12. Білек аймағының топографиялық анатомиясы (алдыңғы және артқы аймақтар). Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы. Пироговтың талшықты кеңістігі. Білектің алдыңғы аймағы Шекарасы


Сүт безінің топографиялық анатомиясы (қанмен қамтамасыз ету, веноздық және лимфа дренажы, иннервация)



бет39/53
Дата18.04.2022
өлшемі3,62 Mb.
#139882
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
Байланысты:
анат

43.
Сүт безінің топографиялық анатомиясы (қанмен қамтамасыз ету, веноздық және лимфа дренажы, иннервация).

Сүт безі кеуде қуысының тері асты қабатында орналасқан. Беткей фасция бездің айналасында капсула түзеді, ол сүт безін қолдайтын байламдардың көмегімен тері мен бұғанаға бекітілген.


Әйелдерде сүт безінің скелетотопиялық орналасуы тігінен – III-VII қабырға аралығында, көлденеңінен – төс маңы сызығы, linea parasternalis, және қолтық алды сызығы, linea axillaris anterior, аралығында орналасқан.Сүт безінің пішіні мен мөлшері жас көлеміне, бала туғанына, арық-семіздігіне, тұлғасына байланысты. Ерлерде өмір бойы бір қалыпты мөлшерде 1,5*0,5 см. IV - V қабырға аралықта орналасқан. Ерлерде сүт безінің өсіп кетуі gynaecomastica деп аталады. Бұл без симметриялы болмайды, көбінесе оң жағы үлкендеу боп келеді. Әйелдерде сүт безі күрделі құрылысты, альвеолярлы болады. Без 15-20 бөліктен тұрады. Бөліктер арасы беткей фасцияның, f.superficialis перделер мен бөлінеді. Без бөліктері үрпіге(сосок) қарай раидалды бағытталған, олардың шығарушы өзектері қосылып, осы жерде бір түтік түзейді. Бездің осындай құрылыс ерекшелігіне сәйкес, хирургиялық операция кезінде тілікті радиалды бағытта жүргізу керек. Беткей фасцияның алдыңғы жапырағы, сүт безі үстіндегі терімен тығыз байланысып, сүт безі ішіне перделер жібереді. Осы жағдай бездің қатерлі ісігінде «алаңдық бегі» дамуын түсіндіреді.
Сонымен бірге, қатерлі ісік айналасындағы тіндерге, мысалы, фасция мен теріге тарайды. Бір қолдың саусақтарымен ісікті басып тұрып, екінші қолмен сүт безін медиальді бағытта ығыстырғанда, сүт безі үрпісінің ішке тартылу белгісін – Бензодон симптомын көрсетеді.
Бездің қабы мен кеуденің меншікті шандыры арасында, сүт безі артындағы ұлпа және болбыр дәнекер тін бар. Сондықтан без кеуде қабырғасында қозғалмалы болады.Кей кезде сүт безі астында синовиалды қалта болады.
Кеуде фасциалды қынабына байланысты, алдыңғы – жоғары үш аймаққа бөлінеді:
1)Бірінші қабат – тері мен без қабының алдыңғы жапырағы арасында
2) Екінші қабат – беткей фасцияның жапырақтары арасында, бездің паренхимасы
3) Үшінші қабат – Бездің фасциалды қабының артқы (тереңдегі) жапырағы артында (без қабы мен үлкен кеуде бұлшықетінің меншікті фасция арасында)
Сүт безінің қабынуын – мастит деп атайды. Мастит орналасуына байланысты:
1)Антемаммарлы – бірінші қабат ұлпасында
2) Интрамаммарлы – екінші қабат ұлпасында
3) Ретромаммарлы – үшінші қабат ұлпасында.
Қанмен қамтамасыз етілуі:
Негізгі қандандырушы кеуденіц ішкі артериясының, a.thoracica тармақтары. Оның 6-8 тармақтары үшінші, төртінші және бесінші қабырға аралықпен сүт безіне жетеді. Бүдан басқа сүт безіне a. thoracalis lateralis, a. intercostalis, a. thoracoacromialis бүтақтары арқылы қан келеді. Веналық қан сүт безінен беткей және тереңдегі веналар арқылы ағады. Үрпі маңында тері асты веналар өрім қүрайды (circulus venosus areola).
Қатерсіз ісік кезінде веналық және лимфалық ағыстар бүзылмайды. Ісінген жерді саусақтармен қысқанда ңан ағысы мен лимфа ағысы жақсарады. Қатерлі ісіктерде қабынуға веналы және лимфа ағысы да қосылып, тіндер қатайып, саусақтармен қысқанда олар қалпын бұзбайды (Керниг симптомы).
Сүт безі нерві және без терісінің нерві деп бөлінеді. Терінің нервтенуі, 2 - 7 (жиірек 4 - 5) қабырға аралық нервтер арқылы жүреді. Бұл нервтер бездің артындағы өрімді (бездің тереңдегі өрімін), ол өз кезегінде бездің ішінде тармақтанып, сүт безінің меншікті өрімін қүрайды. Өрім - паренхима ішінде, қантамыр, без бөлшектеріне жне шығарушы өзектерге меншікті тармақтар береді.
1) Сүт безі терісі — бүғана үстілік және қабырға аралық (2-6) нервтер және бүйірлік тері нервтер тармақтарымен нервтенеді.
2) Ареола және үрпі —4-ші, 5-ші және 6-шы қабырға аралық нервтермен қоректенеді.
Сүт безінің лимфа тамырлары кеуде қабырғасының лимфатикалық тамырларымен байланысты. Терінің және сүт безі тінінің (паренхимасының) лимфа тамырлары дербес өрімдер- тері ішілік және паренхиматоздың өрім қүрайды. Тері-лимфа тамырлары үрпіден радиалды бағытта басталып, айналасындағы лимфа түйіндеріне құяды . Сүт безі сыртынан лимфа қолтыққа, жоғарғы бөлігінен — бұғана үстіне, ішкі бөлігінен — төс маңындағы (ішкі кеуде артериясы бойымен) лимфа түйіндерге құяды . Сүт безі паренхимасынан лимфа-субареолярлы лимфатикалық өрімге, одан транспекторалды қолтықтағы лимфа түйіндеріне өтеді. Бүл өрім арқылы лимфа үрпіден, areola mаmmae-дан және сүт безі паренхимасынан жиналады.
Осы өрімнің афференттік тамырлары паренхимада бөліктер арасында орналасып бездің шыарушы өзекшелері арасымен радиалды бағытта өтеді. Эфференттік лимфа тамырлары өрімнің медиалды және латералды бетінде екі баған қүрады . Олар бездің латералды бетінде қосылып, қолтықтың алдындағы лимфа түйіндеріне құяды. Паренхима лимфа тамырларының бір бөлігі сүт безінің қапшығы мен кеуденің үлкен бүлшықетінің фасциясы арасындағы лимфатикалың өрімге құяды (plexus lym phaticus retromammaris). Бүл өрімнің эфферентті тамырлары, кеуденің үлкен бұлшықетін және fascia clavipectoralis-ті тесіп өтіп, қолтықтағы лимфа түйіндеріне өтеді.
Сүт безінің төменгі медиалды квадранты семсер тәрізді өсіндіден 2,5 - 3 см жерде орналасқан. Осы жерден бірнеше лимфа тамырлар, ақ сызықтың жоғарғы бөлігіндегі жұқа жерінен өтіп, ішперде алдындағы лимфатикалық өріммен, ал lig. teres hepatis арқылы бауырға өтеді. Бұл жол арқылы қатерлі ісік клеткалары іш перде алдындағы өрімге, содан кейін бауыр және кіші жамбасқа өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет