100 Б. Т. каз Пән: Физиология



Дата15.06.2023
өлшемі72,57 Kb.
#178844
Байланысты:
100 Б.Т. каз
Акторгын Шынгысбай тұздар қмж, ЖАСМИН биофизика

100 Б.Т. каз
Пән: Физиология
1.Тiтiркену кезiнде қан тамырларды тарылтатын ... жүйке талшықтары.

  1. симпатикалық, адренэргиялық

  2. симпатикалық, холинэргиялық

  3. парасимпатикалық, холинэргиялық

  4. парасимпатикалық, серотонинэнергиялық

  5. соматикалық, холинэргиялық

2.Қан қысымына әсерiн беретін шамалар:

  1. систолалық қан көлемi, жүрек соғуының жиiлiгi, қан тамырларының кедергiсi.

  2. систолалық қан көлемi, капиллярлық қан ағысы, қуыс веналардағы қысым.

  3. жүрек соғуының жиiлiгi,қан ағысының сызықтық жылдамдығы,О2-парциалды қысым.

  4. қан тамырлардың кедергiсi, жүрек қақпақшалары,онкотикалық қысымы.

  5. онкотикалық қысым, плевра қуыстағы терiс қысымы, қаңқа бұлшықеттерiнiң жиырылуы.

3.Тамырлар бойымен қан жылжыған сайын қан қысымының төмендеуi ... болады.

  1. қан тамырлар кедергiсiнен

  2. қан тамырларды созылуынан

  3. қан тұтқырлығының жоғарлауынан

  4. плевра қуысының терiс қысымынан

  5. қанның осмостық қысымынан

4.Ағзадағы капиллярлардың негізгі атқаратын қызметi ... .

  1. зат алмасу

  2. сыйымдылық

  3. айналмалы

  4. өткiзгiштiк

  5. қоймалық

5.Қанды ең көп мөлшерде ... алады.

  1. бүйрек, жүрек, бауыр, бас миы

  2. терi, көкбауыр, құрсақ ағзалары, қаңқа бұлшықеттерi

  3. бүйрек, қаңқа бұлшықеттерi, бас миы

  4. жүрек, бауыр, құрсақ ағзалары, өкпелер

  5. өкпелер, бас миы, терi, тегiс бұлшықеттері

6.Жүректiң диастола кезiнде тамырлардағы қан ағысын қамтамасыз етеді ... .

  1. артериялардың эластикалық кернеуi

  2. жүректiң қақпақшалары

  3. жүрек қызметi

  4. қанның тұтқырлығы

  5. плевра аралық қуыстағы терiс қысым

7.Систолалық қысым деген-бұл ... .

  1. жүректен тамырларға қан айдап шығарылған кезде пайда болатын қысым

  2. максимальдi қысым

  3. веналар мен қолқа қысымының айырмасы

  4. диастола кезiндегi тамырлардағы минимальды қан қысымы

  5. қолқа мен капиллярлардың қысым айырмашылығы

8.Бүкіл қан тамырлар жүйесi арқылы қанның үздiксiз ағысын қамтамасыз етеді ... .

  1. қолқа және қуыс веналар арасындағы қан қысымының айырмашылығы

  2. артериялар мен веналардың арасындағы қан қысымының айырмашылығы

  3. плевра қуысындағы терiс қысым

  4. венозды клапандар

  5. қаңқа еттердiң жиырылуы

9.Ренниннiң бөлiнiп шығуы жоғарылағанда қан қысымы ... .

  1. жоғарылайды

  2. өзгермейдi

  3. төмендейдi

  4. кенет төмендейдi

  5. фазалық түрде өзгередi

10.Жүрекке қарай веналық қан қозғалысы жоғарылағанда қан қысымы ... .

  1. жоғарылайды

  2. өзгермейдi

  3. төмендейдi

  4. фазалық түрде өзгередi

  5. О-ге дейiн төмендейдi

11.Қан тамырларды қозғалтатын орталықтың тонусы төмендесе, онда қан тамырлардың көлденең қимасы … .

  1. кеңейедi

  2. тарылады

  3. өзгермейдi

  4. кеңейедi, кейiн тарылады

  5. тарылады, кейiн кеңейедi

12.Жүрек жұмысы жиiлегенде қан қысымы … .

  1. жоғарылайды

  2. өзгермейдi

  3. кенет тарылады

  4. төмендейдi

  5. фазалық түрде өзгередi

13.Қан тамырлардың көлденең қимасы метаболиттер, кининдер, инозиннің жергiлiктi әсерiнен … .

  1. жоғарылайды

  2. өзгермейдi

  3. төмендейдi

  4. фазалық түрде өзгередi

  5. кенет тарылады

14.Қан қысымының шамасы ... байланысты.

  1. жүрек айдауына және жалпы қантамыр кедергiсiне

  2. жүрек айдауына және онкотикалық қысымға

  3. жалпы қан тамыр кедергiсiне және плазма құрамына

  4. айналымдағы қан көлемiне және осмотикалық қысымға

  5. шеткерi кедергiге және қандағы оттегi құрамына

15.Қалыпты жағдайда қан қоймаларындағы болатын қан ... .

  1. 40-50%

  2. 10-20%

  3. 30-35%

  4. 55-60%

  5. 70-80%

16.Өкпенiң жалпы сыйымдылығын ... құрайды.

  1. Өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы, қалдық ауа

  2. Дем алу сыйымдылығы, резервтiк дем шығару ауасы

  3. Қалыпты тыныс ауа және қалдық ауа

  4. Қызметтiк қалдық ауа, резервтiк дем алу ауасы

  5. Өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы, қалыпты тыныс ауасы

17.Кеуде қуысының бүтiндiгi бұзылған кезде өкпе ... .

  1. басылып, тыныс алуға қатыспайды

  2. тыныс алған кезде созылады

  3. тыныс шығарған кезде басылады

  4. кеуде қуысына iлеседi

  5. тыныс шығарған кезде созылады

18.Резервтiк дем шығаруда ауаның көлемі ... тең.

  1. 1500 мл

  2. 500 мл

  3. 1900 мл

  4. 2000 мл

  5. 2500 мл

19. Тыныс алу жиілеуінен,бас айналу мен естен тану болады- ... себебінен.

  1. Гипокапния және вазоспазм

  2. Гиперкапния және вазодилатация

  3. Тахикардия және гипокапния

  4. Тахикардия және вазоспазм

  5. Гиперкапния және вазоспазм

20.Пневмоторакс дегенiмiз бұл ... .

  1. плевралық қысым атмосфералық қысымға тең болуы

  2. плевралық қуыстағы терiс қысым болуы

  3. плевра қуыстағы оң қысым болуы

  4. плевра қуысында көмiрқышқыл газының мөлшерiнiң көбеюi

  5. плевра қуысында қанның болуы

21.Пневмография – бұл әдiс ... тiркейдi.

  1. көкiрек қуысының тыныс алу қозғалыстарын

  2. өкпе экскурсиясын

  3. тыныс алу көлемдерiн

  4. диафрагманың қозғалыстарын

  5. қабырғааралық бұлшықеттердiң жиырылуы

22.Тыныс алғанда өкпенiң көлемi ... .

  1. пассивтi кеңейедi

  2. активтi кеңейедi

  3. өзгермейдi

  4. активтi кiшiрейедi

  5. пассивтi кiшiрейедi

23.Дем алу сыйымдылығына ... кiредi.

  1. қалыпты тыныс ауа, резервтiк дем алу көлемi

  2. қалыпты тыныс ауа, резервтiк дем шығару көлемi

  3. резервтiк дем шығару, қалдық ауа көлемi

  4. қызметтiк қалдық ауа көлемi және қалыпты тыныс ауасы

  5. қалдық ауа көлемi, өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы

24.Тыныштықта О2 минутына қолдану ... тең.

  1. 250-350 мл

  2. 100-200 мл

  3. 400-500 мл

  4. 600-800 мл

  5. 850-950 мл

25.Фибринолиздiң 1 фазасында ... болады.

  1. плазминогеннiң қандық белсендiрушiсiнiң түзiлуi

  2. плазминогеннiң плазминге айналуы

  3. фибрин бөлiнуi

  4. қандық және ұлпалық протромбиназа түзiлуi

  5. фибриногеннiң фибринге айналуы

26.Қан ұюының соңғы фазасына ... кіреді.

  1. ұюған қанның ретракциясы,фибринолиз

  2. фибринолиз, эритроцит агрегациясы

  3. ақ тормбтың қалыптасуы

  4. қанның және ұлпалык протромбиназа түзiлуi

  5. фибриногеннен фибрин түзiлуi

27.Қан плазмасының құрамындағы болатын ақуыздар:

  1. фибриноген, глобулин, альбумин.

  2. глобулиндер, миоглобин, фибрин.

  3. фибриноген, карбгемоглобин, альбумин.

  4. миоглобин, оксигемоглобин, альбумин.

  5. фибриноген, метгемоглобин, альбумин.

28.Нормада артериялық қанның рН ортасы ... .

  1. 7.40

  2. 7.50

  3. 8,10

  4. 5,4

  5. 6,85

29.Биологиялық гемолиз ... байқалады.

  1. сәйкес келмейтiн қанды құйғанда

  2. эфир, сiлтiлi, қышқылдың әсерiнен

  3. жоғары t-ның әсерiнен

  4. плазманың осмостық қысымының төмендеуiнен

  5. электрлiк тоқтың әсерiнен

30.Химиялық гемолиз ... байқалады.

  1. эфир, сiлтiлi, қышқылдың әсерiнен

  2. сәйкес келмейтiн қанды құйғанда

  3. жоғары t°-ның әсерiнен

  4. плазманың осмостық қысымының төмендеуiнен

  5. электрлiк тоқтын әсерiнен

31.Механикалық гемолиз ... байқалады.

  1. қандағы пробирканы қатты шайқаған кезде

  2. сәйкес келмейтiн қанды құйғанда

  3. жоғары t°-ның әсерiнен

  4. плазманың осмостық қысымының төмендеуi

  5. электрлiк тоқтын әсерiнен

32.Қан түзу мүшелерiне жатады:

  1. сүйек кемiгi, көк бауыр, лимфатикалық түйiндер.

  2. сүйек кемiгi, көк бауыр, өкпе.

  3. сүйек кемiгi,бауыр, лимфатикалық түйiндер.

  4. сүйек кемiгi, бүйрек, бауыр.

  5. көк бауыр , бауыр, бүйрек.

33.Фагоцитарлық қызмет ... жасушаларының негiзi болады.

  1. нейтрофил, моноциттер

  2. лимфоцит, эозинофильдер

  3. базофил, В-лимфоциттер

  4. Т-лимфациттер, моноциттер

  5. эозинофил, базофилдер

34.Карбоксигемоглобин гемоглобиннің ... қосылысы.

  1. көміртек тотығымен

  2. көмiрқышқыл газымен

  3. оттегiмен

  4. глюкозамен

  5. сумен

35.Оксигемоглобин гемоглобиннiң ... қосылысы.

  1. оттегімен

  2. көмірқышқыл газымен

  3. көміртек тотығымен

  4. глюкозамен

  5. сумен

36.Эритроциттерге тән … .

  1. қызыл сүйек кемігінің жасушасында пайда болады, көк бауырда және бауырда бұзылуы, өмір сүру ұзақтығы 120 күн, деформацияға қабілетті

  2. қызыл сүйек кемігінің жасушаларында бұзылады, деформацияға қабілетті, көк бауырда және бауырда пайда болады

  3. көк бауыр және бауырда бұзылады, ағзада гистаминді бейтараптайды, өмір сүру ұзақтығы 10 күн

  4. өмір сүру ұзақтығы 120 күн, ағзада гистаминді нейтралдайды, қызыл сүйек кемігінің жасушаларында бұзылады

  5. деформацияға қабілетті, ағзада гистаминді бейтараптау, қызыл сүйек кемігінің жасушаларында бұзылады

37.Қанның рН тұрақтылығын ... буферлі жүйелері қамтамсыз етеді.

  1. гемоглобинді, карбонатты, фосфатты, плазма ақуызы

  2. миоглобинді, плазма ақуызы, сульфатты

  3. карбонатты, миоглобинді, плазма ақуызы, сульфатты

  4. фосфатты, миоглобинді, плазма ақуызы, сульфатты

  5. плазма ақуызы, гемоглобинді, фосфатты, сульфатты

38.Қан плазмасындағы ақуыздың маңызы … .

  1. онкотикалық қысым тудырады, қан ұюына қатысады, қанның рН тұрақтылығын сақтауға қатысады, заттардың тасымалдануына қатысады

  2. осмостық қысым тудырады, заттардың тасымалдануына және қан ұюына қатысады

  3. қан ұюына қатысады, заттардың тасымалдануына қатысады, ағзада гистаминді бейтараптайды

  4. рН тұрақтылығын сақтауға және заттардың тасымалдануына қатысады, ағзада гистаминді бейтараптайды

  5. заттардың тасымалдануына қатысады, ағзада ацетилхолинді қан тобын анықтауға мүмкіндік береді

39.Эритроциттердiң осмостық резистенттiлiгi бұл ... тұрақтылығы.

  1. Na Cl гипотониялық ерiтiндiсiне

  2. Na Cl гипертониялық ерiтiндiсiне

  3. Na Cl изотониялық ерiтiндiсiне

  4. глюкозаның гипотониялық ерiтiндiсiне

  5. К Cl изотониялық ерiтiндiсiне

40.Қаның түстiк көрсеткiшi ... сипаттайды.

  1. эрироциттердiң гемоглобинге қанығу дәрежесiн

  2. эритроциттердiң темiрге қанығу дәрежесiн

  3. қандағы гемоглобин мөлшерiн

  4. эритроцит санының лейкоциттерге қатынасын

  5. пiшiндi элементтер мен плазма қатынасын

41.Каогуляциялық гомеостаздың 2-ші кезеңiнде ... түзіледі.

  1. тромбин

  2. протромбин

  3. ұлпалық протромбиназа

  4. қан протромбиназа

  5. антитромбин

42.Егер ... топтардың сары суларында агглютинация болса, онда бұл зерттеушіде IV қан тобы.

  1. I, II, III

  2. II және IV

  3. IV және III

  4. I және IV

  5. IV

43.Ересек адамда айналымдағы қан көлемі ...тең.

  1. 6,5-7% дене салмағынан – 4-5 л

  2. 3-5% дене салмағынан – 1,5-2 л

  3. 9-10% дене салмағынан – 7-8 л

  4. 11-12% дене салмағынан – 8,5-9 л

  5. 13-15% дене салмағынан – 10-12 л

44.Эритропоэтиндер ... пайда болады.

  1. бүйректе, бауырда, көк бауырда

  2. жүректе, көк бауырда, бүйрекүстi бездерде

  3. көк бауырда, гипофизде, бұлшықеттерде

  4. өкпеде, асқазанда, iшекте

  5. iшекте, гипототаламуста, қызыл сүйек майында

45.Ересек адамның қанында эритроциттердiң саны ... .

  1. 4.5-5х1012

  2. 3-5х1012

  3. 1.5-2.5х1012

  4. 10-11х1012

  5. 200-400х1012

46.Еритiн фибриноген ... әсерiнен ерiмейтiн фибринге айналады.

  1. тромбин мен ХIII фактор

  2. тромбопластин мен V фактор

  3. протромбин мен IV фактор

  4. фибринолизин мен ХI фактор

  5. фибриноназалар мен IХ фактор

47.Әйелдерге қарағанда еркектерде эритроциттердiң саны жоғары, онын себебi ... .

  1. эритропоэздiң еркек жыныс гормондар арқылы жоғарылауында

  2. қара жұмыска байланысты эритропоэздiн жоғарылауында

  3. оларда бұлшықет массасы жоғары

  4. эритропоэтиндер көбiрек пайда болады

  5. әйелдер сияқты,әр ай сайын эритроциттерден айырылмайды

48.Базофилдердiң қызметi ... .

  1. гистамин мен гепариндi өндiру

  2. басқа лейкоциттердiң ұлпаға шығуын қамтамасыз етедi

  3. фагоцитоз

  4. аллергия реакцияларын қамтамасыз етедi

  5. антиденелердi тасымалдау

49.Сыртқы фактор цианкоболамин (Вит В12) сiңiрiлуiне қажетті қан түзуші iшкi фактор ... түзiледi.

  1. асқазанда

  2. бүйректе

  3. бауырда

  4. көкбауырда

  5. iшекте

50.Қанның резус- факторының болуының маңызы ... болады.

  1. Rһ+( қанды Rһ-) реципиентке қайта құйғанда

  2. Rһ+(қанды Rһ+) реципиентке қайта құйғанда

  3. Rһ-( қанды Rһ+) реципиентке көп мөлшерде құйғанда

  4. Rһ-( қанды Rһ+) реципиентке қайта құйғанда

  5. Rһ-( қанды Rһ -) реципиентке қайта құйғанда

51.Ағзадағы көмiрсулардың рөлі ... .

  1. негiзiнде энергетикалық

  2. негiзiнде пластикалық

  3. пластикалық және энергетикалық бiрдей

  4. реттеушi

  5. тасымалдаушы

52.Терiс азотты баланс ... байқалады.

  1. тамақтағы ақуыз мөлшерiнiң тым азаюында

  2. екiқабат кезде

  3. өсу кезеңiнде

  4. тамақтағы ақуыз мөлшерiнiң тым жоғарлауында

  5. көмірсудың жоғарылауында

53.Тыныс алу коэффициентi – бұл көлемдердiң … қатынасы.

  1. шығарылған СО2-ның қабылданған О2 мөлшерiне

  2. шығарылған СО2-ның қабылданған азот мөлшерiне

  3. қабылданған О2-нiң шығарылған СО2 мөлшерiне

  4. қабылданған О2 шығарылған су буларының мөлшерiне

  5. көмірсулардың мөлшеріне

54.Адам ағзасында оң азотты баланс ... байқалады.

  1. өсу кезiнде

  2. қартайғанда

  3. ашаршылықта

  4. ұзақ уақыт ауыр физикалық жүктемеде

  5. өте көп көмiрсулар қабылдағанда

55.Көбiнесе негiзгi зат алмасудың жоғарылауын ... гормоны қамтамасыз етеді.

  1. тироксин

  2. адреналин

  3. норадреналин

  4. соматотропин

  5. глюкагон

56.Генле iлмегiнің төмендеуші бөлімінде ... , өрлеуші бөлімінде ... қайта сорылады.

  1. су, натрий

  2. калий, натрий

  3. люкоза, натрий

  4. мочевина, су

  5. натрий, су

57.Нефронның түтiкшелерiнде ... қайта сорылмайды.

  1. сульфаттар

  2. креатинин

  3. глюкоза

  4. витамин

  5. натрий

58.Нефронның түтiкшелерiнен натрий сiңiруiн жоғарылататын ... гормоны.

  1. альдостерон

  2. АДГ

  3. инсулин

  4. паратгормон

  5. ренин

59.Судың қайта сорылуын қамтамасыз ететiн ... гормоны.

  1. антидиуретикалық

  2. глюкагон

  3. соматотропин

  4. паратгормон

  5. инсулин

60.Алғашқы несептiң сүзiлуiне ... көмектеседі.

  1. шумақтың капиллярларында қан қысымының жоғарылауы

  2. қан плазмасының онкотикалық қысымының жоғарылауы

  3. капсула мен түтiкшелерде фильтраттың гидростатикалық қысымының жоғарылауы

  4. плазмадағы белоктардың мөлшерiнiң жоғарылауы

  5. қан қысымының төмендеуi

61.Гипофиздiң соматотроптық гормоны жасалуын ... үдетеді.

  1. ақуыз

  2. гормондар

  3. көмiрсулар

  4. майлар

  5. витаминдер

62.Гипофиздің тропті бөлiнуiн ... күшейтедi.

  1. либериндер

  2. йодтиронин

  3. катехоламин

  4. статиндер

  5. глюкокортикоидтар

63.Чернобыль АЭС-дағы апатты тоқтатушының белгілі уақыттан кейін жоғары қозғыштыққа, жүрек соғысының жиілеуіне, дене салмағының төмендеуіне ұдайы әлсіздікке шағымданады., Қандай без гиперфункциясы осы өзгерістерінің себебі бола алады?

  1. Қалқанша бездің

  2. Бүйрекүсті безі қыртысты қабатының

  3. Бүйрекүсті безі милы қабатының

  4. Қалқанша маңы безінің

  5. Аденогипофиздің

64.Қалқанша бездiң гормондарына ... жатады.

  1. тироксин, трийодтиронин, тирокальцитонин

  2. адреналин, тироксин, холин

  3. секретин, холецистокинин, вилликинин

  4. трийтодтиронин, тироксин, секретин

  5. тироксин, вилликинин, адреналин

65.Антидиурездiк гормон секрециясы көбейгенде … .

  1. су реабсорбциясы көбейедi, несеп бөлiнуi азаяды

  2. су реабсорбциясы азаяды, несеп бөлiнуi көбейедi

  3. су реабсорбциясы өзгермейдi, несеп бөлiнуi көбейедi

  4. су реабсорбциясы азаяды, несеп бөлiнуi өзгермейдi

  5. су реабсорбциясы көбейедi, несеп бөлiнуi өзгермейдi

66.Науқаста қалқанша безі алынып тастауына байланысты , құрысу, бұлшықеттің тетаникалық жиырылуы пайда болды. Бұл жағдай неге байланысты болады, түсіндіріңіз.

  1. Паратгормон өндірілуінің бұзылысы (қалқанша маңы безінің бірге алынып тастауына байланысты)

  2. Тироксин өндірілуінің бұзылысы (себебі қалқанша безі алынып тасталынған)

  3. Адреналин өндірілуінің бұзылысы

  4. Соматотропин өндірілуінің бұзылысы

  5. Кортизол өндірілуінің бұзылысы

67.Науқаста бір бүйрекүсті безі алынған. Бұл жағдайда ағзадағы қалған бүйрекүсті безінің қызметі төмендеген. Бұл жағдайды қалай түсіндіресіз?

  1. Бір бүйрекүсті безінің алынуы кері байланыс принципі бойынша АКТГ өндірілуі төмендеуін шақырды.

  2. Бір бүйрекүсті безінің алыну кері байланыс принципі бойынша ТТГ өндірілуі төмендеуін шақырды

  3. Бір бүйрекүсті безінің алынуы кері байланыс принципі бойынша АКТГ өндірілуі жоғарылауын шақырды

  4. Бір бүйрекүсті безінің алынуы кері байланыс принципі бойынша ЛГ өндірілуі төмендеуін шақырды

  5. Бір бүйрекүсті безінің алынуы кері байланыс принципі бойынша ЛГ өндірілуі жоғарылауын шақырды

68.Альдостерон әсерiне ... жатады.

  1. нефрон түтiкшелерiндегi Na реабсорбциясын күшейту және суды ұстау

  2. шумақтық фильтрацияны күшейту және нефрон түтiкшелерiндегi К- реабсорбциясын күшейту

  3. нефрон тутiкшелерiндегi Na реабсорбциясын тежеу және суды ұстау

  4. шумақтық фильтрацияны тежеу және нефрон тутікшелерiндегi Na реабсорбциясын тежеу

  5. судын реабсорбциясын кушейту және нефрон тутiкшелерiндегi Na тежеу

реабсорбциясын тежеу
69.Етеккір оралымын бақылайтын гормондар:

  1. ФСГ, эстрогендер, ЛСГ, прогестрон.

  2. меланотропин, андрогендер, ЛСГ, прогестрон.

  3. СТГ, ФСГ, прогестрон, эстроген.

  4. ФСГ, глюкагон, СТГ, паратгормон.

  5. ФСГ, инсулин, прогестрон.

70.Әйелдердiң жыныстық гормондары:

  1. эстрон, эстрол, эстрадиол.

  2. паратгормон, серотонин, тирокальцитонин.

  3. серотонин, экстриол, брадикинин.

  4. тироксин, экстрон, тестотерон.

  5. тестотерон, тироксин, серотонин.

71.Инсулин:

  1. гипогликемия тудырады, жасушалармен глюкозаны пайдалануын жоғарылатады, гликогеннiң бауырда, бұлшықетте глюкозадан синтезiн тудырады.

  2. жасуша мембранасында глюкоза өткiзгiштiгiн жоғарылатады, гипергликемия тудырады, бауыр жасушаларында гликогенолиз тудырады, гликонеогенездi тежейдi.

  3. амин қышқылдары мен глюкоза өтуiн төмендетедi, глюкоза гликогенге айналуын тежейдi, гипергликемия тудырады.

  4. гликогенездi күшейтедi, глюкоза тотығуын күшейтедi, кетондық денелердiң түзiлуiн азайтады.

  5. ақуыздардың катаболизмін азайтады, гипергликемия тудырады, глюкоза мен амин қышқылдарына жасуша мембранасының өткiзгiштiгiн жоғарлатады.

72.Қалқанша бездiң гормондық қызметiн … үдетеді.

  1. симпатикалық жүйкелер, тиротропин, адреналин

  2. кезеген жүйке, тиротропин, йод иондары, адреналин

  3. кортикостероидтар, вагус, норадреналин

  4. адреналин, сомастатин, кезеген жүйкелер

  5. норадреналин, гонадотропиндер, глюкагон

73.Қозғыштық ұлпаларға ... жатады.

  1. жүйке, бұлшықет, без

  2. жүйке, шемiршек, дәнекер

  3. бұлшықет, эпителий, глиальды

  4. без, сүйек, коллагендi талшықтар

  5. сiңiрлi, бұлшықет, сүйек

74.Парасимпатикалық және симпатикалық жүйке жүйесiнiң синапстарында бөлiнетiн медиаторлар ... .

  1. ацетилхолин, норадреналин

  2. ГАМҚ, Р заты, нейропептидтер

  3. серотонин, гистамин, простагландиндер

  4. ацетилхолин, гистамин

  5. адреналин, простагландиндер

75.Парабиоз фазалары келесі кезектілікпен өтеді:

  1. теңестiру, парадоксальдi, тежеушi.

  2. тежеушi, жеңiлдетушi, жиынтықталу.

  3. ультрапарадоксальдi, парадоксальдi, парабиотикалық.

  4. теңестiру,тежеушi, доминаттық.

  5. рефрактерлiк, ультрапарадоксальдi, реверберациялық.

76.Табалдырықтан төмен күшi бар тiтiркендiргiшпен әсер еткенде жасушаның
мембрандық потенциалы ... .

  1. төмендейдi

  2. жоғарылайды

  3. жоғалады

  4. өзгермейдi

  5. әрекет потенциалы пайда болады

77.Қаңқалық жүйке -бұлшықет синапсының медиаторы- ... .

  1. ацетилхолин

  2. адреналин

  3. серотонин

  4. глицин

  5. ГАМҚ

78.Жиырылу кезiнде бұлшықет миофибриллалардың қысқаруы ... әсерiнен.

  1. актин және миозин жiпшелерiнiң әрекеттесуi

  2. ақуыз тропин

  3. Са иондары

  4. актиндi жiпшелер қысқаруы

  5. миозин жiпшелерi қысқаруы

79.Хронаксия деген бұл – ең минимальдi уақыт, әсер ететiн ток ... .

  1. қозуды тудыратын екi еселенген реобазалы тоқтың күшi

  2. қозуды тудыратын бiр реобазалы тоқтың күшi

  3. қозуды тудыратын табалдырықтың күшi

  4. қозуды тудыратын табалдырықтан төмен күші

  5. әрекет потенциалды тудыратын үш еселенген реобазалы тоқтың күшi

80.Аккомодация- бұл қозатын ұлпалардың ... қасиеті.

  1. тiтiркендiргiштiң күшi баяу жоғарылаған кезде қозғыштық табалдырығының жоғарылату қасиетi

  2. тiтiркендiргiштiң күшiнiң жоғарылауына байланысты қозғыштық табалдырығының төмендеу қасиетi

  3. табалдырықты күштiң әсерiне қозудың өту жылдамдығын жоғарылату қасиетi

  4. табалдырықтан жоғары күшке қозғыштық табалдырығының жоғарылау қасиеті

  5. табалдырықтан жоғары күшке қозғыштық табалдырығының төмендеу қасиеті

81Тегiс бұлшықеттер ... жиырылуға қабiлеттi.

  1. тоникалық

  2. тетаникалық

  3. иррадиациялық

  4. физикалық

  5. спастикалық

82.Қозушы ұлпалардың адекватты тiтiркендiргiшіне ... жатады.

  1. электрлiк

  2. химиялық

  3. механикалық

  4. температуралық

  5. осмотикалық

83.Талшықтар бойымен қозудың өту жылдамдығы ... жоғары.

  1. соматикалық жүйке жүйесiнде

  2. парасимпатикалық жүйке жүйесiнiң преганглионарлық талшықтарында

  3. парасимпатикалық жүйке жүйесiнiң посганглионарлық талшықтарында

  4. симпатикалық жүйке жүйесiнiң преганглионарлы талшықтарында

  5. симпатикалық жүйке жүйесiнiң постганглионарлы талшықтарында

84.Миелиндi талшықтарда қозу ... таралады.

  1. Ранвье үзiлiстерiнде

  2. аксоплазмада

  3. миелиндi қабатында

  4. сомада

  5. Шванн жасушаларында

85.Белсенді түрде тасымалдану- бұл мембрана арқылы заттардың ... тасымалдануы.

  1. АТФ пен мембраналық иондық насостардың қатысу арқылы

  2. қарапайым диффузия механизмi арқылы

  3. концентрациялық градиент бойынша

  4. электрохимиялық градиент бойынша

  5. оттегiнiң қатысуымен

86.Доминантты құбылыс- бұл … .

  1. ОЖЖ-де қозу ошақтың басымдылығы

  2. қозудың жинақталуы

  3. жүйке орталығының қозғыштығының жоғарылауы

  4. қозудың тұйық шеңбермен айналуы

  5. жүйке орталығының қозғыштығының төмендеуі

87.Табалдырық асты тiтiркендiргiш арқылы қысқа интервалдармен ұзақ әсер еткенде, бұлшықеттiң жиырылуы ... құбылысына байланысты.

  1. жинақталу

  2. конвергенция

  3. доминант

  4. ырғақ трансформация

  5. жол салу

88.Тыныштық потенциалы мембрана ішіндегі ... және сыртындағы ... иондардың айырмасынан туындайды.

  1. натрий калий

  2. натрий хлор

  3. натрий магний

  4. кальций хлор

  5. магний кальций

89.Рефрактерлiк кезең дегенiмiз - ... .

  1. тiтiркендiру кезiндегi қозудың туындамауы

  2. тiтiркендiру кезiндегi жоғарғы қозу

  3. тiтiркендiру кезiндегi төменгi қозу

  4. қозудан кейiнгi жоғары қозу

  5. қозудан кейiнгi қозудың төмендеуi

90.Асқазанның секрециясын ... тежейдi.

  1. майларды қабылдау

  2. көмiрсуларды қабылдау

  3. суды қабылдау

  4. жемiс-жидек сокты қабылдау

  5. ақуызды қабылдау

91.Парасимпатикалық жүйкелерді тiтiркендiргенде сiлекей бездерiнiң секрециясы ... .

  1. көбейедi

  2. азаяды

  3. өзгермейдi

  4. екi кезектi

  5. азаяды,сонан кейiн көбейедi

92.Гастронды енгiзгенде, асқазан сөлiнiң ферменттiк активтiгi... .

  1. азаяды

  2. көбейедi

  3. өзгермейдi

  4. екi кезеңдi болады

  5. бір кезеңді болады

93 Сероздық секретті ... сiлекей бездерi бөледi.

  1. Шықшыт

  2. Жақасты

  3. Тiласты

  4. Жұмсақ таңдайдың ұсақ

  5. тiлдiң түбi

94.Асқазан сөлінің ең ұзақ бөлінуін ... тудырады.

  1. Нан

  2. Ет

  3. Сүт

  4. Сай

  5. Жемiс-жидектер

95.Асқазандағы сөл бөлiнудi ...күшейтедi.

  1. энтерогастрин

  2. гастрон

  3. секретин

  4. вилликинин

  5. энтерогастрон

96.Сiлекей бездерiнде бөлiнетiн ферменттерге ... жатады.

  1. амилаза, мальтаза

  2. мальтаза, энтерокиназа

  3. амилаза, липаза

  4. мальтаза, липаза

  5. трипсин, мальтаза

97.Асқазан секрециясы кезеңдерiнің дұрыс ретілігі ... .

  1. күрделi рефлекторлы, асқазандық, iшектiк

  2. асқазандық, күрделi рефлекторлы, iшектiк

  3. асқазандық, iшектiк, күрделi рефлекторлы

  4. iшектiк, милық, асқазандық

  5. күрделi рефлекторлы, iшектiк, асқазандық

98.Тiл-жұтқыншақ жүйкесін тiтiркендiрсе, сiлекей бездерiнiң секрециясы ... .

  1. көбейедi

  2. азаяды

  3. өзгермейдi

  4. екi кезендi өзгередi

  5. бір кезеңі өзгереді

99.Ұйқы без сөлiнiң липолитикалық ферменттерi ... ыдыратады.

  1. майларды глицерин мен май қышқылдарына

  2. көмiрсуларды моносахаридтерге

  3. ақуыздарды пептид пен амин қышқылдарына

  4. майларды амин қышқылдарына

  5. майларды моносахаридтерге

100.Ұйқы без сөлiнiң секрециясын ... тежейдi.

  1. глюкагон

  2. гастрин

  3. секретин

  4. панкреозимин

  5. кезбе жүйке






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет