10 – Дәріс Тақырыбы



бет3/8
Дата20.06.2022
өлшемі35,3 Kb.
#146881
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 10 аң шаруашылығы

Айырша без жануарларда тақ көкірек жөне кеңірдектің екі қапталында орналасқан жұп мойын бөліктерінен тұрады. Ол, әсіресе, жас төлдерде жақсы жетілген. Тимус организмдегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен қызметін бақылап, реттеп тұратын қан жасау және иммундық қорғаныс жүйесінің орталық мүшесі. Бұнда организмдегі жасушалық және сұйықтық (гуморальдық) иммунитеттің қалыптасуын іске асыратын Т — лимфоциттердің тұрлі топтары түзіледі. Бүған қоса, тимуста шеткі қан жасау мүшелеріндегі лимфоциттердің қызметін реттеуге қажет тимозин гормоны бөлінеді. Айырша без эмбриондық кезеңде ұрықтың біріншілік жұтқыншағы 3-4-ші желбезек қалталарының ішкі бетіндегі энтодермадан өсінділі эпителиоциттер ретінде дамиды. Олар бір-бірімен өсінділері арқылы торлана байланысып, тимус стромасының негізін құрайтын ретикуло-эпителиоциттерге айналады. Оларды дәнекер ұлпалық аралықтар бөлікшелерге бөледі. Борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар мен қан жөне лимфа тамырлары мезенхимадан жетіледі. Тимус паренхимасының лимфоидты ұлпасын сүйектің қызыл кемігі майынан қоныс аударған Т - лимфоциттер бастамалары түзеді.
Тимус сыртынан жүқа дәнекер ұлпалық қапшықпен (капсула) қапталған. Одан мүше ішіне қарай таралған қалыңдау дәнекер ұлпалық перделіктер, айырша без паренхимасын пішіні мен мөлшері әр түрлі көптеген бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелердің лимфоциттер қалың орналасқан сыртқы жағындағы қабатын қыртысты зат, ал оның ішкі жағындағы аздаған лимфоциттері бар ақшыл түсті орталық аймағын бозғылт зат - деп атайды. Бөлікшелерді торлы эпителиоциттер құрайды. Олардың қыртысты затының шеткі аймағындағы торлы-эпителиоциттер аралығында сүйектің қызыл кемігі майынан қан арқылы қоныс аударған ізашар лимфоциттер бастамаларынан жетілген ірі лимфобластар орналасады. Торлы эпителиоциттер меп макрофагтар бөлетін тимозин гормонының әсерінен лимфобластар антигенге тәуелді көбейіп, иммунды хабардар Т - лимфоциттерге айналады. Бірақ, лимфобластардың барлығы аталған лимфоциттерге дейін толық жетіле алмай, көпшілігі ыдырап кетеді. Олардың қалдықтарын макрофагтар қармап жояды. Тек, плазмолеммаларында бөгде антигендерді сезетін рецепторлары бар Т - лимфоциттердің 5%-ы ғана қыртысты заттың ішкі аймағынан қанға өтіп, қан арқылы лимфа түйіндерінің, көкбауырдың, лимфо-эпителиальды құрылымдардың Т - лимфоциттер аймағына барып қоныстанып, лимфоциттер плазмолеммасы беткей рецепторларына және антигендерге сәйкес көбейіп маманданып, Т - киллерлерге (жасушалық иммунитетке жауапты цитотоксикалық Т - лимфоциттер), Т - хелперлерге (В - лимфоциттердің жұмысын күшейткіш) және Т - супрессорларға (В - лимфоцитер жұмысын баяулатқыш) айналады. Қыртысты зат жасушалары қанмен келетін антигендерден гемато-тимусты тосқауылмен оқшауланған. Бүл тосқауыл көбейіп мамандана жетіліп жатқан лимфоциттерді артық жағымсыз антигендерден қорғайды.
Бөлікшелердің бозғылт затында лимфоциттердің саны аз, митозбен бөліну белсенділігі әлдеқайда төмен болады. Бозғылт затының орта тұсында жалпақ торлы-эпителиоцитерден құралған тимус (Гассаль) денешіктері орналасады. Денешіктер эпителиоциттерінің цитоплазмасында кератин дәншелері мен жіпшелері болады. Тимус денешіктерінің мөлшері жануарлардың жасына байланысты ұлғаяды.
Бөлікшелердің аралықтарындағы дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы қоректендіргіш қан және лимфа тамырлары мен тимустың жұмысын реттейтін жүйкелер өтеді. Жануарлардың жыныстық жетілуіне дейін айырша без жақсы өсіп жетіледі. Олардың жасы ұлғайып есейген сайын, тимустың мөлшері езгеріп, біртіндеп май ұлпасына айналып кетеді. Оның жедел (аксидентальды) ыдырауына жарақаттану, улану, әр түрлі аурулар, ашығу, бүйрекүсті безінің глюкокортикоидты гормонының қандағы көбеюі т.б. факторлар әсер етеді.
Тимуста Т - лимфоциттер түзіледі, лимфоциттердің сұрыпталуы мен жетілуін реттейтін тимозин гормоны жөне биологиялық белсенді заттар (инсулин тәрізді фактор, кальцитонин тәрізді фактор қандағы кальцийдің концентрациясын азайтады, өсу факторы) бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет