Бекіту сұрақтары:
1Іскерлік жеке тұлғалық қабілеттерге қайсысы жатады:
А) Ұйымдастырушылық қабілеті Б) Жарқын жүзді болу қабілеті
В) Жылы жүзді болу қабілеті Г) Өзімшілдік қабілеті Д) Дербестілік қабілеті
2. Ұйым қызметкерлерін таңдау мен іріктеу қандай кезеңдерден өтеді: А) Қызметті орындау Б) Жұмыс жасау В) Қызметкерлермен сөйлесу Г) Стандарттық форманы толтыру Д) Нақты шешім қабылдамау
3. Басқару психологиясының зерттеу обьектісі: А) Адам жүйке жүйесі Б) Адам және техника В) Техника Г) Психологиялық қасиеттер Д) Адам қасиеттері
4. Қызметкерлерді таңдау барысында ұйымдық процесс ...... кезеңдерден тұрады:
А) Қызметкерлермен сөйлесу Б) Өзгертірілген әңгіме В) Жұмыс жасау Г) Тапсырмаларды топ мүшелерімен шешу Д) Кандидаттармен интервю жүргізу, соңғы шешім қабылдау
5. Жұмыс орнындағы қызметті бағалау кілті: А) Инновациялық дербестік дәрежесі Б) Жауапкершілікті бағалау В) Жұмыс қиындығы Г) Тұрақтылығы Д) Талап етілетін квалификация
Әдебиет
Төлеубекова, Р. К. Білім берудегі менеджмент [Текст] : оқу құралы / Қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде. - Алматы : ССК, 2017
Оспанова Ж. Б. Басқару психологиясы [Электронный ресурс],2018.
Козлов В.В. Психология управления : Учебник,2013
Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі : Оқу құралы / С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 126 бет Экземпляры: всего:100 - ЧЗ№1(2), №1(98).
Тоғызбаева Қ.Қ. Еңбек психологиясы: оқулық,1-кітап,2015
Ахметова А.К. Психология тарихы: Оқу құралы,2016.
№6 Дәріс тақырыбы: Ұжым. Ұжымның даму деңгейлері
Сағат саны:1
Жоспары:
Жұмыс коллективі және оның құрылымы.
«Басшы-бағынушы» арасындағы қарым-қатынас
Еңбек коллективіндегі қиыншылықтар мен оларды жеңу.
Тұлғалық құрылым ерекшеліктері
Дәріс тезисі:
Еңбек коллективі - өндірістің қоғамдық мәніне бағытталған ұйымдасқан адамдардың бірігуі.
Мұндай бірігу - қиын әлеуметтік заңмен құрамдалған,әр адамның өз орны бар байланыс.Коллектив әрекетін жеке адамдардың жиынтығы деп ,алайда топтық әрекеттің қарапайым түрінде де жеке субьектілердің механикалық қарапайым әрекеті деп те болмайды.
1987 жылы алғашқы фундаменталды зерттеулер көрсеткендей, жұмыстың сапасын қарапайым адамның қатысуымен көтеруге болады деген. Зерттелінуші қиын емес тапсырманы орындауда, құмды орауда, егер жанында адам болатын болса ,ол өз ісін тиянақты орындайды. Басқа адамның қатысуы әрекетті стимулдайды.
Р.Мертон топты бір- бірімен байланысқан белгілі бір адамдардың жиынтығы деп түсіндіреді.
Басқа сөзбен айтқанда, тек адам ғана өзі бір белгілі бір топқа жататынын санамайды, сонымен қоса басқалар да адамға қарап қандай топқа жататынын айта алады. Егер біз белгілі бір этникалық немесе діни топқа жататын болса,біз сол адамға қарап топтың өзі сол адамға әсер етеді деп айтамыз,яғни оның әрекеттері басқа топ адамдарының ықпалының нәтижесінде жүзеге асады дейміз.
Адамның осы топқа сәйкестігі мәнін эксперименталды зерттеулер дәлелдеп отыр. Америка психологы Уайлдер студенттерден белгілі бір шешім қабылдағалы жатқан адамдарды бақылауды өтінді. Сол бақылауда кейбіреулері жалғыз әрекет етті. Басқа адамдардың жанына үш бейтаныс адамдарды отырғызды. Және студенттерге бұл төрт адамдар бір-бірімен мүлде таныс емес,кездейсоқ жиналған адамдар екенін ескертті.Тағы бір адамдар болды.Ол адамдар бірге отырған және топ болып құрылуына көп болған жоқ екенін студенттерге ескертті.
Достарыңызбен бөлісу: |