13-ДӘріс. Мінез-қҰЛЫҚ модельдері жәНЕ КОНФЛИКТІЛІК Мінез-қҰЛЫҚТЫҢ ерекшеліктері



бет3/6
Дата25.11.2022
өлшемі22,94 Kb.
#159836
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
13 лекция-1

Егер адам ым-шаралар арқылы қоршағандармен сезімдері, қатынастары сәйкес келмесе ренжиді. Сондықтанда психикадағы қорғаныс механизмдері жұмыс жасай бастайды, өзінің жекеменшік «Мені» іске қосылады. Мәселен қорғаныс механизмі ретінде келесі мінез-құлықты көре аламыз: сыни ескертулерге құлақ аспау, өзінің негативті сезімдерін басқа адамдарға ауыстыру, өзінің ақылға сыймайтын әрекеттерін рационализациялау. Осындай реакциялар өзара түсінісуге, өзара әрекетке кедергі келтіреді.

Қарым-қатынасқа түсіп жатқан серіктесте қауіп төндіретін түйсінуді тудырмас үшін және оның психологиялық қорғаныс механизмдерін іске қосуына амал жасамауы үшін, адамға көмектесу керек, яғни оның әрекет-амалдарын қалай қабылдап жатқынымызды сол адам ұғынуы керек, соған көмектесуіміз қажет.

Мұнда өте ерекше рөлді кері байланыс жасайды. Кері байланыс дегеніміз қарым-қатынастағы біздің басқаларға беретін ақпараттар және сол ақпаратқа оның мінез-құлқына біздің көрсететін реакция мазмұны кіреді.

ІІ. Енді мінез-құлық модельдеріне тоқталамыз.

Модель (француз сөзі, үлгі)– әрине мінез-құлық моделдерін таңдау адам әрекетін стандарттау дегенді білдірмейді, себебі адамның тірі темпераментін, айрықша ойлауларын, тұрмыстық әдеттерін жоқ қылу мүмкін емес.

Қоғамдағы адамның мінез-құлық типтеріне тоқталамыз, психологияда жалпы 3 типті көрсетеді: агрессивті, енжар және ассертивті. Адам бұл мінез-құлық типтерін қалауы бойынша өзгертіп отырады. Негізінен адамда осы 3 типтің біреуі басымырақ болады, қиындықтардан өтуге, конфликтіні шешуге көмектеседі.

Агрессивті мінез-құлық – басқа адамның құқығын бұзып, мақсатқа жету жолында адам таңдаған мінез-құлық. Агрессивті адам өз идеяларын, тілектерін басқаларға жапсыра береді, олардың қызығуларын ескермейді. Агрессивті мінез-құлық адамнан өте үлкен эмоциялық күштер мен энергияларды талап етеді. Агрессивті мінез-құлық кімдерге тән, барлық қадағалауды өз қолына алғысы келетін адамдарға тән, басқа адамдарға деген қатынасы негативті болатын адамдарда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет