11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама


Бастауыш сыныптардағы үй тапсырмаларының көлемі және берілу сапасын бақылау мақсатында жүргізілген тақырыптық бақылау анықтамасы



бет63/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Бастауыш сыныптардағы үй тапсырмаларының көлемі және берілу сапасын бақылау мақсатында жүргізілген тақырыптық бақылау анықтамасы

«Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде


18.01-24.01.23күндері аралығында бастауыш сыныптардағы үй тапсырмаларының көлемі және берілу сапасын бақылау мақсатында тақырыптық бақылау жүргізілді.
Үй тапсырмасы — сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі.Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгірмеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындауы, ал мұның өзі көбінесе үйге берілетін тапсырманың шамадан тыс көп беруден болады.
Оқушыларға кейде ақыл-ой күшін көп жұмсауды талап ететін тапсырмалар ғана емес, тіпті дене күшін орасан мол жұмсауды керек қылатын тапсырмалар беріледі. Шамасы келмейтін тапсырманы алған оқушылардың бірсыпырасы оларды орындауды мүлде қояды, ал енді біреулері оны жарым-жартылап қана орындайды, осыдан барып оқушылардың алған білімінде олқылықтар пайда болады да, сыныпта нашар оқитын оқушылар саны артады
Сабақта бекітілген білім көлеміне тура тәуелділіктегі үй тапсырмасының педагогикалық мақсаттағы көлемі оқу бағдарламасымен көзделген. Үй тапсырмасы түсінікті, жаңалық элементі бар және дербестігін көрсетуге мүмкіндік ашатындай болуы керек.
Тапсырма тақтада қысқаша белгіленіп, оқушының күнделігіне жазылады, мұғалімнің түсіндіруімен бірге ілеседі. Мұғалім сонымен бірге үй тапсырмасын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік нұсқаулар береді орындалуын үнемі тексереді.
Жұмсалатын уақытты ескере отырып, үй тапсырмасына ұсынылатын көлемдер нақты белгіленген
2-сыныпта 50 минут
3-4 сыныпта 70 минут
5-6 сыныпта 90 минут
7-9 сыныпта 110 минут
10-11 сыныпта 130 минутты құрайды. Үйге жылдам, түсінікті, нақты, қызықты тапсырмалар берулеріңіз керек.
Сіздердің сабақтарыңызға қатыса отырып байқағаным сабақты ұйымдастыру кезінде үй тапсырмасын қайталауға көп уақыт бөлесіздер, үй тапсырмасын бағалаудың қажеті жоқ, тек қалыптастырушы бағалаумен , ауызша бағалау жүргізесіздер.
Сабақ соңында үй таспсырмасына міндетті түрде тоқталыңыздар, себебі оқушы өздігінен үйде тапсырманы орындай алуы керек. Алдағы уақытта осы ұсыныстарды ескере отырып қайта қаралады, сондықтан назарда ұстаңыздар
Ұсыныстар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет