Байлық кілті



Pdf көрінісі
Дата22.02.2021
өлшемі0,76 Mb.
#106036
Байланысты:
Байлық кілті
CӨЗТӘРБИЕ


George Samuel Clason. 
БАЙЛЫҚ КІЛТІ 
ҚАБЫСҚАН ӘМИЯНДЫ ҚАМПАЙТУ ЖОЛЫ 
немесе 
ЕЖЕЛГІ БАБЫЛДАҒЫ ЕҢ БАЙ АДАМ
Аңыз-шыны аралас
БҰЛ КІТАПТЫ ӘРБІР МИЛЛИОНЕР ОҚЫП ШЫҚҚАН 
БАЙЛЫҚ КІЛТІ 
ЕЖЕЛГІ БАБЫЛДАҒЫ EҢ БАЙ АДАМ 
George Samuel Clason 
Бүл кітаптың авторы мынаған сенімді: өзіңіздің барлық ниетіңіз бен тілегіңізді орындау үшін, сіз 
ең әуелі осы еңбектегі жеке қаржыны меңгеру принциптерін қолдана отырып, ақша мәселесінде 
табысқа жетуге тиіссіз. Кітап көпшілікке арналған.
Орысшадан аударған – Серік Әбдірешұлы Ерғали
Астана, 2010 жыл 
ECTE БОЛСЫН, АҚША ӘРУАҚТА ИГІЛІКТІҢ ҚАРАПАЙЫМ
ЕРЕЖЕСІН ҰҒЫНАТЫНДАРДЫҢ ҚОЛЫНДА 
1. Әмиянды ақшаға толтыра бастаңыз.
2. Шығынды бақылауға алыңыз.
3. Ақшаңызды еселеуге қамданыңыз.
4. Жинағыңызды жойылудан сақтаңыз.
5. Әр саттықты ақшаңыздың пайдалы салымы етіңіз.
6. Келешектегі табыс көзін қамтыңыз.


7. Пайда табу қабілетіңізді арттыра түсіңіз.
Ұлттың өркендеуі әр азаматтың 
қаржылық ахуалына тәуелді 
Алғысөз 
Міне, бұл кітап әрқайсымыздың табысты болуымызға қажетті сала болып табылатын жеке 
даралық табысқа жету жолын зерделейді.
Жетістік – біздің жеке күш-жігеріміз бен қабылетіміздің нәтижесі. Оған біз шынайы түрде әзір 
болғанда ғана жете аламыз. Және де, даналыққа жүгінген әрекеттің бар болғаны ойлаудан 
шығатынын ескерген жөн. Ал, ойлаудың ұға білу қабылетінен басым болуы мүмкін емес.
Бұл кітапша әу баста қабысқан әмиянға дәру ретінде ойластырылған. Мақсат – баюды мұрат 
еткендерге жәрдем ету мен қаражат мәселесіне қарапайым жолмен үңілу. Кітапша сізге ақша 
табуға, оны сақтай білуге әрі жинақ қаржыны жаңа ақша тудыруға итермелеуге көмектеседі.
Ол үшін біз, бүгінде әлем мойындаған, қолданыстағы негізгі қаржы ұстанымын туындатқан
әлемдік қаражат бесігі болған, ежелгі Бабылға (Вавилон) аттанамыз.
Жаңа оқырмандарға автор, мұны бұрынырақ оқып, өз жетістіктерін құлшына жеткізген кісілердей
кітаптың әр парағы әмиян толтыруға және күрмеулі қаржы мәселесінің шешілуіне керек ықылас 
тудыруын шын жүректен тілейді.
Сонымен бірге, автор бұл кітапты оқуды достарына, туыстары мен әріптестеріне ұсынған 
пайдагерлерге шынайы ықыласын алдын ала білдіреді. Өйткені, осы еңбекте айтылған 
принциптерді қолдана отырып машыққан, соның нәтижесімен айтарлықтай жемісін көрген 
кісілердің шынайы мадақ пікірі аса құнды.
Ақшаның нағыз бағасын білген, берік те сынақтан өткен қаржылық принциптерді қолданып ақша 
тапқан өзінің тұрғындарының арқасында ғана Бабыл шаһары ежелгі дүниедегі аса байыған қалаға 
айналған еді. Бабылдықтар бүгінгі біздің әрқайсымыз тілеген мұратқа қол жеткізді, ол: әркімнің өз 
келешегін тұрақты табыспен қамтуы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет