Басқарушылық шешімдерді бекіту процедурасы. Жоғары тұрған органдармен, тапсырушылармен немесе клиенттермен басқарушылық шешімдерді бекіту процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет:
1) басқарушылық шешімдерді бекітуге қажетті жеке немесе заңды тұлғалар туралы құжаттаманы ресімдеу;
2) құжатта бекітудің уақыттық кезеңдерін, сонымен қатар жолдама құжаттардың атауы мен мазмұнын анықтау мен жазу;
3) бекітудің жалпы актін құжатпен ресімдеу.
Басқарушылық шешімдерді орындауды ұйымдастыру процедурасы. Басқарушылық шешімдерді орындауды ұйымдастыру процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушының келесі әрекеттері қажет:
1) нақты тапсырманы, орындаушылар құрамы мен олардың бағыну жүйесін, тапсырманы орындау уақытын, орындалу барысын бақылаудың аралық кезеңдерін, бөлінген ресурстарды көрсетумен басқарушылық шешімдерді іске асыру туралы құжаттаманы ресімдеу;
2) орындаушыларды басқарушылық шешімдерді орындау мазмұнымен және тіртібімен таныстыру мен түсіндіру;
3) басқарушылық шешімдер орындаушыларына жұмысты орындау кезінде олардың құқықтарын, жауапкершіліктері мен құзыреттілігін түсіндіру;
4) жұмысты сәтті орындау үшін есепке алынбаған егжей-тегжейлерді басқарушылық шешімдер әзірлеушілерімен талқылау;
5) ұсынылатын жұмыстың маңыздылық дәрежесіне орындаушылардың ерекше назарын аудару;
6) орындаушыларға қажетті ұйымдық техниканы, бөлмені беру және қажетті іскерлік ақпаратың көздерін көрсету;
7) басқарушылық шешімдерді тиімді іске асыру бойынша орындаушылардың жұмысын белсендендіру;
8) басқарушылық шешімдерді орындаушылармен орындау барысын жиі бақылауын жүзеге асыру;
9) іске асырылған басқарушылық шешімдердің тәжірибелік бағалауын жүзеге асыру;
10) басқырушылық шешімді әзірлеу мен іске асыру бойынша құжаттаманы мұрағатқа тапсыру.
Ұйымдық-әкімшілік қызмет шеңберінде басқару аппараты мен басқарушылар (шешім субъектілері) басқарушылық шешімдерді іске асыратын қызметкерлермен әлеуметтік-психологиялық және насихаттық жұмыспен белсенді айналысуы керек.
Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру бойынша мамандарының көбі басқарушылық шешімдерді әзірлеуге орындаушыларды, олар басқарушылық шешімдер тұжырымдамасымен және одан шығатын міндеттермен алдын ала танысу үшін тартуға кеңес береді. Басқарушылық шешімдерді іске асыруға қатысатын болашақ орындаушылар оған нақтылық элементтерін енгізеді, себебі басқарушылық шешімдер пәнін, оның резервтері мен қиындықтарын жақсы біледі.
Басқарушылық шешімдерді әзірлеуге алғыр ақылдары басқарушылық шешімдерді әзірлеу кезінде өзіндік тәсілдерді табуға көмектесетін жаңашылдарды және өндіріс озаттарын тарту мәні бар.
Бекіту сұрақтары:
1.Басқару үрдісінің пәрменділік принципі
A) басшылық қызметті негізгі сала кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу ісі төнірегінде топтасуы
B) өзін-өзі сынай білу
C) менеджердің тұрақты шығармашылық ізденісі
D) басқару қызметі мен әкімшілік басшылықтың өзара үйлесімді әрекет етуі
E) менеджердің психологиялық және педагогикалық заңдылықтарды игеруі
2. Топтың бірігу көрсеткішінің бастысы, оның мүшелерінің мақсатқа жетудегі бір бағытты ұстанушылығы, бір позициямен өмір сүруімен сипатталады. А)Топтық бірігу көрсеткіші В)Топтық бірігу индексі С)Коммуникативті байланыс жиілігі мен тұрақтылығы Д)Келісім Е)Бағалы – бағытты бірлік
3 Тұлға өмірінде қалыптасқан қабілеттер мен дарын ерекшеліктерінің көрінуі, өз ойын білдіруге тырысумен сипатталады А)Өз ойын білдіру потенциалы. В)Психикалық қарбаластық потенциалы
С)потенциалы. Д)Таңдау потенциалы. Е)Мойындау потенциалы.
4 Ұжым мүшелеріне басшылықпен қойылатын талаптар деңгейінің нақтылығымен сипатталады. А) Өз ойын білдіру потенциалы. В) Психикалық қарбаластық потенциалы С)Анықтылық потенциалы. Д)Таңдау потенциалы. Е)Мойындау потенциалы.
5 Жұмысшының кәнделікті қызметінде талап етілетін психикалық қарбаластық деңгейі мен диапазонымен сипаталады. А)Өз ойын білдіру потенциалы. В)Психикалық қарбаластық потенциалы С)Анықтылық потенциалы. В)Таңдау потенциалы. Е)Мойындау потенциалы.
Әдебиет
Төлеубекова, Р. К. Білім берудегі менеджмент [Текст] : оқу құралы / Қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде. - Алматы : ССК, 2017
Оспанова Ж. Б. Басқару психологиясы [Электронный ресурс],2018.
Козлов В.В. Психология управления : Учебник,2013
Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі : Оқу құралы / С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 126 бет Экземпляры: всего:100 - ЧЗ№1(2), №1(98).
Тоғызбаева Қ.Қ. Еңбек психологиясы: оқулық,1-кітап,2015
Ахметова А.К. Психология тарихы: Оқу құралы,2016.
№10 Дәріс тақырыбы: Басқару іс әрекетіндегі перцептивтік процестер
Достарыңызбен бөлісу: |