10 – Дәріс Тақырыбы



бет5/8
Дата20.06.2022
өлшемі35,3 Kb.
#146881
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 10 аң шаруашылығы
Geografiya kaz, 11 А тізімі жаңасы, Өsіmdіktің-topyraқtan-sudy-zhәne-mineraldardy-sіңіruі, 44.48 заннама, 47,50 сит 77,78
Периартериальды аймақ орталық артерияның сыртқы қабығы адвентицияда ораналасады. Ол Т - лимфоциттерден және саусақша өсінділі макрофагтардан құралған. Тимусқа тәуелді периартериальды аймақта эффекторлы Т - лимфоциттер көбейіп жетіледі.
Көбею орталығы лимфа түйінінің ақшыл орталығына сәйкес. Бұл орталықгы В - лимфоциттер, плазмоциттер және макрофагтар кұрайды.
Жапқыш аймағы бір-бірімен тығыз орналасқан эффекторлы кіші В -лимфоциттерден, аздаған Т - лимфоциттерден, плазмоциттерден және макрофагтардан құралған. Бұл аймақ алдыңғы екі аймақты тәж тәрізді сыртынан қаптап жатады.
Жиекті аймақ ақ және қызыл жұмсақгар шекарасында орналасады. Ені 100 мкм. Бұл аймақты Т және В лимфоциттер мен макрофагтар құрайды. В - лимфоциттер тиісті антигенге байланысты мамандана көбейіп, антиденелер түзетін плазмоциттерге айналып, көкбауырдың қызыл жұмсағына өтеді. Жиекті аймақты сыртынан қабырғасында саңылау тәрізді тесіктері бар қойнауша (синусоидты) қан капиллярлары қоршап жатады.
Көкбауырдың қызыл жұмсағы ретикулалы ұлпадан және онда орналасқан қан жасушалары мен қойнауша қан тамырларынан құралған. Қызыл жұмсақтың вена қойнаулары аралығындағы бөліктерін көкбауыр баулары немесе жұмсақ баулар - деп атайды. Бұлар лимфа түйініндегі бозғылтша бауларға сәйкес келеді. Жұмсақ бауларда плазмоциттер толық жетіліп, моноциттерден макрофагтар дамиды. Көкбауыр бауларының аралықтарында қызыл жұмсақтың екінші бөлігі қанға толған вена қойнаулары орналасады.
Лимфа тамырлары (vasa lymphatica) арнасының диаметріне байланысты майда, орташа және ірі лимфа тамырлары болып үш топқа бөлінеді. Лимфа тамырларына тән құрылыс ерекшелігі - оның қабырғасында лимфаның тек жүрекке қарай бір бағытта қозғалуына ықпал жасайтын көптеген қақпақшалардың болуы. Мүшелердің ішіндегі майда лимфа тамырларының қабырғасы бірқабат жалпақ эндотелиоциттерден және оның сыртындағы борпылдақ дәнекер ұлпасы қабығынан тұрады. Майда лимфа тамырларының диаметрі кейде лимфа капиллярларының диаметрінен кіші болуы мүмкін. Майда лимфа тамырлары бір-бірімен жалғамалар арқылы жалғасып жатады. Лимфаны мүшелерден алып шығатын, мүшелер сыртындағы лимфа тамырларының арналары кеңейген сайын, олардың қабырғаларында бірыңғай салалы ет ұлпасының жекеленген миоциттері пайда болып, ірі лимфа тамырлары қабырғасының құрылысы күрделене бастайды.
Орташа, әсіресе, ірі лимфа тамырларының қабырғасында, етті вена қан тамырлары қабырғасындағыдай үш қабық жақсы жетілген. Олар: интима, медиа және адвентиция қабықтары. Лимфа тамырларында лимфа төменгі қысыммен ағады. Сондықтан, лимфа тамырларының қабырғасы өте жұқа болып келеді. Лимфа тамырларындағы лимфаның қозғалуына, лимфа тамырларының кабырғасындағы жиырылу қызметін атқаратын бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерімен қатар, бұл тамырларды қоршаған бұлшық еттердің жиырылуы, қатар жатқан артериялар қабырғаларының соғуы және т.б. факторлар өз ықпалын тигізеді. Жануарлар денесінде төменнен жоғары қарай өтетін өрлеме лимфа тамырларының қабықтары жақсы жетілген. Олардың ішкі қабығы интима екі қабаттан құралған. Олар: ішкі эндотелий қабаты және сыртқы борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат. Ортаңғы қабығы медиа бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттерінің: ішкі сақинаша қабатынан және сыртқы қиғаш қабатынан тұрады. Миоциттердің арасында эластин және коллаген талшықтары кездеседі. Сыртқы қабығы адвентицияны борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды.
Орналасу орнына қарай лимфа тамырлары беткей және терең лимфа тамырлары (vasa lymphatica superficialis et profunda) болып екіге бөлінеді. Беткей лимфа тамырлары терінің астында орналасады, ал терең лимфа тамырлары тамыр-жүйке будаларының құрамына кіреді. Лимфа тамырлары дененің белгілі-бір аймақгарының орталығында орналасқан лимфа түйіндеріне, сол аймақтың шеткі жағынан орталығына қарай радиальды бағытталады. Сондықган, бұндай лимфа түйінін аймақтық немесе региондық лимфа түйіні - деп атайды. Бір региондық лимфа түйініне, осы аймақгың жан-жағынан лимфаны алып келетін лимфа тамырларының сыртқы көрінісі бір ағаш діңгегінен тараған ағаш тамырларына ұқсас болып келеді. Осындай лимфа тамырлар жүйесін лимфа түйіндерінің "түбірі" - деп атайды.
Лимфа капиллярларына өткен ұлпа сұйығын немесе лимфаны лимфа түйіндеріне алып келетін лимфа тамырларын әкелгіш лимфа тамырлары (vasa lymphatica afferentia), ал лимфаны лимфа түйінінен алып шығатын лимфа тамырларын әкеткіш лимфа тамырлары (vasa lymphatica efferentia) - деп атайды. Жануарлар денесіндегі әкеткіш лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып, ең соңында екі ірі лимфа өзегін құрайды. Оларға: оң лимфа бағаны және көкірек өзегі жатады. Оң лимфа бағаны (truncus lymphaticus dexter) лимфаны дененің бас, мойын, көкірек керегесі аумақтарының оң жағынан және оң алдыңғы аяқтан, ал көкірек өзегі (ductus thoracicus) организмнің қалған бөлігінен жинайды. Лимфа өзектерінің сыртқы адвентиция қабығында тамырларды бойлай ұзынынан орналасқан бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттерінің борпылдақ дәнекер ұлпасы аралықтары арқылы бөлінген шоғыр будалары болады. Оң лимфа бағаны мен көкірек өзегі алдыңғы қуыс венаға ашылады.
Майда лимфа тамырларының қабырғасын қоректендіретін қан капиллярлары торынан құралған тамырлар тамыры (vasa vasorum), ал ірі лимфа тамырлары мен лимфа өзектері қабырғасында артериялар мен веналар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет