Маннозаның катаболизмі. Манноза да гексокиназа ферментінің әсерімен және АТФ қатысында фосфорланады. Мұның нәтижесінде маннозо-6-фосфат түзіледі.
Манноза + АТФ→ маннозо-6-фосфат + АДФ
Бұдан кейін фосфо-маннозо-изомераза ферментінің әсерінен манноза фруктозо-6-фосфатқа айналады. Ары қарай фруктозо-6-фосфат тағы да фосфорланады да фруктозо-1,6-дифосфат түзеді Бұл зат гликолизге қатысады немесе фруктозо-6-фосфат изомерленеді де, глюкозо-6-фосфатқа айналады.
Бақылау сұрақтары:
: 1.Гликогенез процесі дегеніміз не?
2. Гликогенез процесіне қандай ферменттер қатысады?
3. Гликогенолиз процесі дегеніміз не?
4. Көмірсу емес қосылыстардан гликоген қалай түзіледі?
5.Фруктоза, манноза, галактозаның катаболизмі
Достарыңызбен бөлісу: |