Екі жетекші инновациялық кластерді – Назарбаев Университетін және Инновациялық технологиялар паркін дамытуды жалғастыру керек. Бізге төменкөміртекті экономикаға жедел көшу қажет.
2013 жылы «жасыл көпір» халықаралық ұйымын құруды, сонымен қатар, Алматының маңындағы төрт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды бастауды ұсынамын.
Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады.
Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады.
***
Қазір мен еліміздің Үшінші индустриялық революцияға дайындығының шарты болып табылатын ең принципті мәселелерді атадым.