Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер:
Пәнді меңгеру арқылы студент,
білуі керек:
-өндірістік - технологиялық, экологиялық жұмыстарды ұйымдастыруың регламенттейтін нормативтік құжаттарды;
-экология және табиғатты пайдалануға қатысты негізгі ұғымдар мен терминологияларды және тұрақты дамудың стратегиясы мен қағидаларын;
-жаратылыстану-ғылыми және инженерлік білімді және кәсіби қызметтің ғылыми терең білімін және табиғатты қорғау мен ұтымды пайдаланудың негізгі қағидаларын.
игеру керек:
-экологиялық бақылау, экологиялық талаптар бойынша іс-шаралар жоспарың, әдістемелік сауатты әзірлеуді;
-табиғатты қорғау және тұрақты дамыуын қамтамасыз ету үшін тәжірибелік ұсынымдар мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша диагностикалауды және экожүйелердің табиғи дамуын, жердің табиғи ресурстарының сипаттамаларын: литосфера, гидросфера және атмосфера ресурстарын;
-тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды әлемдік, аймақтық және жергілікті деңгейде шешуге қатысты көзқарастарды және түр аралық бәсекелестік – қауымдастықтың түрлік құрылымын сақтаушы негізгі механизмдерің.
дағдылану керек:
-табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау технологияларын, әдістерін меңгеруіне және тиімдісін талдауға;
- қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін кәсіпорындардың технологиялық схемаларын талдау және бағалау әдістемесін меңгеруіне;
- экологиялық үрдістерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге және алған білімдерін экологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануына;
-биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай – ақ, әртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдерді пайдалануға және энергетикалық дағдарыс проблемалары және олардың шешілу жолдарын, әлемдік азық-түлік мәселелердің шешілу жолдарын құруға.
Достарыңызбен бөлісу: |