11. Оқытылған факультативтік курстар туралы мәліметтер
Ескерту: Білім алушының жеке іс қағазы (бұдан әрі – Жеке іс қағазы) орта білім беру ұйымына қабылданған кезден бастап мектеп бітіргенше (мектептен шыққанша) әрбір оқушыға жүргізіледі.
10-11 (12) сынып оқушыларының білім алу кезеңінде негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат Жеке іс қағазында болады.
Оқушылардың іс қағаздары білім алуы кезінде және мектепті бітіргеннен кейін үш жылға дейін сақталады.
Жеке іс қағазға:
1) Туу туралы аттестаттың көшірмесі;
2) 2 дана 3х4 көлеміндегі фотосуреті;
3) медициналық карта (мектепке қабылданған кезде талап етіледі) және мектептің медициналық кабинетінде сақталады;
4) әрбір сыныптағы үлгерім табелі тіркеледі.
Оқу жылының соңында Жеке іс қағазына барлық пәндер бойынша бағалары туралы жазбалар, оқушылардың жетістіктері мен босатқан сабақтарының саны жазылады.
Бір мектептен екінші мектепке ауысқан кезде "_________мектептен кетті" деген жазба жазылып, директордың қолы қойылып, мөр басылып Жеке іс қағазы ата-анаға немесе өзге де заңды өкіліне беріледі.
Алфавиттік кітапқа тіркеу үшін әрбір оқушының Жеке іс қағазы нөмірленеді.
Жеке іс қағаздарының сақталуына мектеп директорының бұйрығымен бекітілген адам жауапты.