№1 Аралық бақылау Пәні: Сызықты құрылыстағы инженерлік-геодезиялық іздестіру



Дата08.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#124378
Байланысты:
Авто 6 Еркош
13 геоинформатика Еркош, Сызықтық Еркош, Аспаптар 6 Еркош, Сызық Еркош 10, Тсп лекция 14, 13 Геология Еркош, Еркош автомат4, 14 кмж, Береке Алтынгул, 21-5, социология, практика-семинар, Мұсабек М.Ж ҚМЖ, Аңсабай Ж., 1-лекция Қазақстан - Конституция, Кешенді жоспар рус, 130 9 сынып

№1 Аралық бақылау
Пәні: Сызықты құрылыстағы инженерлік-геодезиялық іздестіру
Тақырыбы: Инженерлік-геологиялық ізденістердің мақсаты мен міндеттері
Тобы: ГК-811
Орындаған: Тұрғара Е. А.
Тексерген: Аға оқытушы Кудеринов С. М.
Семей – 2021ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ «ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС» КАФЕДРАСЫ
Жоспар:
1. Инженерлік геологиялық ізденістер
2. Инженерлік-геологиялық ізденістер құрамына кіретін жұмыстар
  • Инженерлік геология қызметі
  • Инженерлік геологиялық ізденіс мақсаты
  • Инженерлік геологиялық ізденудің негізгі мәселелері

  • Қорытынды
    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
  • Инженерлік-геологиялық ізденістер – жергілікті жердің геологиялық және гидрогеологиялық жағдайын анықтау, яғни жергілікті жердегі грунт пен судың түр-сипаты мен физико-механикалық қасиетін, химиялық құрамын, көп жылдық климат мәліметтерін анықтау мақсатында орындалатын жұмыстар жиынтығы. Кез-келген құрылыс нысанының негізі болып табылады. Геологиялық жағдайды дұрыс анықтау – өте маңызды кезеңдердің бірі.

Инженерлік геологиялық ізденістер
Құрылысты бастаудың алдында ғимаратты немесе құрылысты оңтайлы жобалау міндетін шешу үшін инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізіледі. Олар геологиялық құрылысты, гидрогеологиялық шарттарды зерттеу, топырақтардың физикалық-механикалық қасиеттерін бағалау, сондай-ақ құрылыс үшін жағымсыз инженерлік-геологиялық процестерді болжау (көшкіндер, шайма апат, су басу және т.б.) бойынша жұмыстар кешенін қамтиды.
Инженерлік-геологиялық ізденістер мына жұмыстарды қамтуға тиісті: жобаланған құрылыс аймағының (жұмыс алаңының, жер телімінің, трассаның) инженерлік-геологиялық жағдайларын, соның ішінде сол жердің бедерін, геологиялық құрылымын, сейсмотектоникалық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын, топырағының құрамын, күйін және сипаттарын, геологиялық және инженерлік-геологиялық үрдістерін кешенді мәнермен зерттеу; нысандарды дұрыс жолмен жобалау, салу және пайдалану үшін қажетті және жеткілікті мәлеметтерді алу мақсатымен тиісті болжам жасау, мұндай болжамда жобаланған нысандардың геологиялық ортамен әрікеттескен кезде қандай өзгерістерге тап болуы мүмкін екені сипатталады.
Инженерлік-геологиялық ізденістер құрамына келесі жұмыстар кіреді:
  • өткен жылдарда жасалған ізденістердің материалдарын жинау және өңдеу;
  • маршруттық бақылау (аймақты алдын ала тексеріп білу, яғни рекогносцировка жасау);
  • тауда жасалған қуыстарды тереңдету (инженерлік-геологиялық ұңғыларды бұрғылау);
  • геофизикалық зерттеулер;
  • дала топырақты зерттеулері (статикалық, динамикалық зондылау, штамптық тексерулер);

Инженерлік-геологиялық ізденіс нәтижесі жобалаудың келесі мақсаттарын шешеді: Болашақ ғимарат пен имараттың орналасуына геологиялық тұрғыдан ең тиімді орынды анықтау.Инженерлік-геологиялық шартты анықтау нәтижесінде мүмкіндігінше ең рационалды фундаментін және болашақ құрылыс жұмыстарының технологиялық проецессі анықталады.Таңдалған территорияны инженерлік тұрғысынан жақсарту үшін керекті іс-шаралардың ұсынысын беру (ол: грунтты ылғалдандыру, күшейту, мелиорация және т.б.).
Инженерлік геологиялық ізденіс мақсаты
Инженерлік – геологиялық ізденудің негізгі мәселелері:
  • Объектерді құруда, оларды техникалық және экономикалық тұрғыдан негіздеу.
  • Жобаланушы объект варианттарын бір-бірімен салыстырып, солардың ішінен ең оңтайлысын таңдау.
  • Таңдалған объектегі ғимараттардың компановкасын (жай-жайын, жайғасуын, орналасуын) негіздеу.
  • Ғимарат пен негіздің өзара жұмыс істеу схемасын есептеу, негіздеу.
  • Құрылыс жұмыстарын жоба бойынша (авторлық) қадағалау.

  • Орындалған іздену жұмыстары территорияның геологиялық құрамына құрылымы, күніжәне грунттың физикалық-механикалық қасиеттерін геологиялық пен геоморфологиялық жағдайын жағымсыз физико-геологиялық процестер мен құбылыстарды анықтау, оларды ғимарат құрылысы мен пайдалануда болжауға бағытталған болу керек.Инженерлік – геологиялық ізденулердің құрамы объекті жобалау кезеңдері мен территорияның табиғи жағдайына байланысты.

Инженерлік геологиялық ізденудің негізгі мәселелері
Кез-келген территорияның инженерлік-геологиялық негіздерін оның геологиялық даму тарихын білмей және заманауи физико-географиялық жағдайына талдау жасамай зерттеу мүмкін емес. Қорытындылай келе, инженерлік геология, геологиялық ортаға адамның инженерлік әрекетінің әсері тәрізді өзіндік зерттеу нысанына қарай, кең көлемде табиғи заңдылықтарды да зерттеуге алуға тиіс.
Инженерлік геология қиын тәжірибелік мәселелерді шешу барысында тәжірибемен, тіпті өмірдің өзімен тексерілген теориялық негіздерге сүйенеді. Өз әрекетінің арқасында инженерлік геология басқа геологиялық ғылымдар қатарында елеулі орынға ие болады.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
  • Қ. Ибрагимов, Ж.А. Үсенқұлов, Б.С. Байболов, Э.И. Қарабаев «Инженерлік геологиядан негізгі мәліметтер. Іргетастар мен негіздердің есебі» Шымкент, 2009ж. 134б.
  • Ананьев В.П., Переделский Л.В. «Инженерная геология и гидрогеология» М.: Высшая школа, 1980. 271с.
  • Пешковский А.М., Пирескокова Т.М. «Инженерная геология». М.: Высшая школа. 1982. 341с.

  •  

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет