11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің 2019-2020 оқу жылы педагог ұйымдастырушының сараптамасы Мектепте ұйымдастыру жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген


Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі



бет15/25
Дата29.01.2022
өлшемі3,74 Mb.
#115771
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің 2019

Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Мақсаты:


Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.

Ақпан айының бірінші жұлдызында КТК ойын «EXPO жастары!» тақырыбында ұйымдастырылды. Ойының барысы республикалық телеарналарда жүргізіліп жатқан сайыс талабы негізінде алынды. Қазақстан 166 жылдық тарихы бар «EXPO -2017» көрмесін өткізу құқығын жеңіп алғандықтан осы жобаға аз да болса үлес қосу мақсатында КТК ойынының тақырыбы «EXPO -2017» деп аталды. Ойынның мақсаты- жастардың дұрыс қоғамдық пікірін қалыптастырып, олардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін оятып, ой ұшқырлығын дамыту және заман ағымына ілесе даму арқылы өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулу болды. Ойынға 7-10 сынып оқушыларынан құралған «Тараз - 2000», «Мегахит», «Тәуелсіз елдің Жасұланы», «Көңілді ханшайымдар мен ханзадалар», «Алаш жолы», «Жасұлан жігіттері» командалары қатысты. КТК ойынын мектеп директоры Г.Жорабекова ашып беріп, командаларға сәттілік пен көтеріңкі көңіл - күй тіледі. Мекеме басшысы өз сөзінде – “Мен жастардың осы ойынын құптаймын. Көбіне ашып айта алмайтын шындықты осы ойында күлдіріп тұрып жеткізеді”–деді. Көңілді тапқырлар клубының ойынын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Алиева мен У.Жарылқасынова ұйымдастырды. Мектебіміздің көрермендер залы ойын барысында күлкіге көмілді. Халықты күлдіре біліп, күлкінің дәруменін сыйлаған жас өнерпаздар өнерін таразылау қазылар алқасына жүктелді. Қазылар алқасының төрайымы мектеп писхологі Э.Тлеубекова, әлеуметтік –педагог Л.Райымкулова, математика пәнінің мұғалімі аудандық КТК ойындарының «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алған Л.Тумышева, әділ қазылар алқасының құрамына арнайы шақырылған Ақтөбе ауылдық округінің жастар спорт нұсқаушысы А.Құралбеков болды. Ойын барысында командалардың киім кию үлгісі, жеке эмблемасының болуы ерекше бағаланды. Тіл нормалары мен этикасын, регламентті сақтау, тақырыпты ашу барысы қадағаланды. Көңілді тапқырлар клубының ойынына оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Көңілді тапқырлар клубының ойын қорытындысы бойынша бас жүлдені 10 «А» сыныбының «Тараз - 2000» ұлдар командасы иеленді. І-ші орынды 8 «Ә» сыныбының «Көңілді ханшайымдар мен ханзадалар» командасы жеңіп алса, ал ІІ-ші жүлделі орынды 8 «А» сыныбының «Алаш жолы» мен 9 «А» сыныбының «Тәуелсіз елдің Жасұланы» командалары иемденді. Командалар арасында үздік ойын көрсеткен 8 «Ә» сыныбының оқушысы Арқабай Асылай «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

Мектебімізде 2017 оқу жылдың 10 ақпан - 10 наурыз аралығында «Өмірге ИЯ деп айт!» атты республикалық ақпараттық науқанын (РАН) насихаттау мақсатында бекітілген жоспарға сай іс-шаралар ауқымы кең көлемде өткізіліп жатыр. Ақпараттық науқанның мақсаты - баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару болды. 27 ақпан күні педагог-ұйымдастырушы У.Жарылқасынова мен аға тәлімгер А.Ауелбекова 7-10 сынып оқушылары арасында әлеуметтік желілерде желі ойындары мен жасөспірім суицидтері тақырыптарын әдептілік нормаларын сақтай отырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мектептегі «Жас полиция көмекшісі» отряды жоғарғы сынып оқушыларынан құрылған. Аталған қоғамдық тәртіп сақшылары мен мектеп тәлімгері А.Ауелбекова және мектептің педагог–ұйымдастырушысы У.Жарылқасынова «Жол қозғалыс инспекторлары» атты слет ұйымдастырды. Слеттің мақсаты - көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түсініктерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру арқылы, қызығушылықтарын тудырып, ой – өрісін, белсенділігін дамыту. Мектеп оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу болды. Слет барысында балалар сапта жүріп ән айтты, түрлі әскери жаттығулар мен қатарға тұру, оңға, солға бұрылу сияқты іс-қимылдар көрсетті. Оқушыларға жолда жүру ережесіне қатысты сұрақтар беріліп, жауаптары тыңдалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет