«Тұрақты ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
|
10.3.2.1 Аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану
10.3.2.3 Электр қозғаушы күші мен кернеу көзінің әртүрлі жұмыс режиминдегі (жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу) байланысын зерттеу
10.3.2.6 Тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын қолдану
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын қолданады
ЭҚК пен кернеудің түсуі арасындағы айырмашылықты сипаттайды
Өткізгіштердегі кернеудің түсуін, қуатын есептейді
Кирхгофф заңдарын теңдеулер жазуда қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
25 минут
|
Тапсырма:
Тізбектегі жалпы кернеу UАВ18В, R13 Ом; R26 Ом; R38 Ом; R415 Ом
а) Өткізгіштің параллель жалғанған бөлігінің
кедергісін есептеңіз. [1]
b) АВ бөлігі үшін жалпы кедергіні анықтаңыз. [2]
с) АВ бөлігінің жалпы ток күшін есептеңіз. [1]
Аккумулятордың ЭҚК-і 2 В . Тізбектегі ток 2000 мА кезінде оның қысқыштарындағы кернеу 1,84 В.
а)аккумулятордың ішкі кедергін есептеңіз: [2]
b) сыртқы тізбектің кедергісін анықтаңыз. [1]
с) аккумуляторды қысқа тұйықтаған жағдайдағы ток күшін есептеңіз: [1]
Электр тізбегі кедергісі 12,5 Ом, тұтыну қуаты 0,98 Вт қабылдағыштан және қабылдағышға тізбектей жалғанған реостаттан тұрады. Тізбекке 6 В кернеу берілген.
а) тізбектегі ток күшін есептеңіз [1]
b) қабылтағыштағы U1 кернеуді анықтаңыз [1]
с) Реостаттағы кернеуді U2 керенуді есептеңіз [1]
d) реостаттағы кедергіні R2 есептеңіз [1]
е) реостат тұтынатын Р2 қуатты анықтаңыз. [1]
ЭҚК-і 1,1 В элементке қосылған кедергісі 2 Ом өткізгіште 0,5 А ток жүріп тұр. Элементті қысқа тұйықтаған кезде ток күші қандай болады?
[2]
Достарыңызбен бөлісу: |