11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама



бет21/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

7

8

9

10

11

1-11 сынып

І тоқсан

бағалары

барлық бала саны

38

24

31

13

14

120

"5"

6

6

5


1

18

"4"

18

8

14

8

7

55

"3"

14

9

12

5

6

46

"2"






0


Үлгерім

100%

96%

100%

100%

100%

100%


Сапа

63%

58%

61%

62%

57%

61%

Пән мұғалімнің күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар, қалыс сағат жоқ. Физика пәні бойынша тәжірибе жасауға арнайы құралдар жеткіліксіз, мұғалім қолдан жасап, қолданады. Мұғалімде күнделікті сабақ жоспары болғанымен, әдістемелік көмекті қажет етеді. Мұғалім сабақта қолданылмайтын ресурстарды жазған, ескерту жасалып, түсіндірме жұмысы жүргізілді.


Сабаққа қатысу барысында төмендегідей кемшіліктер анықталды:
10б сыныбы. Тақырыбы: Жылу қозғалтқыштары. Үй тапсырмасын орындамаған, түсінбеген, мұғалім қайтадан түсіндірді, 20 минут орындады, топтар бірін-бірі тыңдамады. Мұғалім жаңа сабақты тақтаға формуланы жазып, түсіндірді. Бірақ жаңа сабақты меңгертуде оқушыларға түсіндіре алмады. Берілген тапсырмаларға дескриптор, критерийлер берілмеген. Оқушыларда есеп шығару дағдылары қалыптаспаған. Атап айтқанда, тақтаға шыққан оқушылар есепті тек мұғалім көмегімен ғана шығарады, оқушылардың сабақта ауызша жауап беру дағдысы жақсы, ал практикалық
түрде өмірмен байланыстыра алмайды. Оқушылар сабақта физика пәнінен қосымша ақпаратты іздеуге дағдыланбаған, физикалық терминдермен жұмыс нақты жүргізілмейді. Пән мұғалімінің күнделікті сабақ жоспарын дайын жоспарды алғаны көрініп тұр, өзі құрастырмаған.
10б, «Молекуланың өзара әрекеттесу күштері».
Өткен білімді еске түсіруде Қабытай Д, Далелхан А жауап берді, Масалим Г, Төлеуқызы Г дайындықсыз келген. Сабақ барысында үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді. Сынып оқушыларының физика пәніне қызығушылығы төмен, сабақ мақсатына сай белсенді әдістерді қолдану қажет. Мұғалімге іс-тәжірибе алмасу ұсынылды.
9а сынып, «Ньютоның үшінші заңы». Күнделікті сабақ жоспары бар, бірақ оқу мақсаттарынан сабақтың мақсаты нақты шығарылмаған, сабақ барысында берілген тапсырмалар мақсатқа сай құрастырылмаған.
Мұғалім үй тапсырмасын тексеру барысында оқушылардың жұмысына талдау жасамады. Оқушылардың сабаққа қатысуы төмен, берілген формулаға қойып, есеп шығара алмайды. Тақтаға шыққан оқушылар мұғалім көмегімен есеп шығарады. Формативті бағалау нақты жүргізілмейді. Оқушылардың қызығушылығын әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Шакер Б, Кадыр К Мұқтарқызы Ә сұрақтарға жауап беріп, есептерді шығаруға тырысты. Қалған оқушылар тек мұғалімді тыңдап, тақтадан көшірумен шектелді.
8 сынып «Денелердің электрленуі. Электр заряды».
Пән мұғалімінің күнделікті сабақ жоспары бар.
Сыныпта үй тапсырмасын орындау дағдысы қалыптасқан, барлық оқушы үйге берілген тапсырманы орындаған. Жаңа сабақ барысында тәжірибе жасатты, тәжірибе жасауда 4-жұп орындады, оқушылар қызығушылық танытты. Алайда, тапсырмалардың барлығы өте жеңіл алынған. Мұғалімге сабақ барысында жеңілден қиынға қарай өту, тапсырманы күрделендіру ұсынылды. Тапсырма орындауда әр баланың жауабын тыңдап, қадағалау қажет. Дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жауасау ұсынылды. Мұғалім көбінесе өзі түсіндіреді, сыныптағы 10-11 оқушы ғана сабаққа қатысып отырды.


Ұсыныс:
1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятуда сабақта тиімді әдістерді, АКТ-ны қолдану
2. Күнделікті үй тапсырмасын орындауға басты назар аудару
3. Оқушылар есте сақтауы үшін физикалық формулалардың кестелерін қолдану
4. Күнделікті сабақ жоспарын тақырыпқа сай дайындау
5. Физикалық диктанттар жаздыру
6. Формативті бағалауды нақты жүргізу, кері байланыс орнату
7. Мұғалімге іс-тәжірибе алмасу ретінде сабақтарға қатысу
8. Пән мұғаліміне әдістемелік көмек көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет