Күрделі және өзара байланыстағы факторлардың көптігі болжаудың сыртқы ортасының бірқатар қорытушы сипаттамаларын анықтайды.
Өзара байланыстылық – бір фактордың өзгеруінің екіншісіне әсер ету күшінің деңгейі.
Күрделілік – ұйым әсер етуге тиіс факторлар саны, әрбір факторлардың жинақтылық және вариативтілік деңгейі.
Қозғалымдық – ұйымды қоршаған ортада жүретін өзгерістер жылдамдығы.
Айқынсыздық – ұйымда немесе оның жетекшісінде бар нақты ақпарат санының қызметі.
Сыртқы орта өзгерістерінің жоғары күрделілігі мен қозғалымдылығын «бей-берекет өзгерістер» термині (П.Друкер бойынша) сипаттайды.
Басқарудың болжау теориясында жоспарлық болжау маңызды рөл атқарады. Бұл болжаудың нәтижесі, сонымен қатар бір мезгілде ұйымның жоспарлар жүйесі жасалынатын негіз болып табылады, ол жоспарлау қызметтерінің арасындағы байланыстырушы буын рөлін атқарады.
Сыртқы жоспарлық болжауларүш топқа бөлінеді:
1) жалпы айналадағыларға қатысты болжаулар (болжанатын экономикалық, технологиялық, саяси, әлеуметтік және этникалық шарттар);
2) өнім нарығының күйіне қатысты болжаулар (сұраныс қызметтер, бәсекелестік);
3) өндіріс факторлары нарығының күйіне қатысты болжаулар.
Ішкі жоспарлық болжаулар күрделі салымдар, тартылған инвестициялар көлеміне, қолданылатын технологиялар мен еңбек құралдарының өзгеруіне, басқарудың ұйымдық құрылымына, т.б. қатысты болады.
Жоспарлық болжаулар ұйымының шағын бақылаулық дәрежесі бойынша ажыратылады:
- бақыланбайтын, бірақ жақсы болжанатын болжаулар – халық саны өсуінің динамикасы, салық саясаты, т.с.с.;
- бақыланатын болжаулар – жаңа нарықтарға шығу, ғылыми зерттеулердің интенсификациясы;
- шағын бақылаудағы – кадрлар ағымдылығының деңгейі.
Жалпы алғанда, болжау қызметі кешенді және көп аспектілі, ол басқарудың барлық кезеңіне және міндеттеріне қосылған. Басқару теориясында әлдеқайда жалпы, мазмұндық көрсеткіштерге негізделген, басқару процесі типтерінің тағы да бір жіктемесіндегі болжаудың бес типі:
- экономикалық болжау – экономиканың немесе нақты ұйымының жалпы күйін болжап айту;
- технологиялық болжау – жаңа технологияларды жасауды болжап айту, бұл қай кезде болуы және экономикалық зардаптары қандай болуы мүмкін;
- өткізуді жоспарлау – ұйымның өнімін сату мәселесіне байланысты, бұл кез келген ұйым іс-әрекеті үшін болжаудың негізін білдіруші типі;
- бәсекелестіктің дамуын болжау – бәсекелердің стратегиясы мен тактикасындағы мүмкін өзгерістер туралы болжаулар;
- әлеуметтік болжау – тұтастай қоғам күйінің өзгерулерін және адамдардың әлеуметтік ұстанымдарын болжап айту.
Салыстыру нәтижесінде ең ыңғайлы сценарий анықталады. Сенарийлердің негізгі үш түрі бар:
- оптимистік – экономикалық және әлеуметтік перспективалар қолайлы болады;
- реалистік – экономикалық және әлеуметтік перспективалар өз орнында қалады;
- пессимистік – экономикалық және әлеуметтік перспективалар қолайсыз болады.
Ұйымдастыру қызметі
«Ұйымдастыру қызметі» ұғымы көп мәнді, оның негізгі үш мәні бар.
1. Белгілі бір ұйымдық құрылымды жасаудың (оның типін талдау, сәйкес мақсаттарға тиісті дифференциациялау) жалпы процесі.
2. Басқарылатын жүйедегі индивидтер арасындағы функционалдық таралым және әрі қарайғы үйлестіру. Бұл кезде таңдалған ұйымдық құрылымға өзгерістер қажеттілігі туындауы мүмкін.
3. Кез келген өзге басқару қызметін жүзеге асыру үшін талап етілетін үйлестіру үдерістері. Бұл «жоспарлауды ұйымдастыру», «бақылауды ұйымдастыру» ұғымдарында көрініс табады.
«Ұйымдастыру қызметі» ұғымның екі жалпы мағынасы бар. Егер ұйымдастыруды процесс ретінде тұжырымдаса, онда бұл мағына тұтастай басқару іс-әрекетімен сәйкесуі мүмкін. «Басқару іс-әрекеті» және «ұйымдастыру іс-әрекеті» ұғымдарын синонимдер ретінде қолдану дәстүрі қалыптасты. Нәтиже ретінде ұйымдастыру қандай да бір институттық құрылымдар фирманы, корпорацияны, т.б. білдіреді. Ұйымдастыру көп мағыналы ұғым ретінде бұл қызметтің басқарудағы іргелі рөлін және оның жинақтылығын көрсетеді.