Экономикалық мазмүны мен тағайындалуы бойынша өнімді өндіру және өткізуге жатқызылатын шығындар шығындар (өзіндік құн) деп аталады.
Өнімнің өзіндік құны белгілі өнім көлемін өндіру және өткізумен байланысты барлық шығындарды сипаттайтын экономикалық категорияны білдіреді.
Өнімнің өзіндік құны белгілі өнім көлемін өндіру және өткізумен байланысты барлық шығындарды сипаттайтын экономикалық категорияны білдіреді.
Жоспарлы есептеулерде өнімнің өзіндік құнының келесі көрсеткіштері қолданылады:
• цехтік (жауапкершілік орталықтары бойынша шығындардан құралатын);
• өндірістік (өнімді дайындаумен байланысты барлық шығындар жиынтығын қамтитын)
• сауда (өнімді өткізу шығындарын қамтитын);
• толық (өнімді өндіру мен өткізу шығындарын қамтитын).
Өнімнің өзіндік құнын зерттеу кәсіпорындағы пайда мен рентабельділік көрсектіштерінің деңгейіне дұрыс баға беруге мүмкіндік береді. Неғұрлым жалпы түрде, өнімнің өзіндік құны кәсіпорын іс-әрекетінің барлық жақтарын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін сипаттайды. Өзіндік құнның ең масштабында ұлттық табысты есептеу үшін қолданылып, пайданы қалыптастырудың негізгі факторларының бірі, сондай-ақ шаруашылық іс-әрекет пен басқарудың құраушы элементтерінің бірі болып табылатынын айта кету керек. Өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның қаржы-шаруашылық іс-әрекетінің барлық көрсеткіштерімен үздіксіз байланысты деуге болады. Осы көзқарас тұрғысынан аталмыш көрсеткіш кәсіпорынның барлық жұмысының сапасын жалпылайды.