10 – Дәріс Тақырыбы



бет6/8
Дата20.06.2022
өлшемі35,3 Kb.
#146881
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 10 аң шаруашылығы
Geografiya kaz, 11 А тізімі жаңасы, Өsіmdіktің-topyraқtan-sudy-zhәne-mineraldardy-sіңіruі, 44.48 заннама, 47,50 сит 77,78
Лимфа түйіні (лимфатический узел) - lymphonodus (In.) - жануарлар денелерінің белгілі бір аймағында, әкелгіш лимфа тамырларының бойында орналасып, сол аймақтан немесе мүшелерден лимфаны алып шығатын құрылысы паренхималы мүше. Лимфа түйінінің атқаратын қызметі:
1) ұлпа сүйығына түскен, организмге жат әр түрлі бөгде заттар, істен шыққан жасушалар қалдықгары, микроорганизмдер мен олардың улары (токсиндері), лимфа түйінінің негізін құрайтын ретикулалы ұлпа арқылы механикалық және биологиялық сүзілуден өтеді;
2) лимфоциттер мен макрофагтардың қатысуымен бөгде заттар, істен шықкан жасушалар қалдықгары, микроорганизмдер мен олардың улары жойылып залалсыздандырылып отырады;
3) қан жасау қызметін атқарады: қан жасушалары - лимфоциттер түзіледі;
4) қорғаныс қызметін атқарады: антиденелер түзіледі. Лимфа түйіні пішіні негізінен лобия тәріздес (кейде басқаша), сұр немесе сары-сұр түсті болып келеді. Жануарлардың түрлеріне байланысты лимфа түйінінің мөлшері 0,2 см -ден 20 см -ге дейін болады.
Ерекшеліктері. Жылқыда лимфа түйіндері майда болып келіп, дене аймақтарында бір жерде 40-қа дейін топтасып орналасады. Олардың жалпы саны - 8 мыңдай. Сиырда лимфа түйіндері ірілеу келеді. Олардың жалпы саны - 300. Қой мен ешкіде де ірілеу болады, саны - 300-600. Шошқада ірі - 200. Итге тым ірі болады, саны - 60. Лимфа түйіндері лимфа тамырларының бойында орналасқан, пішіні (сопақ, лобия тәрізді, ұзынша) мен мөлшері әр түрлі шеткі, қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелері. Қабықшамен қапталған оның дөңес жағынан көптеген әкелгіш лимфа тамырлары (шошқада керісінше әкеткіш) енеді. Әкелгіш лимфа тамырлары арқылы ұлпа сұйығы кұрамындағы әр түрлі заттарымен (бөгде заттар, микроорганизмдер, олардың улы өнімдері, зат алмасудың ыдырау өнімдері) бірге ұлпалардан ағып келіп құйылады. Лимфа түйіндеріндегі макрофагтардың және ретикулалы ұлпаның қатысуымен ұлпа сүйығы биологиялық және механикалық сүзілуден өтіп, микроорганизмдер мен олардың улы заттары фагоцитоз арқылы залалсыздандырылып тазартылады. Лимфа түйіндерінің лимфоидты ұлпасында әсерлі (эффекторлы) Т - және В - лимфоциттері түзіледі. Организмдегі гуморальды иммунитетті қамтамасыз ететін В - лимфоциттер туындысы -иммуноциттер әр түрлі антигендерге қарсы иммундық денелерді түзіп, оларды биологиялық тазаланудан өткен ұлпа сүйығына шығарады. Сөйтіп, лимфа түйіндерінде бөгде заттардан, микроорганизмдерден, олардың уытты заттары мен басқа да зиянды өнімдерден тазаланып, толық арылған ұлпа сүйығы, эффекторлы Т - және В - лимфоциттермен, әр түрлі иммунды глобулиндермен (антиденелермен) қанығып, лимфа түйіндерінің ойыс жағындағы қақпасынан әкеткіш лимфа тамырлары арқылы лимфаға айналып ағып шығады. Дөңес бетіне қарама-қарсы жатқан лимфа түйінінің ойыс беті лимфа түйінінің қақпасы (hilus) - деп аталады. Қақпа арқылы лимфа түйінінен әкеткіш лимфа тамырлары мен веналар шығып, лимфа түйініне артериялар мен жүйкелер еніп жатады. Шошқада лимфа түйініне әкелгіш лимфа тамырлары енеді.
Лимфа түйіндері эмбриондық кезенде қан жөне лимфа тамырларының маңындағы мезенхимадан дамып жетіледі. Лимфоидты ұлпа қан арқылы сүйектің қызыл кемігі майы мен тимустан келіп қоныстанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет