Қорытындылау. Өзіңді тексер!
|
3.1.3.2 ** секунд өлшем бірлігін қолданып өлшеу
2.1.3.4** уақыт (сек, мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктері олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
|
1
|
30.05-
|
|
48
|
|
Қызыға орындаймыз
|
3.1.3.2 ** секунд өлшем бірлігін қолданып өлшеу
2.1.3.4** уақыт (сек, мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктері олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
|
1
|
31.05-
|
|
Әдебиеттік оқу пәні бойынша күнтізбелік жоспар
Түсінік хат
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
«Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің мазмұны: Оқу процесінде мынадай оқу түрлері іске асырылады: - дұрыс оқу (дыбыстармен әріптерді сәйкестендіру, буындар құрауы); - түсініп оқу (оқылған сөздің мағынасын түсіну және олардың мағынасын түсіндіру); - шапшаң (тұтас сөздерді дұрыс және түсініп оқу); - мәнерлеп (дұрыс, түсініп және шапшаң оқуға және ақпараттың мазмұнына өзінің көзқарасын білдіру). Білім алушылардың оқу дағдыларының қалыптасуын ескере отырып, мұғалім төмендегі міндеттерді басшылыққа алады: - екінші сыныпта сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқу біліктерінің қалыптасуын; - оқу қарқыны бойынша оқыған мәтіннің мазмұны түсінуін, оқу кезінде кідіріс жасай білуін, тиісті тыныс белгілерін қоюын, интонациясын, кейіпкерлерінің ерекшеліктеріне тән қасиеттерді білуін тексереді; - үшінші сыныпта өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру; - дауыстап және іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуіне назар аудару; - оқу техникасын қалыптастыру; - төртінші сыныпта қалыптасатын оқу дағдылары: шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |