Кемшіліктер:
Пән мұғалімдерінің БЖБ бағасын оқушыларға дер мезгілінде қойып, уақытында бағаламауы;
Тоқсан соңында күнделік.кз-те мұғалім қолмен толтыратын бағаны толтырмауы;
Қосымша білім беру, яғни, қолданбалы курс, таңдау пәндері, үйірме сабақтарының электронды журналын күнделікті толмаулары;
Пән мұғалімдерінің денсаулығына байланысты немесе басқа себептермен сабақтан қалған оқушыларға дер кезінде «а» немесе «ж» белгілерінің қойылмауы.
Ұсыныстар:
Пән мұғалімдерінің электронды журнал толтыруда жауапкершілік танытуы қадағалауға алынсын
Пән мұғалімдерінің әр пән бойынша стандарт талаптарының орындалуына басты назар аударылсын
2022 жылдың 26-31 қазан аралығында мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын бақылау мақсатында өткізілетін ағымдық бақылау
АНЫҚТАМА
2022 жылдың 26-31 қазан аралығында мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын бақылау мақсатында өткізілетін ағымдық бақылау жүргізілді. бақылау барысында мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын бақылау мақсатында өткізілетін ағымдық бақылаудың жоспары құрылып бекітілді. Тексеру үшін жұмыс тобын құрылды.
Мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын бақылау мақсатында орнатылған камералардың санын анықталды. Мектепте барлығы 17 камера орнатылған . Ішкі-13, сыртқы-4. Барлығы талапқа сай жұмыс жасайды. Сақтау мерзімі 45 күн. Камералар қажетті деген жерлерде орнатылған.
Мектепте техника қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігі ережелері таныстырылған, журналдары жүргізілген. Қауіпсіздік жұмыстары талапқа сай.
Дабыл сигналдары іске қосылған. Бірақ жөндеуді қажет етеді. Ауданға дабыл сигналдарын жөндеу туралы сұраныс жіберілген.
ҰСЫНЫС: 1. Дабыл сигналдарын жөндеуден өткізу.
2021жылдың 8-19 қараша аралығында 5-сыныптың негізгі пәндерінің жүргізілуі және білім сапасын бақылау мақсатында өткізілетін тақырыптық бақылаудың анықтамасы
«Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 2021жылдың 8-19 қараша аралығында 5-сыныптың негізгі пәндерінің жүргізілуі және білім сапасын бақылау мақсатында өткізілетін тақырыптық бақылау жүргізілді
5 сыныпта барлығы 12 оқушы, 4 ұл, 8 қыз бала . сыныпта 2 оқу озаты бар: Ахметжан Ақниет, Мәсім Айзере. Оқу екпіндісі – 4, Махамадияр Айым,
Қанат Аида ,Тлеутай Алишер, Қасымжан Жұлдыз.
Сыныптың білім сапасы – 50 %.
Жалпы сынып оқушыларының интелектуалдық деңгейі, сабаққа қызығушылық деңгейі жақсы, тәртіп жағынан жақсы. Оқушылар жеке бас ерекшелігі мен даму психологиясына, қабілетіне орай бейімделу процесі әр түрлі жағдайда өтеді, сондықтан ұжым алдында 5 сыныптың орта буынға көшкен кездегі қиындықтарды бірге шешіп, оқушылдардың табысты бейімделуін қамтамасыз ету міндеті тұр.
Бақылау барысында барлық негізгі пәндер бойынша сабақтарға қатысық. Оқу жылының басындағы кіріс бақылау жұмыстарының нәтижелері талқыланды. Негізгі пәндердің дәптерлері, оқушылар жұмыстары , бжб, тжб жұмыстарының талдаулары тексерілді. Оқушылрдың күнделікті толтыруы, күнделікті үй тапсырмасын жазуы және оның орындалуы қадағаланды. 5 сыныптаға пәндер бойынша бейімділік деңгейлеріне диагностика жасалды. Мектеп психологы тарапынан оқушылардың мотивация деңгейлерін зерттеу, ойлау процестерінің даму деңгейін зерттеу, есте сақтау деігейлерін зерттеу шаралары ұйымдастырылды.
Бақылау барысында 12 сабаққа қатысылды. Сабаққа қатысу барысында оқушылрадың пәнге қызығушіліғі, белсенділігі, үй тапсырмаларын орындауы және мұғалімнің сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерін қоладнуы, жеке оқушылармен жұмыс жасауы, тапсырмалар беруде оқушылардың жас ерекшелігін ескеруі қадағаланды . оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында көрнекті құралдар, АКТ-мен жұмыс сияқты жұмыстар жүргізу ұсынылды.
Бастауыш сыныпта үздік болған 5 сынып оқушылары математика пәні бойынша бұл жердегі 20 баллды қорғай алмады. Оқушылар жаңа бағдарламаны дұрыс қабылдау үшін математика сабақтарында оқыту әдісін дұрыс таңдау – ең басты мақсаттардың бірі. Пән мұғалімдері сабақтарында сөздік құзыреттілікті дамыту үшін мынадай әдіс-тәсілдерді қолданып, жұмыс жүргізуде: сұрақ-жауап, көрнекілік, кітаппен жұмыс, аудио-бейне тәсілдері, интерактивті әдістерді көптеп түрлендіріп қолдану қажет. Жаңа идеялар ұсынуда және жаңа мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде ұжымдық оқыту технологиясының маңызы зор. Бұл дәстүрлі әдістерге қарағанда оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді, алайда 5 сынып оқушылары өз ойларын айқын айтуға үйренбеген, топтық, ұжымдық жұмыс жүргізуге дағдыландыру қажет. Кездесетін қиындықтар негізінен: оқушылардың өз ойларын тез, жүйелі ауызша-жазбаша жеткізуге дағдыланбауы, оқулықта жоспардағы кейбір тақырыптардың бағдарламаға сәйкес келмеуі деп түсіндірді.
Достарыңызбен бөлісу: |