11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама


Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының



бет47/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының
орындалуы туралы анықтама

Мектепішілік бақылаудың 2022-2023 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспары негізінде, мектеп директорының 20.12.2022ж №123 бұйрығына сәйкес, мектепте І-жартыжылдықтың аяқталуына байланысты барлық оқу пәндерінен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт /оқу бағдарламаларының/ орындалуы бақыланды.


«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы негізінде стандарт талаптары орындалды. Сонымен қатар, қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамаларына түсіндірме жүргізілді:
1) бағалау – әзірленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген оқу нәтижелерін оқудан күтілетін нәтижелермен салыстыру процесі;
2) бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіштер;
3) білім беру процесінің мониторингі – білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін жүзеге асырудың нәтижелері мен жай-күйіндегі өзгерістердің динамикасын жүйелі бақылау, диагностикалау, талдау, бағалау және жай-күйін болжау;
4) білім беру құндылықтары – білім беру мазмұнын айқындау үшін негіз болатын, білім алушының тұлғасын қалыптастыруда жетекші фактор болып табылатын оқу мақсаттарының жүйесін құрудағы бағдарлар;
5) білім беру қызметі – білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру субъектілерінің мақсатқа бағытталған, педагогикалық негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;
6) білім беру саласы – мәндес оқу пәндерінің жиынтығын қамтитын бастауыш білім берудің базалық мазмұнының құраушы бөлігі;
7) жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;
8) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуі үшін жағдай жасау;
9) оқу жүктемесінің инварианттық компоненті – білім беру ұйымдарының типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан барлық білім алушылар оқып білуге міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;
10) оқу жүктемесінің вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымы айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;
11) оқытудан күтілетін нәтижелер– оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріледі;
13) сабақтан тыс іс-әрекет – білім беру ұйымындағы біртұтас оқу-тәрбие процесінің құраушы бөлігі, үлгілік оқу жоспарында айқындалған оқу жүктемесінен тыс іске асырылатын білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысандарының бірі;
14) үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің (сабақ) тізбесін регламенттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инварианттық және вариативтік компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;
15) формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;
16) элективті курс – білім алушылардың таңдауы бойынша курс, білім алушылардың білім дайындығын кеңейтуге бағытталған оқу жоспарының вариативті компонентінің құрамдас бөлігі.
Тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі, негізгі орта, жалпы орта білім беруде тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптары педагогикалық кеңесте талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тоқсан соңында күнделік.кз-те пәндер бойынша стандарт талаптарының орындалуы тексерілді. Барлық сыныптарда қалыс сағаттар болған жоқ.
Күнделік.кз толтыруда дене шынықтыру мұғалімі Смагулов Ж.А тоқсан соңында оқушыларға қорытынды «есептелінді» жазбағаны, көркем еңбек пәні мұғалімі Жанысбаев М, Даулетханова У тоқсан соңында оқушыларға қорытынды «есептелінді» жазбағаны , информатика пәні мұғалімі Байжукенова А БЖБ бағасын оқушыларға толық қоймауы анықталды. Жіберілген кемшіліктер бойынша пән мұғалімдеріне ескерту берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет