126жм назарқұл Еркебұлан


Жасушаның тіршілік қасиетінің негізі. Жасушаның синтетикалық үрдісі. Жасуша компанентінің анаболизм және катаболизм үрдісімен байланысы



бет17/84
Дата02.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#156163
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021 — копия

15. Жасушаның тіршілік қасиетінің негізі. Жасушаның синтетикалық үрдісі. Жасуша компанентінің анаболизм және катаболизм үрдісімен байланысы.
Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттері

Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттеріне жататындар: зат алмасу, тітіркенгіштігі, көбею, өсу мен даму және т. б.



Зат алмасу. Жасуша мен қоршаған орта арасында тынысалу, қоректену, қажетсіз өнімдерді шығару арқылы үздіксіз зат алмасады. Жасушадан сыртқы ортаға тотығу өнімдері шығарылып, корек заттар мен оттек қабылданады. Көпжасушалы ағзалардың жасушалары ағзаның ішкі ортасында тіршілік етеді. Ағзаның ішкі ортасына қан, лимфа, ұлпа сүйықтығы жатады. Осы ортадан жасушаның жарғақшалары арқылы су, тұздар, витаминдер, гормондар, оттек өтеді. Бұлар - жасушаны түзетін құрылыс материалдары. Оттек нәруыздарды, майларды, көмірсуларды тотықтырып, энергия бөлінеді. Энергия жасушаның барлық тіршілік әрекеттерін жүзеге асырады. Оттектің жасушаның құрамды бөліктерімен қосылуы - жасушалық тынысалу деп аталады. Бұл кезде ағзада қажетсіз заттар (көмірқышқыл газ, тұздар) түзіліп, қан ағынымен зәр шығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады. Зат алмасу - тірі ағзаларды өлі табиғаттан ажырататын негізгі белгі.

Тітіркенгіштігі. Жасушалар сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштерінің әсерінен қозады. Қозғыштық - барлық тірі ағзаға тән қасиет. Мысалы, суықтын, ыстықтың, жанасудың, химиялық заттардың барлығы тітіркендіргіштер.

Көбею жасушалардың бөлінуі арқылы жүзеге асады. Алдымен ядро, содан соң цитоплазма екіге бөлінеді. Әрбір бөлінудің алдында ядродағы хромосомалар ұзынынан екі еселенеді де, бірінен-бірі ажырап, жас жасушаларға бөлінеді.

Өсу мен даму зат алмасудың нәтижесінде жасушадағы жай заттардан күрделі ағзалық заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар) түзіледі. Цитоплазма, ядро осы заттардан түзіліп, жасуша өседі. Цитоплазма мен ядро өзгеріп дамиды. Ересек жасушалардың жаңа пайда болған жасушалардан көптеген айырмашылықтары бар екені байқалады.

Көбею - тіршіліктің қалыпты сақталуын, ал өсу мен даму жасушалар санының көбеюін қамтамасыз етеді. Даму - көбеюмен аяқталады.


Жасушалардағы негізгі синтетикалық процестер:
Пластикалық метаболизм-бұл қарапайым заттардан күрделі органикалық заттардың түзілуі. Пластикалық метаболизм кезінде тірі организмдердің барлық биополимерлері мен жасушалық құрылымдары түзіледі. Пластикалық метаболизмнің түрлері фотосинтез және химосинтез процестері болып табылады, өйткені осы процестер кезінде күрделі органикалық заттар бейорганикалық заттардан түзіледі.
Гетеротрофты да, автотрофты организмдер де пластикалық алмасу реакциялары үшін сыртқы энергия көздері мен көміртегі атомдарын пайдаланады. Айырмашылық оларды алатын көздерде жатыр. Автотрофтар күн сәулесінің энергиясына байланысты бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газынан) Карбон алады. Ал гетеротрофтар-бұл заттардың бір бөлігін тотықтыруға байланысты басқа тірі организмдердің органикалық заттарынан.
Жасушалар мен жасушааралық заттар ағзаның даму барысында ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер жүйесіне және тұтас ағзаға бірігеді.
Катаболизм және анабализм реакциялары жасушада бір уақытта жүреді, бірақ олардың жылдамдығы бір-біріне тәуелсіз реттеледі.Яғнимикроорганизмдерде қоректік заттарды қабылдайтын арнаулы орган болмайды. Сондықтан олар қоректік заттарды барлық денесі арқылы қабылдайды да, олар клеткадағы керексіз заттарды сыртқа бөліп те үлгереді. Жалпы бұл екі процестің екеуі де өте тез жүреді. Қоректік заттарды қабылдау осмос құбылысына байланысты. Өйткені бактериялар клеткасының қабығы жартылай өткізгіш келеді яғни белгілі қоректік заттарды қажетті мөлшерде ғана өткізіп тұрады. Микробтар клеткасында болатын заттар ерітіндісі оған белгілі мөлшерде кысым туғызады. Оны осмос қысымы деп атайды. Оның шамасы клеткадағы еріген заттың концентрациясына тығыз байланысты. Егер еріген заттың концентрациясы неғұрлым артық болса, қысым да соғұрлым арта түседі. Сонымен қатар клеткада жүретін биохимиялық процестердің нәтижесінде жиналған заттар осмос қысымының әсерінен клеткадан сыртқа бөлініп шығып отырады. Яғни ортада су көп болғанда цитоплазма ісініп, клетка кабығын кереді. Мұны тургор құбылысы деп атайды. Сонымен қатар клетка шамадан тыс ісінсе, жарылып кетуі де мүмкін
Катаболизм немесе энергетикалық метаболизм, бейорганикалық және органикалық қосылыстардың тотығу реакцияларының жиынтығы болып табылады.Сонымен қатар катаболизм жолында ірі полимерлі молекулалар алдымен кішкене фрагменттер мономерлерге ыдырайды, одан әрі органикалық қышқылдарға және фосфорлы эфирлерге айналады. Катаболизм (грекше katabole – сыртқа шығару, ыдырау), организмде тіршілік әрекеті процесінде пайдаланылған энергияны босата отырып,яғни қажетсіз заттарды денеден сыртқа шығарып тастау болып табылады. Соныме қатар клетка мен тінде болатын тотығу процесі ферменттерінің қатысуымен үздіксіз жүретін құбылысты айтамыз. Ондағы белок, май, көмірсу сияқты күрделі органикалық заттар тотығу әсерінен ыдырайды. Жалпы айтқанда осы процестен пайда болған энергия тіршіліктің қажетіне жұмсалады.
Ал анаболизмге келетін болсақ, биосинтез немесе конструктивті метаболизм, клетканың қор заттары және құрылымдық элементтерінің биосинтез реакцияларының жиынтығы.Сонымен қатар анаболизм кезінде клеткалық заттардың қарапайым молекулалардан синтезі энергия жұтылуымен жүзеге асады. Анаболизм жолында алдымен клетканың негізгі компоненттері, одан кейін полимерлі макромолекулалар синтезделеді. Клеткада анаболизм және катаболиз процестері бір уақытта жүреді, бір-бірімен тығыз байланысты процестер.

16. Секреторлық цикл туралы ұғым: жасушаның өнімді жұту және өндіру механизмі. Сыртқы ортаға жасушаның реакциясы. жасушаның құрылымдық-функциональдық өзгерісі және реактивті және адаптациялық үрдісіндегі жеке жасушалық компаненттері. (антиплагиат 100%)


Секреторлық қызмет,яғни функция орындалу кезінде гландулоциттер , секреторлық цикл деген өзгеріске ұшырап отырады . Ол 4 фаза ға бөлінеді:
алғашқы заттың (шикізаттың) жұтылып отыру фаза , гландулоцит ішіне базальді бетімен қаннан секреторлық өнім синтезделуге керек ұсақталған молекулалы заттар түсу;
секрет синтезделу фаза ,алғашқы яғни бастапқы молекулалар дан бездік жасушаның синтезделу аппаратында: грЭПТ-да - ақуыз секреті, ал агрЭПТ-- липидтер, гликоген, холестерин синтезінің өтілуі;
синтезделген өнім жинақталуы фазасында, секреторлық өніміміз Гольджи аппаратына түседі, пiciп жетіліп, секреторлық гранулға, вакуольге түйіп отырады. Соңғылары цитоскелетті элементтері (микро түтікшелер және микро филаменттер) қатысуы арқылы жылжиды, экзокриндік бездер жасушалары -апикальді полюсінде болса, эндокринді бездері жасушаларының базальді полюсіне жиналып отырады ;
секретті шығарылу фазасы , секреторлы гранулдардың ішндегі заттары жасуша арқылы экзоцитоз, диффузия сонымен қатар, басқа механизмдері арқасында шығарылады.Ал шығарылмай қалғандары артық секреторлы гранулдар яғни лизосомдарды жояды.
Сонымен, секрет (сөл, бөлінді) қалыптасу және шығарылу кезінде гландулоцитте әр түрлі органеллалардан (гр- және агрЭПТ, Гольджи комплексі,секреторлық гранулдар, лизосомдар, митохондриялар, жасушаның транспорттық жүйелері) тұратын "секреторлық конвейер" жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы ортақ секреторлық процестің бір ғана функциясын бірізді түрде атқарады. Осы кезде ерекше "мембраналар ағымының" (айналысының) рөлі өте жоғары:
а) транспорттық көбікшелердің мембраналары гр- және агрЭПТ цистерналарынан бөлініп шығады;
б) сонан соң олар Гольджи комплексі мембранасының цис-бетіне қосылады;
в) соңғының транс-бетінен секреторлық гранулдардың мембраналары бөлініп шығады;
г) секретті шығару кезінде олар экзоцитоз арқылы плазмолеммаға (жасуша мембранасына) қосылады. Ақырында, бұл мембраналар қайтадан қолдану үшін эндоцитоз механизмі арқылы жасушаның цитоплазмасына қайтарылады

17.Жасушаішілік регенерация. Жалпы сипаттама және биологиялық қасиеті. (антиплагиат 100%)


Регенерация – тіннің жойылған құрылымдық элементтерінің қалпына келуі.
Түрлері: физиологиялық, патологиялық, репаративті
Сыртқы жене организмнің iшкі факторлары әсерінен қалыптасқан жасушаның зақымдануы метаболизмнің реттелуін бұзады. Нәтижесінде цитоплазмада әртурлі қосындылардың жинақталуы немесе жойылуы мүмкін. Жасушаның зат алмасу процестерінің бұзылуы дистрофиялар деп аталады. Мысалы, майлы дистрофиясы кезінде жасушада май қосындылары жинақталып, липопротеидтік комплекстер көп қабатты мембраналық пласттар түрінде көрінеді. Көмірсу дистрофиясы кезінде қант метаболизмнің реттелу» бұзылып, цитоплазмадағы гликоген үйінділері жинақталады. Бұл құбылыс гликогенді ыдырататын фермент - глюкоза-6-фосфатазаның тапшылығына байланысты. Ақуыз дистрофиясы кезінде жануарлардың жасушаларында әртурлі ферменттер, ақуыз гранулда ы және т.б жинақталады.Жасуша ішінде болатын бейнеленген өзгерістер ауыр қалпына (некрозға) айналмаса,яғни паранекрозбен шектелінсе калыптасқан бұзылулар репарацияга ұшырап, жасуша кызмсттері қалпына келеді. Жасуша ішіндегі құрылымларды қалпына келтіру құбылыстар жасушаішілік регенерация деп аталады. Қайтымсыз ауыр закымдануға ұшыраған жағдайда жасушалар тіршілігінен айырылады - некроз арқылы жойылады.
Жасуша ішінде болатын бейнеленген өзгерістер ауыр қалпына айналмаса,яғни паранекрозбен шектелінсе,қалыптасқан бұзылулар реперацияға ұшырап,жасуша қызметтері қалпына келеді.
Жасушаның ішіндегі құрылымдарды қалылыпына келтіру құбылыстар жасушаішілік регенерациясы деп аталады.
Регенарация нәтижесі әртүрлі болады олар:
регенерацияның нәтижесі арқылы жойылып немесе жарақат алған мүше немесе ұлпа толық қалыпына келіп отырады.
регенерацияның нәтижесі арқылы жойылып кеткен мүшеден өзгеше бір мүше немесе бұрынғы мүше толық емес,жартылай қалыптасуы мүмкіндігі жоғары .
кейбір кезде сүтқоректілер мен адамдар регенрация нәтижесі арқылы жарақаттанған мүше бетінде оған жат дәнекер ұлпа болады.

18.Жасушаның қалпына келуі. Жасушалық цикл. Ұғымға анықтама: жасуша үшін жасушалық циклдың этаптары. Бөлінуге қаблеті сақталған, бөлінуге қаблеті сақталмаған (антиплагиат 96%)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет