11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама



бет19/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

ҰБТ-ға дайындық туралы анықтама
қараша, 2023 жыл

Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру жоспарына негізінде, 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындықтары туралы тақырыптық бақылау жүргізілді.

Мектепте 11а сыныбы қоғамдық-гуманитарлық бағытта, 10 оқушы,


11 б сыныбы жаратылыстану-математикалық бағытта оқытылады, 14 оқушы.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің 2023-2024 оқу жылының жұмыс оқу жоспары негізінде /төмендетілген оқу жүктемесімен/ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 18 тамыздағы №264 бұйрығына 22-қосымша, қоғамдық-гуманитарлық бағытта 21-қосымша апталық сағат сандары пән мұғалімдеріне бектіліп берілген. Қоғамдық-гуманитарлық бағытта таңдауы бойынша пәндер тереңдетілген деңгейде: Дүинежүзі тарихы-2 сағат, география-2 сағат; Стандартты деңгейде: биология-2 сағат, кәсіпкерлік және бизнес негіздері-2 сағат, инварианттық компоненттен 5 сағат бөлінген. Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша таңдауы бойынша пәндер тереңдетілген деңгейде: физика-3 сағат, биология-3 сағат; Стандартты деңгейде: дүниежүзі тарихы-1 сағат, графика және жобалау-1 сағат, инварианттық компоненттен 6 сағат бөлінген.
Барлық түлек саны-24. ҰБТ-ға дайындық кестесі құрылып, бекітілген, апта күндері ІІ-кезекте өткізіледі. ҰБТ-ға қатысуға бүгінгі күнге 23 оқушы дайындалуда, 1 оқушы колледжге құжат тапсырады. «Үздік куәлікке»
5 оқушы деп жоспарлануда, аталған түлектердік ата-аналарына мектеп директоры А.Касымжанова пән мұғалімдерімен бірлескен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектепте директордың оқу ісі жөінідегі орынбасары М.Сатбаева, психолог А.Сангулованың қатысуымен 11 сынып оқушыларының арасында тренинг ұйымдастырылып, “ҰБТ деген не?”, “Мен қалай оны тапсырамын?”, “Қандай пән таңдаймын?”, “Қандай мамандыққа түсе аламын?”, - деген сұрақтарына жауап берілді.
Бүгінгі таңда оқушылар жаңа форматтағы ҰБТ-ны компьютермен тапсырыратыны, әр түлектіктің өзі электронды түрде тіркеліп, белгіленген күні өзі таңдаған оқу орнына барып қатысатыны айтылды. Кабинетті тікелей эфирде түсіретін бір камера және әр оқушыны жеке түсіретін, іс-қимылын жазып отыратын камералар бар. Компьютерге алдымен өзінің ТЖК-сын(тестке кірерде қолында рұхсатнама болады, сол жердегі 9 саннан тұратын жинақ) жазып, ақпараттар дұрыс екенін тексеріп, таңдау пәндерін қарап, рұқсат пен ҰБТ-ны бастау туралы ақпараттар берілді.
 
ҰБТ 5 таңдау пәннен тұрады. 3 міндетті және 2 бейіндік пәндер: 
1. Қазақстан тарихы - 20 тест тапсырмасы;
2. Оқу сауаттылығы - 15 тест тапсырмасы;
3. Математикалық сауаттылық - 15 тест тапсырмасы;
4. Екі бейіндік пәндерден - 35 сұрақтан тест тапсырмасы.
Жалпы 120 сұрақ, 140 балл. ҰБТ тапсырушы түлекке 4 сағат уақыт беріледі. 
 
Кейбір оқушылар Darun.online, Bilimland.kz интернет платформалары арқылы қажетті білім алуда. Сонымен қатар өз қалаулары бойынша басқа да платформалар арқылы дайындықтар жасауда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет