11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама



бет49/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Жаратылыстану пән мұғалімі Жанысбаева К. Жаратылыстану пәні бойынша сабақтарға қатысу кезінде оқушылардың белсенділік танытып, сұрақтарға нақты жауап беретінін айтып өтті. Сабақты қорытындылау кезінде оқушылардың пікір айту белсенділігі жоғары болды. Оқушылдар сабақта уақытты тиімді пайдалануды, оқушылар ережесін сақтауды, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруды мұғалім көмегімен қалыптастырды. Оқушылар мұғалімнің бағалауына оң көзбен қарайды, өйткені олар жауаптарына өзіндік бақылау, өзіндік бағалау жайын біледі.
Орыс тілі пәні бойынша Тлеутай Алишер сабаққа жақсы қатысып отырады, оқу тапсырмасын орындап келеді.Бірақ жазу каллиграфиясы орташа. Сөздік жаттайды, кейбір грамматиалық ережелерде қиналады.Оқи алады.
Айдосқызы Ақниет сабаққа қатысуы жақсы, оқу тапсырмасын орындап келеді,грамматикалық ережелерде, сөйлем құрастыруда қиналады.Жақсы оқиды.
Қанат Аида тырысып оқиды, Сөздік жаттап келеді, грамматикалық ережелерде көп қателеседі.
Қасымжан Жұлдыз соңғы сабақтарда үлгерімі төмен болып жүр, грамматикалық ережелерде көп қателеседі.Оқу тапсырмаларын орындап келеді.Көп сөйлемейді.Тақпақтарды жаттап келеді.
Қасымжан Құндыз оқу тапсырмасынкейде орындайды,кейде орындап келмейді, Сабақта орташа қатысып отырады. Оқуға белсенділігі төмен.
Ерікұлы Амир оқу тапсырмасын көбінесе орындамайды, кейде кітабын ұмытып кетеді.Сабақта белсенділік танытпайды. Жазба жұмыстарды орындайды, мұғалімнің көмегімен.
Оқушылардың оқу құралдары толық, бір жұмыс дәптерлері бар.
5 сыныпта осы тоқсанда грамматикалық ережеге көп болғандықтан оқушылар сабаққа қатысуы орта болып тур, қосымша сабақтарда ереже кайталанып отырады.
Қазақ тілі пәні бойынша пән мұғалімі: Нурмуханова Салтанат Толеугазиновна
5-сыныпта пән бойынша тақырыптар ,граматикалық тақырыптар,тапсырмалары күрделенген. Алғашқы күндері оқушылар үйренісе алмай, берілген тапсырманы уақтылы орындауға мүмкіндіктері жетпей, ойын толық жеткізуде қиналып, үрейленген сәттері де болды. Оқушы бойында орын алған мазасыздық күйді жеңу барысында ойын түріндегі тапсырмалар қолданылды. Ойын- бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Сабақ барысында «Жүзіп шығу», «Әдебиет лотосы», «Кейіпкерлер әлемі» «Кезбе тілші», «Сөздермен әңгіме құрастыру» «Ойлан Жұптас Бөліс», «Қос жазба күнделігі» т.б әдіс –тәсілдер қолдану арқылы тапсырмаларды түрлендіре орындатып сабақ мақсатқа қол жеткіземін. Сонымен қатар мәтінмен жұмыс орындай отырып өзіндік пікірлерін , ойын еркін жеткізу үшін де сұрақтарды түрлендіре қоя отырып та бір-бірімен пәкіралмасу арқылы функционалдық сауаттылығын арттырамын.Тақырыптар бойынша аудио,видео жазбалар көрсету арқылы тыңдалым мен айтылым дағдысын қалыптастырамын. Оқушы қызығушылығын арттыруда оқушы деңгейіне сай жеке жұмыс жүргізіп,шығармашылық тапсырмалар беріліп отырылады. Оқушыларға түсінбеген жерлерін қайта сұрап отыруды қатаң ескертіп отырамын.Сабақта оқушы қызығушылығын арттыру барысында түрлі викториналық сұрақтар беріліп ,өздігімен орындауға арналған шығармашылық жұмыстар беріліп отырды.Мәмелен эссе, өлең шығару, мәтін құрау сияқты тапсырмалар.
«3 2 1», «1 1 1», «Екі жұлдыз», «Аяқталмаған сөйлемдер» , «БББ кестесі» т.б
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушы білімдері бағаланып отырылады.
Пән бойынша Арынғазы Д, Тлеутай А, Ерекұлы А. Құттыбек Е жазу коллеграфиясы нашар. Арынғазы Дильназ бен Маратқызы Асем жазылым барысында орфографиялық норма жағынан өте нашар жазады.
Тақырыптар бойынша өз ойларын жазуда қиындық туғызатын,мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушылар: Арынғазы Д, Ерекұлы А, Қасымжан Қ. Маратқызы А. Құттыбек Е.
Ал, Қасымжан Ж Махамадияр А,Қанат А. тапсырмалар орындау барысында жетекші сұрақтар қою арқылы толық жауап аламын. Кейбір оқушылар дауысты мен дауыссыз дыбыстарды ажырата алмайды. Буынға бөліп жазудан қиналады. Бұндай оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі.Баланың тек тілін ғана жаттықтырып қоймай, шапшаңдығына да көп көңіл бөлу керек деп ойлаймын. 5-сынып оқушысы минутына норма бойынша 105-115 сөз оқуы тиіс.Оқу жылдамдығын бақылау барысында 2 оқушы нормадан жоғары атап айтсақ Ахметжан Ақниет, Мәсім Айзере.Нормаға сай 4 оқушы: Қанат А, Тлеутай А. Қасымжан Ж. Махамадияр А. Нормадан төмен 5 оқушы оқиды.Олар: Арынғазы Д. Маратқызы А. Құттыбек Е. Ерікұлы А. Қасымжан Қ. Бұл, әрине, алдағы уақытта оқу жылдамдығына көп көңіл бөліп, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін аянбай еңбек етуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет