Сөж тақырыбы: гаж талаптары және жобалау кезеңдері Орындаған: Тұрғара Е



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#124372
  1   2   3   4
Байланысты:
13 геоинформатика Еркош
Сызықтық Еркош, Аспаптар 6 Еркош, Сызық Еркош 10, Тсп лекция 14, 13 Геология Еркош, Авто 6 Еркош, Еркош автомат4, 14 кмж, Береке Алтынгул, 21-5, социология, практика-семинар, Мұсабек М.Ж ҚМЖ, Аңсабай Ж., 1-лекция Қазақстан - Конституция, Кешенді жоспар рус, 130 9 сынып

СӨЖ

Тақырыбы: ГАЖ талаптары және жобалау кезеңдері

Орындаған: Тұрғара Е.

Тобы: ГК-811

Тексерген: Оразбекова Г. Б

Семей 2021


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам  Инженерлік технологиялар факультеті

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

  • ГАЖ жобалау кезеңдері және ережелері
  • ГАЖ құрылымының қосалқы жүйелері
  • Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы. ГАЖ 1960 жылдардың cоңында дамыса да, соңғы 10 жылда бұл технология өте қарқынды пайдаланылуда. Мұндай қарқынды дамудың басты себебі – әрине, есептеу техникасының дамуы болып отыр. ГАЖ пайдаланатын кең көлемді мәтіндік және графикалық ақпараттар, модельдік есептер, сапалы графика – машина ресурстарын едәуір талап етеді. Осы уақытқа дейін ГАЖ үшін жарамды сипаттамалары бар ЭЕМ өте қымбат, әрі оны тек ірі қалалардағы үлкен мекемелер ғана пайдалана алды.


ГАЖ жобалау кезеңдері және ережелері
Әртүрлі тапсырмаларды шешу үшін әртүрлі ұйымдастырушылық сызбаларында және әртүрлі талаптармен ГАЖ қолдану ГАЖ жобалау процесіне әртүрлі жолдарды талап етеді.ГАЖ жобалау процесінің бес негізгі кезеңдерін бөліп қарайды.
1. Қабылданған шешімдер жүйесін талдау. Процесс қабылдау үшін ақпарат қажет болатын барлық шешім түрлерін анықтаудан басталады. Әрбір деңгейдің және функционалдық саланың қажеттілігі ескерілуі тиіс.
2. Ақпараттық талаптарды талдау. Әрбір шешімді қабылдау үшін қандай ақпарат типі қажеттігі анықталады.
3. Шешімдерді біріктіру, яғни шешім қабылдау үшін бірдей ақпарат немесе біршама асып түсетін ақпарат қажет болатын тапсырмаларды топтау.
4. Ақпараттарды өңдеу процесін жобалау. Аталмыш кезеңде ақпараттарды жинаудың, сақтаудың, берудің және жаңғыртудың шынайы жүйесі жасалады. Персоналдың есептегіш техниканы қолдану мүмкіншілігі ескерілуі тиіс.
5. Жүйені жобалау және бақылау. Маңызды кезең – бұл жүйені құру және іске асыру. Әртүрлі позициядан жүйенің жұмысқа қабілеттілігі бағаланады, қажет болғанда түзету енгізіледі. Кез келген жүйеде кемшіліктер болады, сондықтан оны икемді және лайықты жасау қажет.
Геоақпараттық технологиялар бұрындары көп уақытты, адамның энергетикалық, психологиялық және басқа да басқа шығындарын қажет ететін көптеген қиын операцияларды автоматтандыруға арналған. Дегенмен технологиялық тізбектің әртүрлі кезеңдері көп немесе аз автоматизациялауға жатқызылады, бұл көбінесе бастапқы тапсырмаларды дұрыс қоюға тәуелді.
Ең алдымен бұл қолданылатын ақпараттық өнімдерге және өңдеу нәтижесінде алынған шығыс материалдарына қойылатын талаптарды қалыптастыру. Бұған карталарды, кестелерді, тізімдерді, құжаттарды басып шығаруға; құжаттарды іздестіруге және т.б. қойылатын талаптарды жатқызуға болады. Нәтижесінде «Кіріспелік мәліметтердің жалпы тізімі» шартты атауы бар құжат құрылады.
Келесі қадам – құрылатын жүйенің артықшылықтарын, құру кезектілігін және негізгі көрсеткіштерін анықтау (аумақтық қамту, функционалдық қамту және мәліметтер көлемі). Одан әрі максималды қолдану мүмкіншіліктерін ескере отырып, қолданылатын мәліметтерге қойылатын талаптар белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет