«Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша тест тапсырмасы.
11-сынып
1.Шәкірт Абайды қаладан алып қайтқалы барған ағайыны
А. Қарабас Ә. Байтас. Б. Майбасар. В. Жұмағұл.
2. Қаладан ауылда аңсап келе жатқан бала шәкірт кім?
А. Құнанбай. Ә. Абай. Б. Оспан: В. Смағұл
3. Ұры жататын жыраның аты.
А. Буратиген. Ә. Көкүйірім . Б.Тақырбұлақ. В. Есембай
4. «-Қап мынының баласы! ... «Мен бөрінің бөлтірігімін» деп келеді-ау» -деп кім туралы Жұмабай айтқан?
А. Абай. Ә. Байтас. Б. Оспан. В. Тәңірберді
5. Құнанбайдың ақ көк аты
А. Құлагер. Ә. Найманкөк. Б. Аймаңдай. В. Топайкөк
6. Есембайдың жауларының бірі болып, Байтас пен Жұмабайға шапқан кім?
А. Құлагер. Ә. Абай. Б. Есембайдың өзі. В. Даладағы қойшы
7. Абайдың анасының есімі
А. Күнке. Ә. Зере. Б. Ұлжан. В. Айғыз
8. Айғыз деген кім?
А. Құнанбайдың тоқалы. Ә. Құнанбайдың қарындасы. Б: Құнанбайдың бәйбішесі. В. Құнанбайдың қызы
9. Ұлжан отырған жайлаудың аты
А. Есембай. Ә. Жидебай. Б. Қызылшоқы. В. Көлқайнар
10. Телғара деген кім?
А. Оспан. Ә. Смағұл. Б. Тәкежан. В. Абай
11. Абайдың әжесі.
А. Ұлжан. Ә. Айғыз. Б. Зере. В. Күңке
12. – Балам, бойың өсіп , ер жетіп қалыпсың –ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? – деп ұлынан сұраған кім?
А. Абай. Ә. Құнанбай. Б. Майбасар. В. Зере
13. Майбасар Құнанбайға қалай жақын болады?
А. Тоқал шешесінен туған інісі. Ә. Туған інісі. Б. Үлкен ұлы. В. Жақындығы жоқ
14. Құнанбайдың шешені
А. Старшын. Ә. Әкім. Б. Аға сұлтан. В. Болыс
15. Майбасардың атқаратын жұмысы
А. Тобықтының болыстық старшыны. Ә. Тобықтының аға сұлтаны. Б. Тілмаш. В. Ауыл молдасы
16. Абай әжесінің құлағын кімдердің өлеңімен ұшықтады?
А. Пушкин, ЛермонтовӘ. Науаи, Фзули. Б. Өзінің өлеңдері. В. Халық жырлары
17. «Жазыла-жазыла қожа- молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас» деген сөз көптің есінде кімнің атымен қалған?
А. Зере. Ә. Құнанбай. Б. Тонтай сөздері. В. Абай
18. Абайдың шығармалары
А. Тонтай (Шаншар). Ә. Жігітек. Б. Ырғызбай. В. Көтібақ
19. Құнанбайдың ел ағаларын шақырып шешкен қандай дау?
А. Жер дауы. Ә. Жесір дауы. Б. Қодар жайы. В. Абай жайы
20. Қодардың жазығы қандай?
А. Баласын өлтіргендігі. Ә. Келінімен жақын болғандығы. Б. Кедей-кепшікті сабағандығы. В. Мал ұрлағандығы.
21. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
А) Араб, парсы, түркі; Ә) Араб, парсы, иран;
Б) Араб, парсы, түркімен; В) Араб, парсы, өзбек;
22. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?
А) 10жаста; В) 11жаста; Ә) 13жаста; Б) 15жаста;
23. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?
А) Байкөкше; В) Барлас; Ә) Көкпай; Б) Шөже..
24. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылды?
А) 101 тілге; Ә) 105тілге Б) 110 тілге; В) 116 тілге;*
25. Абай өлеңді неше жастан бастап жазды?
А) 8 жастан Ә) 10 жастан* Б) 11 жастан В) 13 жастан
Достарыңызбен бөлісу: |