Математика пәні сабақ кестесі бойынша аптасына 3 рет, дүйсенбі, сейсенбі, жұма күндері. Оқу жылының басында математика пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жеңілдетілген бағдарлама бойынша құрылып бекітілді. Оқушының математикадан оқу кітабы бар, пәнге арналған дәптер және оқу тапсырмаларын орындауға арналған дәптері басталған. Ата-анамен байланыс дәптері күнделікті жүргізіледі. Бөлім бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау жоспар бойынша жүргізіліп отыр.
Бектас математика пәнінен көбейту кестесін толық білмейді, сандарды таниды. Қосу, азайту амалдарын орындай алады, бірақ бөлу амалынан қиналады. Бүгінгі өткен тақырыптарды келесі сабақта ұмытып қалуы мүмкін. Кітапта берілген жаттығу жұмыстарын мұғалімнің көмегімен орындайды, дәптерге көшіре алады. Тақырыптық видеоларды көрсетіп, қойған сұрақтарға жауап береді. Өмірмен байланысты сұрақтарға да ойланып жауап бере алады.
Математика пәні бойынша ата-анасы балаға көп көмек бермейді, үй тапсырмасын орындауға қиналады. Берілген суреттерді бояйды, түрлі түсті қарандашпен, фломастермен жұмыс жасай алады. Сабақта көңіл күйі жақсы отырады, сұрағы болса сұрақ қоя алады. Мақтағанды, мадақтауды ұнатады.
Ұсыныстар:
оқушының үй тапсырмаларын орындауын қадағалау
ата-анамен байланысты нығайту
Сабақ барысында оқушыны қызықтыратын көрнекіліктер, акт материалдарын пайдалану
2021 жылдың 27-30 желтоқсан аралығында дене шынықтыру сабақтарында спорттық құралдарды мақсатты қолдануын бақылау мақсатында жүргізілген тақырыптық бақылаудың жүргізілуі туралы анықтама
Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 27-30 желтоқсан аралығында дене шынықтыру сабақтарында спорттық құралдарды мақсатты қолдануын бақылау мақсатында тақырыптық бақылау жүргізілді. Бақылдаудың комиссия мүшелері бекітіліп, жұмыс жоспары құрылды. Жұмыс жоспарына сәйкес мұғалімдердің іс-құжаттары, сабақ жоспарлары тексеріліп, сабақтарына қатыстырылды.
Дене шынықтыру сабақтары мен қатар сабақтан тыс іс-шаралар, спорттық сауықтыру жұмыстары бірталай міндеттерді атқарады. Осы міндеттердің тиімді шешімі болып сабақ жоспарының, мектеп спорттық жұмысының жоспарының дұрыс құрылуы мен ұйымдастырылуы саналады. Тек сонда ғана дене шынықтыру сабақтары мен спорт арқылы оқушының денсаулығын нығайту, дене шынықтыру құндылықтарын қалыптастыру үшін сабақ пен сабақтан тыс үрдістердің тығыз байланыста болу, оқушының жеке қабілеттерін, денсаулығын, қызығушылығын арттыру, спорттық секциялар, үйірмелер жүйесін дамыту міндеттері шешіледі. Ал оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру үшін, сабақ барысында тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.
Мектепте дене шынықтыру пәні бойынша 3 мұғалім сабақ береді. Олар Шайласов М.М, Смагулов Ж.А, Амантаев Б.А. Дене тәрбиесі процесін орындайтын негізгі сабақ -оқу сабағы. Оқу сабағы мұғалімнің басшылығымен арнайы бағдарлама , белгіленген сабақтар кестесі бойынша жүргізіледі. Дене тәрбиесі жүйесінде оқу сабағы 3-бөлімнен тұрады. Дайындық бөліміне :киім ауыстыру,спорттық жабдықтарды орналастыру, кезекшіге тапсырма беру, сапқа тұру т.б. ,сабан басталарда рапорт беру, сабан міндетін хабарлау, көңіл бөлу жаттығуларын орындау жатады.
Пән мұғалімдерінің сабаққа қатысу барысында анықталғаны
дайындық бөлімінде оқушылар сапқа тұрғызылып, кезекшінің рапорты тыңдалды. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген, спорттық киімдері бар. Оқушыларға сабақтың мақсаттары баяндалып, қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындатты.
Негізгі бөлімінде, волейбол ойнын ойнау кезеңінде допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды, допты төменнен қабылдауды үйретті.
Сабақта түсіндірмелі-иллюстративті әдісті қолданды, оқушыларға жаттығуларды көрсетіп тұрып, орындатып отырды. Бұл тиімді әдіс болды деп айта аламын, себебі жаңа сабақты түсінбеген оқушылар болған жоқ. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты. Жаттығулар дұрыс іріктеліп алынды, оқушылардың жүктемесі өзмүмкіндіктерінен асқан жоқ. Тапсырманы орындау саны мен ұзақтығынормаға сай өткізілді. Сабақ процесінде қауіпсіздік шаралары сақталды.
Оқушының жан-жақты, ой-өрісі, тұлғасы жоғары деңгейде дамуында дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны мектеп кезінен бастап дұрыс жолға қойса, нәтижесі жемісті болады. Әр спорттың түрі оқушылардың қызығушылығын, дене бітімін ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар олардың ой-өрістері дамиды. Мысалы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары есте сақтау және математикалық қабілеттерді дамытады. «Көңілді мәре» сайысы оқушылардың ой-қабілетін, жылдамдық ерекшелігін, тез шешім қабылдауына және топтық әрекет жасауына бейімдейді.
Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шынықтыру сабақтары, сыныптан және мектептен тыс жаппай спорт жұмыстарына жатады.
Сабақ – дене тиәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Мектеп ұжымында спорт секциялары жұмыс істейді, спорттың түрлерінен жаппай жарыстар өткізіледі, қоғамдық нұсқаушылар мен төрешілер дайындауда жоспарлы түрде жұмыс ұйымдастырылады, оқылар спорт жұмысының көптеген түрлеріне қатысады.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт , табиғи факторлар жатады.
Ұсыныс: 1. Сабақта белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану
2. Сабақ барысында практикамен қатар теориялық мәліметтер беру
2022 жылдың 5-10 қаңтар аралығында жас мамандардың әдістемелік дайындығын бақылау мақсатында өткізілетін тақырыптық бақылаудың жүргізілуі туралы анықтама
«Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 5-10 қаңтар аралығында жас мамандардың әдістемелік дайындығын бақылау мақсатында өткізілетін тақырыптық бақылаудың жүргізілді.
Заманауи оқытушы – әрқашан да кәсіби деңгейі жоғары, педагогикалық дәстүрлі әдістер мен жаңа технологияларды жақсы білетін әрі оларды өз сабақтарында тиімді пайдалана алатын, әрдайым ізденіс үстінде жүретін, білімін үздіксіз толықтырып, шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, білім алушылардың бәсекеге қабілетті маман болып шығуына қолайлы жағдай жасап, жан-жақты білім беретін, оқу-тәрбие ісін меңгерген тұлға. Арнайы педагогикалық білімі мен жұмыс өтілі жоқ, оқу орнын енді ғана тәмәмдаған жас мамандардың ұлағатты ұстаз атанып, оқушылардың сүйікті оқытушысына айналуы үшін біраз нәрсені үйренуі қажет. Осы орайда жас маманға әдістемелік, педагогикалық-психологиялық көмек қажет.
Мектептегі топтасқан жас ұстаздармен кәсіптік деңгейлерін қалыптастыру, әдістемелік көмек беру мақсатында тәлімгерлер тағайындалған болатын.
Осы бекітілген тәлімгерлерінен кеңес ала отырып, жас мамандар пәндері бойынша оқу жоспарын саралап, бағдарламаларымен танысып, тақырыптық-күнтізбелік жоспарларын құрып жыл бойы жұмыстанады. Жас мамандарға әдістемелік көмек беру, сабақ түрлерін ажырата білуге, сабаққа өзіндік талдау жүргізе білуге дағдыландыру мақсатында тәлімгерлер қыркүйек – қазан айларында жас мамандардың сабақтарына қатысқан болатын. Соның нәтижесінде «Сабақ түрлері, сабақ барысы және оған өзіндік талдау үлгілері» тақырыбында практикум оздырылды. Тәлімгерлер жас мамандардың сабақтарына қатысып, жас ұстаздардың сабақта өздерін ұстауын, оқушылармен қарым – қатынасын, өз білімі мен біліктілігіне сенімділіктің қажеттілігін, түрлі ақпараттық технологияларды пайдалана білуін, сабақтың жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкестігін назарға ұстады.
Бақылау барысында әр жаса маманмен кәсіби сұқбат жүргізіліп қандай әдіс – тәсілдер қолданады, қандай платформада жұмыс жасайды, сабаққа қалай дайындалатындығы туралы пікір алмасты
Математика пәні мұғалімі Асылбаева А
Сабаққа дайындалу барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Үй тапсырмасын тексеруде "серпілген сауал", тест сұрақтары, математикалық диктант, конверттегі сұрақ сияқты тәсілдер қолданды. Бағалауды әр тапсырмаға дескриптор құрастырып, сол арқылы , ауызша мадақтау арқылы да бағалайды. Тиімді әдіс тәсілдер ретінде "Броундық қозғалыс", "Пазл құрастыру", "Семантикалық кесте", Сабаққа дайындалуда smk.edu.kz, kundelik.kz, ust.kz, infourok.ru, quizizz.com т.б платформаларын пайдаланады. "Плюс, минус, қызықты", "үш сөйлем, "смс" т.б сынды түрлі кері байланыс түрлерін қолданады.
Биология пәні мұғалімі Ескельдинова Р
Білім ленд, смк, Елорда мектеп платформаларын қолданады. Әдіс-тәсілдерден : «Вен диаграммасы», «FILA», «Рольдік ойын», «Иә -жоқ», «Полиглот», «Шатаспа», «Сен маған, мен саған», «Интервью», «Постер қорғау», «Семантикалық карта», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Жариялау», «Түрткі сұрақтар», «Лездік сұрақтар», «Суреттер сөйлейді», «Еркін микрофон», «Кім жылдам», «ЖИГСО» әдістерін сабақта жиі қолданады.
Кері байланыс түрлерінен: БББ, Алма ағаш, Аяқталмаған сөйлем, 5 саусақ, Бас бармақ, СМС, Конверт, ПОПС әдістерін қолданады.
Орыс тілі пәні мұғалімі Даулетханова У
Орыс тілі сабағында сабаққа дайындалу барысында әр түрлі әдіс тәсілдерді мысалы: Приём "Фантазёр, мягкий знак или твердый знак? Приём "Знаю. Хочу узнать. Узнал осындай тәсілдерді қолданамын. Үй тапсырмасын тексеруде әр үй тапсырмасын формативті баллмен бағалайды жәнеде бағалаудың әр тапсырмасына дескриптор құрастырады
Жәнеде бастауыш сыныптарда "Две звезды одно желание". Сабаққа дайындалуда осындай smk.edu.kz, elorda mektep т.б платформаларын пайдаланады. Кері байланысқа рефлексия, синквейн тағыда басқа сынды түрлі кері байланыс түрлерін қолданады.
2021-2022 оқу жылы мектепке келген жас мамандарымыз мектеппен, ұжыммен танысып, мектеп ережесі нұсқаулықтарымен және іс-құжаттармен жұмыс жүргізуді үйренді.
Мұғалім портфолиосын жасауға, күнтізбелік және сабақ жоспарын, өзіндік білім көтеру жоспарларын жасауға және мемлекеттік бағдарламалар бойынша жетекшілер өз деңгейінде бағыт бермейтіні анықталды. Сонымен қатар, жас мамандарды сабақтарына талдау жасауға үйретіп отыру қажет екендігін байқадым. Себебі, жас мамандар сабақтарын сауатты түрде талдап, сабақ кезеңдерінде орын алған кемшіліктер мен жетістіктерін нақты анықтай алмайды.
Жас мамандардан алынған сауалнама нәтижесі бойынша қиындық келтіріп жүрген мәселелер анықталып, шешімін табу көзделді.
Достарыңызбен бөлісу: |