5) кәдімгі шаруашылық іс-әрекеттен түсетін пайда – негізгі шаруашылық іс-әрекеттен және қаржылық іс-әрекеттен түсетін пайда сомасы;
5) кәдімгі шаруашылық іс-әрекеттен түсетін пайда – негізгі шаруашылық іс-әрекеттен және қаржылық іс-әрекеттен түсетін пайда сомасы;
6) төтенше пайда;
7) салықты төлегенге дейінгі пайда (шығын). Бұл көрсеткіш
бухгалтерлік пайдадан салық салынатын пайдаға көшу нүктесі болып табылады. Бухгалтерлік (немесе есептік) пайда – бұлбухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес есептелген пайда. Бухгалтерлік пайданы анықтаудың негізгі мақсаты – есепті кезеңдегі кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділігін көрсету. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның кірістері мен шығыстары, болашақ кезеңдерге басқарушылық шешімдер қабылдау үшін оның іс-әрекетінің таза нәтижесі туралы ақпарат жинап, өңдеу үшін қажет. Осы мақсатқа қол жеткізгеннен кейіналынған нәтиже (салықты төлегенге дейінгі пайда) елдің салық заңнамасына сәйкес түзетілуі керек. Осылайша, салық салынатын пайда – бұлсалықтық талаптарға сәйкес қайта есептелген бухгалтерлік пайда;
8) таза пайда (таза шығын) – салықты төлегеннен кейін пайда. Нарықтық экономика жағдайында бұлкәсіпорын іс-әрекетінің маңызды көрсеткіші. Ол кәсіпорын басшылары мен қаржылық нарықтардың назарына алынады. Оның қарқынынан кәсіпорынның әрекет етуі, оның жұмыскерлері үшін жұмыс орындарының болуы, акционерлік компанияда дивидендтерді төлеу тәуелді болады.