрондар болады. Сондықтан олар валенттілік электрондарын беріп оң зарядты иондарға оңай айналады. Бұл электрондар белгілі бір атомдарға тән болмай, барлық атомдарға ортақ болады.
Металдардың кристалдық торлары нейтрал атомдар мен катиондардан тұрады. Металдарға ретсіз қозғалып жүрген электрондар катиондарға тартылып химиялық байланыс түзеді және олар катиондармен қосылып уақытша нейтрал атомдар түзуі мүмкін.
Ковалентті және иондық байланыстардан айырмасы металдардағы ортақтастырылған аздаған электрондар, біріншіден, көптеген катиондарды бір-бірімен байланыстырып тұрады, екіншіден металл бойымен еркін қозғалып жүреді. Осындай байланыстың ерекше түрін металдық байланыс дейді.