11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің 2019-2020 оқу жылы педагог ұйымдастырушының сараптамасы Мектепте ұйымдастыру жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген



бет12/25
Дата29.01.2022
өлшемі3,74 Mb.
#115771
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің 2019

Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие

Мақсаты:Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Былтырғы оқу жылының 1 наурызы Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні Қазақстанда алғыс айту күні жарияланды. Алғыс айту күннің мақсаты - күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір – біріне құрмет білдіретін күні екендігін жас ұрпаққа ұғындыру болды. Осыған орай, мектебімізде 24 ақпан күні «1 наурыз – Алғыс айту» күніне арналған іс - шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Осы жоспар шеңберінде біршама іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 1 наурыз күні «Жасұлан және Жасқыран» балалар ұйымының мүшелері Алғыс айту күніне арналған алдын - ала үштілді құттықтау әзірледі. Бірінші сабақ барысында ұстаздарды, оқушыларды және техникалық қызметкерлерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде домбыраның сүйемелдеуі арқылы құттықтап, тосын сый жасалды. Үштілді құттықтаудың мақсаты - ұлттар достастығын насихаттау, үштілді білім беруді дамыту, бауырмалдық пен сыйластықты орнату болды. Мектептің педагог – ұйымдастырушысы У.Жарылқасынова мен аға тәлімгері А.Ауелбекованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Мен ата-анама алғыс айтамын!» атты флеш - моб ұйымдастырылды.





Мектебімізде «Наурыз» мерекесін қарсы алу «Жылдың басы, нұр жауған мерекеміз, басталады наурыздан берекеміз» тақырыбындағы безендіру жұмыстарын жүргізумен басталды. мен денешынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-11 сынып оқушылары арасында спорттық ойындар жарысы болды. 1-11 сынып оқушылары арасында жаппай ашық тәрбие сағаттары «Әз-Наурызым армысың!» тақырыбында ұйымдастырылды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен ұйымдастырушы-педагог Ұ.Жарылкасынова 5-7 сынып оқушылары арасында «Қазағымның дәстүрлері-ай» байқауын озық-ойлы оқушыларды анықтау мақсатында өткізді. Мектебімізде «Наурыз» мерекесін қарсы алу «Жылдың басы, нұр жауған мерекеміз, басталады наурыздан берекеміз» тақырыбындағы безендіру жұмыстарын жүргізумен басталды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет