135 110 184 лекция стом №1


Дата01.01.1970
өлшемі
#102718
Байланысты:
135 110 184 лекция стом №1
oxides Zhanar, oxides Zhanar, 135 110 184 лекция стом №1


№1 дәріс Фармакологияға кіріспе. Жалпы фармакология. Афференттік жүйке 
жүйесіне әсер ететін дәрілер: Жергілікті анестетиктер 
Фармакология – pharmakon – дәрі, logos – ғылым деп аударылады.
Фармакология – дәрі–дәрмектердің жануарлар және адам организміне әсерін зерттейтін 
ғылым. Дәрі - белгілі бір емдік немесе профилактикалық әсер беру үшін қолданылатын 
химиялық зат. Фармакологияның негізгі міндеттері – дәрінің организмге әсерін зерттеу, 
жаңа дәрілерді іздестіру. 
Фармакологияның даму тарихы.
Фармакологияның даму тарихы адамзаттың даму 
тарихымен бірдей өте ұзақ. Ежелгі дәрілер әртүрлі өсімдіктерден және жануарлар 
ағзаларынан алынды.
Гиппократ- (
б.э. ІҮ-ІІІ ғ. бұрын өмір сүрген) - ертедегі медицинада қолданылған 
дәрілерді бір жүйеге келтірген.
Клавдий Гален
(ІІ ғ.) – алғашқы рет дәрілік өсімдіктерді балласт заттардан тазартқан.
Абу Али-ибн-Сина
(Х-ХІ ғ.) - өз заманында қолданылған дәрілерді, олардың қабылдау 
тәсілдерін бір жүйеге келтірген.
Парацельс
(ХҮ-ХҮІ ғ.) – иатрохимияның негізін салушы, медицинаға ауыр 
металдарды дәрі ретінде енгізді.
ХҮІІІ ғасырдың аяғында – ХІХ ғасырдың басында фармакология ғылым ретінде дами 
бастады. Маңызды жетістіктері : 
1785 ж. – оймақгүл препараты жүрек ауруларын емдеу үшін қолданылды.
1806 – 1831 жж. - өсімдіктерден морфин, атропин, хинин алкалоидтар бөлініп 
шығарылды.
1844 – 1847 жж. - азоттың шала тотығы, хлороформ наркозға қолданды.
ХІХ ғ. 30 жылдары – сөндірілген әк дезинфекциялайтын дәрі ретінде қолданылды.
1879 ж. – нитроглицерин ашылды. 
1901 ж. - химиотерапияның негізгі принциптері құрастырылды. 
1921 ж. – инсулин ашылды
1929 ж. – пенициллин ашылды 
1950 ж.– аминазин табылды 
1970 ж. – простагландиндер ашылды 
1980 ж. – СПИД–ке қарсы азидотимидин ашылды. 
Советтік фармакологияның белгілі ғалымдары: 
Павлов И.П.
– ащы, сілтілі заттардың ас қорыту жолының қызметіне әсерін
ОЖЖ әсер ететін дәрілердің әсерін зерттеді. Психофармакологияның негізін қалады. 
Кравков Н.П.
– Совет фармакологиясының негізін қалаушы. Дәрілердің құрама 
әсерін зерттеді, патофармакологияның негізін қалады. Венаға наркоз беруді ұсынды. 
Клиникаға құрама наркозды енгізді. 1926ж. Ленин сыйлығына ие болды.

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет