100 ән
1–жүргізуші: Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы – ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Ұлттық дамуымыздың негізгі тірегі болар осы үш концепция сөзсіз бір-бірімен сабақтасып, тамырласып жатқан идеялар.
2–жүргізуші: Республикамыздың барлық саласында Рухани Жаңғыру мақаласында белгіленген бағыттары, бағдарламалары, жобалары бойынша көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Осы мақсатта мектебімізде өткелі отырған 100 ән жобасы аясындағы ««Рухани мұра -әндерім»» атты әдеби музыкалық кешке қош келдіңіздер!
1–жүргізуші: Ел аузында «жүректің сазгері» атанған Шәмші көп ән жазды.
Бүгін біз Шәмші ағамыздың бірнеше әндеріне тоқталмақпыз. Ең алғашқысы «Ақ маңдайлым» әні. Онымен таныстыратын-92-топ.
Әнді орындайтын лицейіміздің жұлдызы Серікбекова Аружан.
1–жүргізуші: Ән – халық мұрасы. Халық әндері – сарқылмас қазына, оған бір белгі – әннің мазмұндылығы, елдің өмірі, тұрмыс – тіршілігімен сабақтастығы. Кез келген ән белгілі бір оқиғаға құрылады. Соған орай оның айтайын деген ой – мазмұны да болады. Сондай мазмұнды әндеріміздің бірі – «Бір бала». Әннің шығу тарихы қандай? Ол жөнінде мәліметті бізге 102 - топ береді.
мектебіміздің мақтанышы Тусупова Дина ауырып қалуы себепті Бір бала әнін тағы бір кеште тыңдаймыз деп ойлаймыз.
2–жүргізуші: Қазақтың халық әндерімен пара – пар келетін «Он алты қыз» әнін естімеген жан кемде кем шығар. Мөлдір сезімнен туған әннің тарихын білу үшін ортаға 61- топты шақырайық.
Ал бұл әнді бізге мектебімізде өткен «Екі жұлдыз» байқауының бас жүлдегерлері Әсем Асқарқызы мен Дүйсенов Ельдар орындап береді. Қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші.Қазақ музыкасының алтын сандығындағы сүбелі олжаның бірі, биыл туғанына 175 жыл толып отырған қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың әсем әндері. Көп естіле бермейтін «Есіңде бар ма жас күнің?» әнінің шығу тарихымен 53-топ оқушылары таныстырады. Ал әнді орындайтын музыка пәнінің мұғалімі Ерболат Архат пен Ақылжанов Әміржан.
1–жүргізуші: Ағаш жапырақтары сарғайып, күн нұрын сирек шашып, күңіреніп күз жеткенде құстар жылы жаққа қайтып кетеді. Осы бір табиғи құбылысты дара тұлға Нұрғиса Тілендиев «Құстар қайтып барады» деп әнге салған еді. Сол әннің шығу тарихымен танысу үшін ортаға 91-топты шақырайық.
«Құстар қайтып барады» әнімен «Екі жұлдыз» байқауының 2-орын иегері мектебіміздің менеджері Сейтханова Аяулым, 81-топ әншісі Еркін Толғанайды қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: «Ақ бантик» әні орындалғанда кімнің болмасын көз алдына ақ бантигі желкілдеген балауса қыз келері анық. Әннің шығу тарихына көз жүгіртелік. Ол үшін 72-топтың даярлаған таныстырылымына назар аударайық.
Ендігі кезекті «Екі жұлдыз» байқауының 1-орын иегерлері Мақсұтханов Жайдар мен технология пәні мұғалімі Түсіпбекова Айжан мұғалімімізге береміз.
1-жүргізуші: Даңқты сазгердің ана жайлы әні өте керемет ән. «Ана туралы жыр» деген атпен ел арасында ерекше ықыласпен орындалатын әннің шығу тарихын 51-топ таныстырады. Ал әнді орындайтын жас әншіміз- Бату Нұрай.
2-жүргізуші: «Жса қалам» әні-жүректі тербейтін ән. Осы әннің шығу тарихын 62-топ баяндайды. Орындайтын:»Екі жұлдыз» байқауының 3-орын игері Сабырханова Назерке мұғалім мен Ерболат Архат мұғалім
Біздің елімізде көше әні деген атпен шығып танымал болған саз әуендер де аз емес. Солардың бірі-«Шофер әні» Бұл әннің өкінішке орай, шығу тарихы жоқ. Дегенмен, әнді тәрбие ісінің меңгерушісі Назаров Елжан Серікбекұлы орындауында тыңдап көрелік
2-жүргізуші: «Қазақтың 100 әні» секілді жоба бұл білім ұяларында тек ғылымға берілген баланы ғана емес, өз ұлтының салт – дәстүрі мен рухани құндылықтарына қанып өскен тұлғаны тәрбиелеуге көмек береді. Мектебімізде бастау алған бұл жоба өз жалғасын табатынына сенімдіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |