2 тоқсанға арналған жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Оқу мақсаттары: 10.1.3.1- эмбрион мен ересек ағзаның гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығын түсіндіру;
10.1.3.2- пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру;
10.1.4.1- АТФ-тың құрылысы мен қызметтерін сипаттау;
10.1.4.2- анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы АТФ синтезін салыстыру;
10.1.4.3- метоболизмнің түрлерін атау;
10.1.4.4- энергетикалық алмасу кезеңдерін сипаттау;
10.1.4.5- митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату;
10.1.4.6- Кребс циклін сипаттау;
10.1.5.1- зәрдің сүзілу (фильтрация) және түзілуі механизмін түсіндіру;
10.1.5.2- су мөлшерін бақылаудағы антидиуретикалық гормонның (АДГ) ролін түсіндіру;
10.1.5.3 - диализ және бүйрек трансплантациясы механизмін түсіндіру;
Тапсырма-1. Гем құрамындағы темір тотықсызданған күйде қалай байланысады?
А. Екі валентті
В. Простетикалық
С. Екі ковалентті екі координация
Д. Редукцияланған гем.
[1]
Тапсырма-2. Миоглобиннің диссоциациялану қисық сызығы солға ығысқан. Себебін анықтаңыз.