11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама


жылдың 15-21 ақпан аралығында тәлімгерлік үдерісті бақылау мақсатында жүргізілген тексеріс анықтамасы



бет58/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

2022 жылдың 15-21 ақпан аралығында тәлімгерлік үдерісті бақылау мақсатында жүргізілген тексеріс анықтамасы
Мектепте 2021-2022 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспары негізінде 2022 жылдың 15-21 ақпан аралығында тәлімгерлік үдерісті бақылау мақсатында мектепішілік бақылау жүргізілді.
Бақылау үшін жұмыс жоспары жасалынып, бақылау тобы құрылды.
Тәлімгерлік – бұл тұрақты диалог, тұлғааралық қарым-қатынас, демек, ұстаз, ең алдымен шыдамды және мақсатқа ұмтылған болуға тиіс. Өз жұмысында жас педагог, ол қолдануға тиіс неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл түрлері: іскерлік және рөлдік ойындар, "шағын топтармен жұмыс", жағдайларды талдау, тілді дамытатын, іскерлік коммуникацияны, жеке көшбасшылық қабілетін, шешім қабылдай білу, дәлелді тұжырымдау.
Оқы жылының басында тәлімгерлер тағайындалған 4 жас маман болды. Қазіргі уақытта 3 жэаса маман бар, тәлімгерлері тағайындалған. Олар Даулетханова У.Р-Асемова Г.С, Асылбаева А.Б-Салкеева Ш.Р, Ескелдинова Р.Ж-Нурмуханова С.Т. 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары құрылған. Тексеру барысында анықталғаны жас маман Асылбаева А.Б, жетекшісі Математика пәні мұғалімі Салкеева Ш.Р.
2021-2022 оқу жылында жас маман Асылбаева Әйгерімге тәлімгер болып тағайындалған. Ең алдымен жас маманды педагог жұмыстары және ережелерімен таныстырған. Оқу жылының басында әдістемелік нұсқау хатпен, нормативтік құжаттармен және пәндер бойынша оқу бағдарламасымен таныстырып және түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Сағат жүктемесін ескере отырып, сабақ кестесі мен күнтізбелік - тақырыптық жоспарды құрастыруда, сондай –ақ, күнделікті сабақ жоспарларын әзірлеуде, электронды журналды дұрыс толтыруға бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізілген. Күнделікті сабақтарға қажетті әдістемелік және дидактикалық материалдарды, сабаққа қажетті ресурстарды алуға, тиімді әдіс-тәсілдермен таныстырып, сабаққа тиімдісін қолдануға көмек беріп отырады. Жиынтық бағалау тапсырмаларымен таныстыра отырып, оны тексеру және талдау жүргізу жұмыстарын жасауда көмек көрсетілген.
Жас маманның жұмысын бақылауда оның сабақтарына, сыныптан тыс өткізген іс-шараларына қатысып, сабақты өткізген соң толық талдау жасап отырған. Жыл бойынша сабаққа қатысу кестесі құрылған тәлімгер-жас маман және де басқа да пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу жақсы жолға қойылған.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даулетханова Умидаға ағылышын тілі пәні мұғалімі Асемова Г.С тәлімгер болып тағайындалған болатын. Қыркүйек айынан бастап жұмыс жоспары құрылған. Жас маманмен жұмыс жасаудағы мақсаты жас маманға педагогикалық, практикалық көмек көрсету, жаңашылдыққа үйрету. Өзара сабаққа қатыса отырып сабақ беруді әдістемелік көмек көрсету. Пән бойынша мұғалімге күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды жүргізуге, бжб, тжб тапсырмаларын дайындауда, сабақ жоспарын жоспарлауда көмек көрсетілді.
Ұсыныс: 1. Жас мамандарды біліктілікті арттыру курстарына қатыстыру.
2. Жас мамандардың іс-тәжірибе жинау мақсатында үнемі кесте бойынша сабаққа қатысуын ұйымдастыру.
3. Аудандық семинарларға жіберу, қатыстыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет