12 тақырып. «Шаруашылық ЖҮргізуші субъектілердің кірістері мен шығыстары»


Өзге заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін төмендегі түсімдер табыстар болып есептелмейді



бет3/27
Дата07.02.2022
өлшемі273,61 Kb.
#97448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
12 - ТАҚЫРЫП

Өзге заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін төмендегі түсімдер табыстар болып есептелмейді:
• қосылған құнға салынатын салық, акциздер, сатуға салынатын салық, экспорттық баждар, өзге де міндетті төлемдер сомалары;
• комиссия шарттары, комитент пайдасына қатысты агенттік және өзге де шарттар бойынша түсімдер;
• өнімдер, тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем жүргізу тәртібінде;
• өнімдер, тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу шотына аванстар;
• алдын ала берілген қаражаттар;
• қарызгерге берілген несие, қарызды өтеу.
Сипаты, алу шарты мен ұйым іс-әрекетінің бағытына байланысты ұйымның (Шаруашылық жүргізуші субъектілер) табыстары төмендегідей топтарға жіктеледі:
1) кәдімгі іс-әрекет түрлерінен түсетін табыстар;
2) өзге де түсімдер (операциондық табыстар, өткізуден тыс түсімдер, төтенше табыстар).
Кәдімгі іс-әрекет түрлерінен түсетін табыстар – тұрақты сипатқа ие болып, ұйымның күнделікті өндірістік-коммерциялық, қаржылық немесе инвестициялық іс-әрекетімен байланысты табыстар.
Тауарлар мен өнімдерді өткізуден түскен түсім, жұмыстар орындау және қызметтер көрсетумен байланысты түсетін түсімдер кәдімгі іс-әрекеттен түскен табыстар болып танылады.
Өзге де табыстарға операциондық табыстар жатқызылады, оның ішінде:
• ұйым активтерін белгілі ақыға уақытша пайдалануға (уақытша иелену және пайдалану) берумен байланысты түсімдер;
• ойлап табуға патенттерден туындайтын, өнеркәсіптік үлгілер, интеллектуалды меншіктің өзге де түрлерімен байланысты құқықтарды белгілі ақыға ұсынуға байланысты түсімдер;
• өзге ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысумен (құнды қағаздар бойынша табыстарды қоса алғанда) байланысты түсімдер;
• ұйымның бірлескен іс-әрекет нәтижесінде алынған пайдасы;
• негізгі қорларды сатудан түскен түсімдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет