Төртінші бағыт - Отбасы тәрбиесі
Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. Оқу жылының басында тәрбиенің барлық саласы бойынша жұмыс жоспарлары жасалып, бекітілді. «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталықты атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Сол жоспар шеңберінде біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда,
Облыс әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 04.05.2017 жылғы жеделхатына сәйкес, № 11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінде 2017 жылдың 12 мамыр күні сағат 18 :30 - да жалпыұлттық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналысқа барлығы жалпы - 110 ата-ана, 50 ұстаз қатысты. Жиналыстың мақсаты- жаңартылған білім мазмұнын енгізу мақсатында мемлекеттік білім беру саясатын талқылауға ата-аналарды тарту. Күн тәртібінде мектептегі қамқоршылық кеңестің қызметі, демеушілік және қайырымдылық, жаңа форматтағы ҰБТ мен мектеп түлектеріне арналған іс-шаралардың ұйымдастырылуы туралы мәселер қаралды. Жалпыұлттық ата-аналар жиналысын ұйымдастыруға қажетті материалдары қазақ және орыс тілдерінде алдын ала берілген сілтемелерден алынды. Сілтемедегі бейнебаяндар қарапайым түсінікті тілде жаңа форматтағы ҰБТ, қорытынды аттестаттау барысы, мамандық таңдау, тегін кәсіптік техникалық білім алу, қысқа мерзімді 6 айлық курс пен 3 жылдық толық мерзімді білім алу, білім алушыларды әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту орталығының көмегі туралы толық түсіндірілген. Мектеп бітірушілердің барлығы дерлік қорытынды аттестаттаудан өткізілуі, бұл талап алтын белгі иегерлері үшінде қойылғандығы, 1 ақпаннан бастап емтихан қабылдайтын комиссия құрылғаны, комиссия құрамына пән мұғалімдері мен ата-аналар комитетімен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіргендігі айтылған. Бейне жазба соңы мектеп директоры Г. Жорабекованың тарапынан ата-аналарды толғандырған сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, жаңа форматтағы ҰБТ, қорытынды аттестаттау барысы, мамандық таңдау, тегін кәсіптік техникалық білім алу, қысқа мерзімді 6 айлық курс пен 3 жылдық толық мерзімді білім алу, білім алушыларды әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту орталығының көмегі туралы жайында кеңінен пікір таластырылып, тұшымды ойлар ортаға салынды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Алиева ата-анамен баласының арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Балаңызбен қарым-қатынасыңыз қандай?» тақырыбында ауқымды баяндама оқыды. Аталардан өсиет болып қалған мақал-мәтелдермен қорытындыланған жиналысқа қатысушылар белгілі қоғам қайраткері Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе – өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі» деген ұлағатты сөзінің астарында қаншалықты мән-мағына жатқанын көңілдеріне түйіп, тарқасты.
Достарыңызбен бөлісу: |