Ұсыныстар:
– үнемі қателермен жұмыс жүргізу;
– оқушылармен жекелей жұмысты күшейту;
– мұғалімге оқушылар жіберген қателерді талдау, оқушылардың біліміндегі жіберілген кемшіліктерді жою мақсатында жұмысты жоспарлау.
– сыныптан тыс мәтін оқу жағдайларын тұрақты қадағалап, ата-аналармен және мектеп кітапханасымен байланыс жасап отыру керек.
– негізгі пәндерден тест тапсырмаларын жүйелі түрде алып отыру.
–жалпы сыныпты оқу жылының аяғына дейін назарда ұстау
2021 жылдың 22-26 қараша аралығында үйде оқытылатын пәндердің оқытылу жағдайы оған психологиялық қолдау мақсатында жүргізілген тақырыптық бақылаудың анықтамасы
«Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 2021 жылдың 22-26 қараша аралығында үйде оқытылатын пәндердің оқытылу жағдайы оған психологиялық қолдау мақсатында жүргізілген тақырыптық бақылау жүргізілді. Бақылаудың жұмыс жоспары жасалып, комиссия тобы құрылды. Жоспарға сәйкес
2021-2022 оқу жылында үйден оқыту тағайындалған 5-сынып оқушысы Сулейман Бектас . Туған күні: 03.06.2010 жыл. Мекен жайы: Алакөл ауданы, Ақши ауылы,. Сырт бейнесі: киген киімі өзінің денесіне сай келеді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес. Физикалық дамуы жағынан денсаулық жағдайы орташа.
Әкесі Қыпшақбаев Абай, анасы Джамашева Адемау. Толық отбасында тәрбиеленіп келеді. Отбасында 2 бала. Ата-анасы баланы қадағалайды, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді.
Дәрігердің қойған диагнозы: Приобретенная апластическая анемия, тежелая форма
Отбасылық жағдайы жақсы. Бірақ жалдамалы үйде тұрады Мектеп тарапынан көмек көрсетіліп тұрады.Отбасының жағдайын сынып жетекшісі, мектеп басшылығы бақылап отырады.
Оқушыға жыл басында тексеріп, бекітілген күнтізбелік жоспар бойынша сабақ өтіп жатыр.
Күнтізбелік жоспар негізгі 5 сыныбының пәндерге арналған жоспарынан, жеңілдетілген тақырыптар таңдап алынған. Әр пәннің өтуіне 45 минут уақыт бөлінген. Пән мұғалімдері сабақ кестесі бойынша сабақтарын өткізіп отыр. Ата-ана тарапынан шағым жоқ.
Оқушының әр сабақтағы көңіл күйі, мінез құлқы, қатысуы туралы күнделік толтырылып отырады.
Үйде оқитын оқушысыда болу керек аталған құжаттар бар. *Қажетті құқықтық құжаттардың үйден оқыту жөніндегі нұсқау ережелері. *Білім бөлімінің бұйрығы. *Білім бағдарламасының сәйкестігі.(оқыту жоспары) *Мектеп құжаттарын толтыру барысында -ВКК анықтамасы -ПМПК қорытындысы. -Ата-ана өтініші. -Мектепішілік бұйрық. *Сабақ кестесінің мектеп директоры және ата-ана келісімімен бекітілген нұсқасы. *Мұғалімнің дәрежесі, өтілі.
Достарыңызбен бөлісу: |