10 Дєріс: Гликогенніњ ±лпаларда синтезделуі мен ыдырауы


Көмірсу емес қосылыстардан глюкозаның түзілуі



бет6/10
Дата08.02.2022
өлшемі455,5 Kb.
#117187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
10 Дәріс гликогеннің қорытылуы және сіңуі

Көмірсу емес қосылыстардан глюкозаның түзілуі
Ұлпаларда гликоген мен глюкоза қоры таусылған кезде организмнің тіршілік қабілеті сақталу үшін көмірсу емес алғы қосылыстардан глюкоза түзіледі. Мұндай процесс глюконеогенез деп аталады. Организм көп қуат шығарып, ауыр жұмыс атқарған кезде глюконеогенез маңызды қызмет атқарады.
Глюкоза түзілетін алғы қосылыстарына көптеген амин қышқылдары, глицерол және сүт қышқылы жатады. Өзінен глюкоза түзілетін амин қышқылдары глюкогенді қышқылдар деп аталады. Мұндайларға глицин, аланин, серин, цистеин сияқты пирожүзім қышқылына айнала алатын амин қышқылдары жатады. Лимон қышқылы циклында аралық өнім беретін бірқатар амин қышқылдары (лейциннен басқасы) глюкоза синтезі үшін өнім береді. Триацилглицеролдар мен фосфолипидтер гидролизі кезінде глицерол түзіледі, ал көмірсулардың гликолизі кезінде пируват түзіледі. Липидтерден, дәлірек айтқанда май қьшқылдарынан глюкоза түзілмейді.





Көмірсулар метаболизмінде глюкозо-6-фосфат маңызды қызмет атқарады және бауырда мынадай бес бағытта пайдаланылады:
1) фосфатазаның әсерінен гидро-лизденіп бос глюкоза береді, ол қанға енеді;
2) гликоген синтезі үшін;
3) гликолиз процесінде пируватқа, одан ацетил-А-коферментіне айна-лады, ол лимон қышқылы циклымен тотығып АТФ түзеді.
4) ацетил-А-коферментінен холес-терол, май қышқылдары, триацил-глицеролдар, фосфолипидтер син-тезделінеді;
5) пентозофосфат жолымен тотығып НАДФН және рибозо-5-фосфат құралады.



Глюконеогенез жүріп, іске асатын негізгі орын - бауыр. Бұл процесс біршама азырақ мөлшерде, бүйректе, мида және бұлшық еттерде байқалады. Глюконеогенез ферменттері негізінен цитоплазмада орналасады. Пируват-карбоксилаза (митохондрияда) және глюкозо-6-фосфатаза (эндоплазмалық ретикулуммен байланысқан) ферменттері ғана басқа жерге орналасқан. Глюконеогенез процесі күрделі, әйтсе де оған аса тереңдемей және химиялық реакцияларын да бермей-ақ қарастырып көрейік.
Глюконеогенездің өзекті бөлігі— пирожүзім қышқылы (пируват).
1. Пирожүзім қышқылы карбоксилдену жолымен қымыздық сірке қышқылына (оксалоацетатқа) айналады, ол қышқыл декарбоксилденгеннен кейін және гуанозинтрифосфатпен (ГТФ) өзара әрекеттескеннен кейін фосфоенолпирожүзім қышқылына (фосфоеиолпируватқа) айналады.
2. Бұдан әрі қарай фосфоенолпируваттан 2-фосфоглицерол қышқылы (2-фосфоглицерат) түзіледі.
3. Бұл соңғы қышқылдан 3-фосфоглицерол қышқылы, одан кейін 1,3-дифосфоглицерол қышқылы түзіледі.
4. 1,3-дифосфоглицерол қышқылы дефосфорланғаннан кейін және тотықсызданған соң глицеральдегид-3-фосфат (дигидроксиацетонфосфат) береді.
5. Триацилглицеролдардың гидролизінен кейін алынған глицерол тотығу арқылы глицеральдегид-3-фосфатқа айналады, осылайша глюконеогенезге кіріседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет