10 – Дәріс Тақырыбы


Лимфа түйінінің гистологиялық құрылысы



бет7/8
Дата20.06.2022
өлшемі35,3 Kb.
#146881
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 10 аң шаруашылығы
Geografiya kaz, 11 А тізімі жаңасы, Өsіmdіktің-topyraқtan-sudy-zhәne-mineraldardy-sіңіruі, 44.48 заннама, 47,50 сит 77,78
Лимфа түйінінің гистологиялық құрылысы. Лимфа түйіні кұрылысы жағынан паренхималы қан жасау мүшесі. Ол стромадан және паренхимадан түрады. Лимфа түйінінің стромасын оның сыртқы тығыз дәнекер ұлпалы қапшығы мен одан мүше ішіне қарай торлана таралып жатқан перделіктер (трабекулалар) құрайды. Ал паренхимасының негізі ретикулалы ұлпадан тұрады. Лимфа түйінінің паренхимасы лимфоидты ұлпадан түзілген. Лимфа түйіні сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен қапталған. Қапшық негізінен коллаген талшықтары мен олардың аралығында қатарынан орналасқан фиброциттерден тұрады. Қапшықтың ішкі бетінде лимфа тамырлары қабырғаларына өтіп жалғасып кететін эластин талшықтары болады. Дөңес жағының қапшығы қақпа жағына қарағанда жұқалау келеді. Қақпа бетіндегі қапшық құрамында бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттер шоғырлары кездеседі. Қапшықтан лимфа түйінінің ішіне қарай дәнекер ұлпалық перделіктер (трабекулалар) тарамдала еніп, бір-бірімен торлана байланысады. Лимфа түйінінің қақпа жағынан енетін перделіктер бойымен өтетін қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер лимфа түйінін қоректендіреді және жұмысын реттейді. Қапшық пен перделіктер аралықтарындағы қуыстарда лимфа түйіні стромасының негізін құрайтын ретикулалы ұлпа орналасады. Лимфа түйінінің паренхимасын ретикулалы ұлпадағы әр түрлі даму саты-сындағы лимфоциттерден және макрофагтардан түзілген лимфоидты ұлпа құрайды. Лимфа түйіні шеткі тығыз қыртысты заттан, аралық қыртысмаңы аймақтан және орталық ақшыл келген бозғылт заттан тұрады. Қыртысты зат лимфа түйіні қапшығының астындағы шеткі қой-наудан (синус) кейінірек ішке қарай бір-бірімен тығыз орналасып, ретикулалы ұлпада жатқан лимфа түйіншелерінен құралған. Қапшық пен лимфа түйіншелерінің аралығындағы тек ретикулалы ұлпадан құралған шеткі қойнау арқылы әкелгіш лимфа тамырларымен келген ұлпа сүйығы сүзіле ағып, аралық аймақтағы қойнаулармен бозғылт заттағы орталық қойнауларға өтеді. Қыртысты заттан төменірек жатқан қыртысмаңы аймағы лимфа түйіншелерінен шығатын лимфоидты жүмсақ баулар мен аралық қойнаулардан тұрады. Лимфа түйінінің орталығында лимфоидты бозғылтша баулар мен орталық қойнаудан тұратын бозғылт зат орналасады. Лимфа түйіншелері мен бозғылтша бауларда В - лимфоциттері көбейіп жетіліп, эффекторлы жасушаларға айналады. Сондықган, лимфа түйінінің қыртысты және бозғылт заттарын В - аймақ деп атайды. Ал қыртысмаңы аймағында Т - лимфоциттері жетіледі. Бұл аймақгы Т - аймақ - деп те атайды.
Қыртысты заттағы лимфа түйіншелерінің негізін ретикулалы ұлпа мен сақинаша орналаскдн ретикулин талшықгары құрайды. Түйінше лимфобласттардан, лимфоциттерден және макрофагтардан тұрады. Түйіншелерді сыртқы жағынан ретикулин талшықтарымен байланысқан ретикуло-эндотелиоциттер қаптап жатады. Түйіншенің орталық ақшыл бөлігінде бөліну арқылы көбейіп жатқан лимфобласттар орналасады. Бұл ақшыл бөлік түйіншенің көбею (герминативті) орталығы деп аталады. Көбею орталығының макрофагтары әр түрлі әсер етуші факторларға жедел жауап береді. Сондықган, көбею орталығын реактивті орталық дейді. Түйіншенің шеткі жағында жетілген эффекторлы кіші лимфоциттер тұйіншені сыртынан қаптап жатады. Бұлар антигендік қасиеттерді еске сақгау В - эффекторлы лимфоциттері. В - лимфоцитер лимфа түйіншелерінен бозғылтша бауларға өтіп, антиденелер түзетін плазмоциттерге айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет