География пәні бойынша бағдарлап оқытылуы туралы мәлімет:
5 сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат .
6 сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат .
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
Жаңартылған мазмұндағы 7-9 сыныпқа арналған «Физика» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Жаңартылған бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – физика шамаларын тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау. Осыған байланысты, бұл қосылған тәжірибелік есептердің есесінен, оқу бағдарламасының әрбір бөлімшесі кем дегенде 3 практикалық жұмыстардан тұрады.
«Физика» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
7-сыныпта 10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыстан тұрады.
8-сыныпта 11 зертханалық жұмыс және 30 практикалық жұмыстан тұрады.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Пәндер бойынша сабақта жасалатын практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Физика мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады.
Физиканы оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру үшін
10-11-сыныптардағы физика курсын оқу мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері мынадай болып табылады:
білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;
білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34сағатты;
11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
1-жартыжылдықта физика пәні бойынша берілген зертханалық және практикалық жұмыстар өткізілді, сағат сандары толық, білім стандарты толығымен орындалды.
8-14 ақпан аралығында МАД тобы жетекшісіне әдістемелік көмек көрсету мақсатында жүргізілген бақылау анықтамасы
2021-2022 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспары негізінде мектепте 8-14 ақпан аралығында МАД тобы жетекшісіне әдістемелік көмек көрсету мақсатында жеке бақылау жүргізілді. Бақылау үшін жұмыс жоспары жасалынып, жұмыс тобы құрылды.
Мектепте МАД тобының жетекшісі Касенова Бакыт Асылбековна . Жұмыс өтілі-8 жыл. Топта барлығы 6 оқушы бар. Мектепалды даярлық тобы 5 сала бойынша жұмыс жасайды:
Денсаулық
Коммуникация
Шығармашылық
Әлеуметтік орта
Таным
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы, зияткерлік, дене дамуын, олардың білімді игеруге дайындығын қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын талап санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, рұқсат етілген көлем мен ұзақтықты қамтамасыз ету. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі-20 сағатты құрайды, ұзақтығы 25-30 минут. Вариативті компоненттің апталық оқу жүктемесі-3 сағатты құрайды.
Бақылау барысында анықталғаны шығармашылық білім беру саласы бойынша балалардың құзыреттілік көрсеткіштері өте жақсы, балалар әуенді мұғаліммен қосылып айта алады, мәтінді жылдам жаттайды, әуенімен орындай алады, әуенді жақсы қабылдайды. Сонымен қатар қазақтың ұлттық аспаптарын таниды, суреттерін сала алады, аттарын жатқа біледі.
Әлеуметтік білім беру саласында барлық балалар өз беттерінше әрекет ете алады, достарымен сыныптастарымен жақсы қарым қатынаста. Олар бірімен жақсы араласады, әңгіме айтады, қалжыңдасады. Барлығының тәрбиелері жақсы және мәдениетті сөйлеуге үйренген. Үлкендермен амандасуды, сыйлауды біледі.
Таным білім беру саласы бойынша көрсеткіштер балалар 1 - 20 де» інгі сандарды таниды, 1 - 20 дейін сандарды қосып алады сонымен қатар пішіндерді таниды, ажырата алады. Мысалдар мен есептер құрастыра алады және оларды шеше алады.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені балалар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді.
Сабақта дидактикалық ойынды қолдану пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.
Күнделікті сабақ барысында мынадай ойын түрлері қолданылады:
“ Суретті аяқта”, “ Көліктер”, “ Құс бейнесін құрастыр”, “ Кім жылдам”, “Қиялдағы сурет”, “ Ұлттық киімдерді ата”, “Жылы - суық”, “Ғажайып алаң”,
“Өрнектерді құрастыр”, “Біздің қаланың көліктері ”, “Қуыршақты киіндір”
“ Сиқырлы гүл”, “Аңдар мектебі”, “Суреттей біл”, “Өз жұбыңды тап”, “Лото” т. б.
Балалардың даму үлгерімі мен оқу үлгерімдері бойынша мынандай деңгейді көрсетеді:
- Сыныпта тыңдалым жақсы
- әр бала өзінің не істеп жатқанын түсінеді, белгілі бір білім қорына ие
- әр бала өзінің білетінін жасай алады
Ұсыныс:
1. Біліктілікті арттыру курсына қатысу
2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтарына, шағын орталықтың ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысу
3. Сабақты түрлендіріп жаңаша әдіс-тәсілдер пайдалана отырып өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |