Капиталды ұдайы өндіруге кететін шығындар өндірістің үздіксіз процесін қамтамасыз етіп, НӨҚ құру, қайта жөндеу мен кеңейтуге қаражаттардың пайдаланылуын қарастырады. Айналым капиталының қалыптасуы – тауарлы-материалды құндылықтардың қорларын, аяқталмаған өндірісті қалыптастыру шығындары, яғни жай және кеңейтілген ұдайы өндірісті аванстау.

Өндіріс шығындары негізгі капиталдан, айналым активтері мен еңбектен құралады. Аталмыш шығындар өнім, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден түсетін түсім арқылы толығымен өтеледі.
Әлеуметтік-мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығындар – жұмыскерлер біліктіліктерін арттыру, кадрларды дайындау, тұрмыстық жағдайларға қатысты шығындар.
Операциондық шығындар – бір реттік сипаттағы шығындар немесе кәсіпорын үшін ерекше мағынаға ие шығындар (ОҚ қайта бағалауға кететін шығындар, бір реттік ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу шығындары).
Шығындардың экономикалық мазмұны олардың мынадай жіктемесін қарастырады:
Шығындардың экономикалық мазмұны олардың мынадай жіктемесін қарастырады:
1) материалдық;
2) еңбек;
3) ақшалай;
Сондай-ақ:
- айқын (сандық сипатталған, біхгалтерлік);
- айқын емес (сандық анықталмаған, экономикалық).