Мəдениет жəне спорт министрлігі Т.Қ. ЖҮргенов атындағЫ Қазақ Ұлттық Өнер академиясы баяндама



Pdf көрінісі
Дата09.04.2022
өлшемі271,11 Kb.
#138564
Байланысты:
Философия 10апта
Міне, 21, 21, 21, саясатьану 10апта, Анатомия а.б сурактары (1)


Қазақстан Республикасы 
Мəдениет жəне спорт министрлігі 
Т.Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ 
 
Баяндама
 
 
 
 
Тақырыбы:
«Қазіргі заманғы қоғамдағы дəстүрлі құндылықтардың 
рөлі» 
Пəн:
“Философия”
 
Орындаған:
Карабатыр Жания
Тексерген:
Белгібаев Д.Т. 
 
 
 
Алматы, 2022 г.


Құндылықтардың табиғаты жəне олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы 
мəселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мəдениет 
пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар жəне 
басқа проблемалармен тікелей байланысты. «Құндылық» философиялық 
жəне социологиялық əдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының 
адами, əлеуметтік жəне мəдени мағынасын көрсету үшін кең түрде 
қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау əрекетін іске 
асырудың тəсілдері мен белгілері қоғамдық сана мен мəдениетке адамның 
қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» ретінде 
байқалады. Сөйтіп, «заттық» жəне «субъектілік» құндылықтар, қалай 
болғанда да, адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – 
қатынасының екі жағы сияқтанып көрінеді. Адам əрекетінің 
құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып 
көрінеді. Адам əрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке 
тұлғаның танымдық жəне жігер сапаларымен тікелей байланысты; 
құндылық категорияларының өздерінде білім нысаналарының, түрліше 
қоғамдық топтардың жəне жеке тұлғалардың мүдделері мен танып – ұнату 
шекаралары байқалып тұрады. Диалектикалық материализм өмірдің 
құндылығын, адам мұраттары мен нормаларының тарихилығын жəне 
қоғамдық – практикалық мəнен, оларды тануға болатындығын атап 
көрсетеді. Адамзаттың бай прогессивті мұраларын, құндылықтарын 
игерген жеке тұлғалардың мүдделері мен нормаларының тарихилығын 
жəне қоғамдық – практикалық мəнін, оларды тануға болатындығын атап 
көрсетеді. Адамзаттың бай прогрессивті мұраларын, құндылықтарын 
игерген жеке адам да, бірлестіктер де көздеген мақсаттарына табысты 
жетері сөзсіз. Құндылықтарға негізделген іс бағыты үнемі оңға баспақ. 
Индивидтің өмір тəжірибесімен баянды етілген құндылықтардың 
бағыттары жеке тұлғаның ішкі дүниесінің құрамды бөліктеріне айналып,
оның əсерленушілігінің бүкіл жиынтығы болары хақ. Əрбір адам үшін 
олар мəнді мен мағыналыны, мəнсіз бен мағынасызды ажырата білуге 
көмектеседі. Құндылық нысаналарының негізгі мазмұны адамның саяси, 
философиялық, құқықтылық сенімдері, терең жəне түрақты 
құштарлықтарды, жұріс – тұрыс бет алысының құлықтық принциптері 
негізінде құралады. Сондықтан, кез – келген қоғамда жеке тұлғаның 
құндылықтық бағыттары субъектінің мақсаттылықпен əсер ету, тəрбиелеу 
объектісі болады. Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму 
процесінде қалыптасып жəне қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің 
тұрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны 
əлеуметтік саяси жəне басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. 


Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мəнін оны 
туғызған өркениеттің құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын 
антикалық жəне эллиндік мəдениеттерден алған европалық 
ағартушылықтың гуманистік жəне демократиялық мұраттарының 
ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. 
Диалектикалықматериалистік философия оларды қарастыра 
отырып,əрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мəнге ие болғандарын 
ғана талқыға салады. Құндылық нысаналарының дамуы жеке түлғаның 
дамуының белгісі, ол оның əлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – 
индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына 
ықпал ететін, сыртқы жəне ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің 
мəні туралы мəселені шешу үшін психологиялық негіз. Құндылықтық 
нысаналардың тұрақты жəне қайшылықсыз ьқосындысы жеке тұлғаның 
бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер 
мен мұраттарға берілгендік, сол мұраттармен құндылықтар үшін жігерлік 
күш жүмсауға қабілет, өмір позитцисының беленділігі ,мақсатқа жетудегі 
қажырлылық сяқты сапаларды қалыптастыруға жағдай туғызады. 
Құндылық нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті ісер етеді. 
Осыған байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы (семя), білім ғылым, 
искуства жəне басқа бақтарға бөлуге болады. Бұндағы құндылық ретіндегі 
проблемасы айрықша қарастыруды қажет етеді. Объективті тұрде еңбектің 
əлеуметтік маңызы қоғам тарихында əр -дайым аса жоғары болды. Алайда, 
біздің заманымызға дейін өз жалғасын тауып, өмір сұріп келе жатқан 
«Еңбекті шеттету» деп аталған келеңсіз құбылыс субъект үшін еңбектін 
бағасын төмендетуде бұл жағдай кейде тіпті кейбір адамдарды еңбектен 
бас тартуға дейін апаруда. Өндірістік қатынастармен өндіріс күштері 
қоғамдық инвидтердің дамуының түрлі – түрлі жақтардың сипаттайтын 
болғандықтан əр бір қоғам адам өміріне, оның азаматтық жəне 
адамгершілік құндылықтарына, еркіндігіне жəне сонымен қатар, ұлттық 
мəдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс. Бұл əлеуметтік 
құндылықтардың дамуы, жасыратыны жоқ, кейбір қоғамдағы саяси 
қатынастарға да байланысты. Құндылық нысаналары оқу орындарында 
білім алу барысында өзінен — өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды. 
Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана — сезімді тəрбиелеп, 
адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ. Құндылықтар 
проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық жəне logos – 
ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады. 
Аксиология құндылықтар табиғаы, олардың реалдықтағы орны жəне 
құндылық əлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара 
əлеуметтік жəне мəдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен 


байланысы туралы философиялық ілім. Ең кең мəнінде құндылықтар 
проблемасы мəдени дəстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің 
құнсыздану дəуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының 
дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық жəне адам 
қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі 
элементке бөлінгенде пайда болады… Антикалық жіне орта ғасырлық 
философияда құндылықтар сипаттамалары реальдықтын, ақиқат 
болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді. Диалектикалық – материализм 
құндықтарды олардың қоғамдық – тарихи, экономикалық жəне əлеуметтік 
– саяси себептіліктерімен қоса қарастырылады. Құндылық объективті 
құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін жəне адамдар үшін, отбасы , 
үлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден – бір объективті ең жоғарғы 
құндылық – адамзат тарихында əлі де болса жаппай мойындаушылық 
сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі. Бірақ, адамзат тəжірибесі белгілі 
бір қоғамдық – тарихи параметрлерде шекті жəне абсолютті болып көзге 
түсетін құндылықтар құлықтылық белгілерін тудырады. 
Құндылық - объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін 
философиялық-социологиялық ұғым. Философия тарихында құндылық 
көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында 
пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы 
Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда 
құндылықтың əр түрлі көріністеріне жататын жəне табиғи, қоғамдық 
құбылыстарды, адамның іс-əрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, 
қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық жəне эстетикалық ұғымдар 
қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды 
екендігін айқындайды. Ол пəндік жəне субъективтік деген екі бөліктен 
тұрады. Пəндік жəне субъективтік құндылық — адамның дүниеге 
қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. 
Сондықтан пəндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік 
құндылық олардың өлшемі мен əдісі болып табылады. Пəндік құндылыққа 
заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, əлеуметтік игілік, 
ғасырлар бойы қалыптасқан мəдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы 
маңызы мен тəжірибелік пайдасы, адамдардың іс-əрекетіндегі жамандық 
пен жақсылықтың іске асуы, табиғи жəне қоғамдық объектілердің 
эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы 
ойлау мен бағалау, мақсат жəне оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін 
түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, 
адам өмірінің мəніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар 
қоғам үшін ең маңызды деген əдет-ғұрыптар, нормалар мен мəн-


мағыналар қызметін өзіне бағындырады жəне реттейді. Құндылықтар адам 
мүддесінің объектісі бола тұра, əлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті 
тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық жəне 
рухани əлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге 
құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық 
сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін 
зерттейді.Құндылық - мəдениеттің құрамдас бөлігі. Мəдениеттің құрамдас 
бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, 
олардың шынайы тəртібін айқындайды. Мəдениет құндылықтары, 
тиісінше, материалдық жəне рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың 
мазмұны қоғамның мəдени жетістіктерімен шарттастырылған. 
Құндылықтар əлемі, сөздің кең мағынасында, мəдениет əлемі деген сөз. 
Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын 
айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. 
Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі 
ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие. 
Адамның өзінің солай деп таңдауына орай, құндылық қашанда белгілі бір 
қанағаттанарлық нəрсені білдіреді. Ал материалдық жəне рухани 
қажеттіктердің өтелуі тұрғысынан құндылықтардың бəрін 
қанағаттанарлық категорияға жатқызуға болмайды.Адамдардың немесе 
əлеуметтік топтардың қажеттіліктері, мүдделері жөне талғамдары əр түрлі 
болады. Сондықтан барлық құндылықтар салыстырмалы. Құндылық 
қатынас қанағаттанарлық немесе қанағаттанғысыз болып келуі мүмкін. 
Біреу үшін мынау, екінші үшін анау құнды. Олардың қайсысынікі дұрыс, 
қайсысы қателесіп тұрғанын релятивистік тұрғыдан оны ажыратып жатуда 
мағына болмайды. Шынайы деп — адамға пайда əкелетін, оның санасына 
жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен 
игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, 
адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды 
айтқан жөн. Алдамшы құндылықтарға жеке индивидтер құндылық деп 
қабылдағанымен, шынында, қоғамның дамуына септігін тигізбейтін, оны 
кері кетіретін, адамды аздыратындарды айтамыз. 
Тұлға мəдениетінің негізі оның жалпы адамзаттық құндылықтарға 
қатынасынан көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі 
құбылыстарының адами, əлеуметтік жəне мəдени мəн-мағынасын білдіру 
үшін қолданылады. Адам қызметіндегі заттар, қоғамдық қатынастар жəне 


олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары 
ретінде танылған бағалы заттар сипатында іс-əрекетке қосылады, яғни 
бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық , шындық пен жалғандық, 
əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік жəне т.б. тұрғысынан 
пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауға негіз болған тəсілдер мен 
өлшем-шектер субъектив баға түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте 
бекиді де адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады. Қалыпты 
тəртіптік ұғым формасына енген мұндай құралдар түрі: ұстанымдар жəне 
бағалар, бұйрықтар мен шектеулер, мақсаттар мен жобалар. 
Сонымен, заттай жəне субъективті құндылықтар адамның өзін қоршаған 
дүниеге болған құндылықты қатынастарының екі қарама-қарсы (полярлы) 
шегін аңдатады. Адам іс-əрекеті құрылымындағы құндылықты тараптар 
танымдық жəне еріктік құндылықтармен өзара тығыз байланысқан. 
Əрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым (формация) өзіне тəн 
құндылықтар жиынтығымен ажыралады. Ал одан түзілген жүйе 
əлеуметтік реттеудің аса жоғары деңгейі сипатында көрінеді. Бұл жүйеде 
қоғам не əлеуметтік топ мойындаған өлшем-шек, талаптар (критерии) 
белгіленеді. Тұлғалық деңгейде меңгерілген бұл талаптар тұлға 
қалыптастырудың негізіне алынып, қоғамды қалыпты тəртіпте ұстауға 
жəрдемдеседі. 
Қоғам өмірінің кезеңдерінде құндылықтар жүйесі өзгеріске түсіп, ауысып 
барады. Құндылықтар өзіне тəн ерекшеліктерге ие. Олардың кейбірі 
тарихтың қай кезеңінде де өз маңызын жоймайды. Мысалы, ежелгі 
дүниенің тарих сахнасында өшкенімен, онда мұрат етілген эстетикалық 
құндылықтар əлі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Ортағасырлық 
ағару (просвещение) дəуіріндегі гуманистік, демократиялық идеялар 
бүгінгі заман қызметіне жарауда. 
Қоғамдағы құндылықты қатынастардың аса маңызды элементтерінің бірі – 
құндылықты бағыт-бағдар. 
Құндылықты бағыт-бағдар – бұл стратегиялық өмір мұраттары жəне 
жалпы дүниетанымдық алғы шарт ретінде танылған құндылықтардың 
адам санасында бейнеленуі. 
Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар бағыттарының жиынтығы тұлға 
тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген əрекет-
қылық жəне іс-əрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз 
етеді. Осыдан, құндылықты бағыт тұлға сеп-түрткілеріне (мотивтеріне) 
себепші, реттеуші маңызды жағдаят (фактор) ретінде іске қосылады. 


Құндылықты бағыт-бағдарлардың негізгі мазмұны – адамның саяси, 
философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-сенімдері, терең 
əрі тұрақты бейімділіктері, қылық-əрекет, мінез принциптері. Осыдан, қай 
қоғамда да тұлғаның құндылықты бағыт-бағдары тəрбие жəне мақсатты 
ықпал жасау нысаны ретінде қарастырылады. Олар арқылы еріктік күш 
салу, зейін, ой-өріс бағдарлары анықталады. 
Құндылықты бағдардың дамуы –тұлға кемелінің белгісі, оның 
əлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі 
тұлғаның келесідей сапаларының дамып, орнығуына себерші болады: 
тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі , белгілі мұраттар мен принциптерге 
адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін 
аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа 
жетуде табандылық пен өжеттік. 
Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар əрекет-қылық пен 
мінездегі тұрақсыздықты туындатады. Құндылықты бағыт-бағдардың 
мешеуленуі адамның селқостығы мен енжарлығына себепші болады. 
Бүгінгі күнде əлем елдерінде əрқилы құндылықтар жүйесі қабылданған. 
Осы заманғы гуманистік педагогика олардың арасында жалпы адамзаттық 
келесідей құндылықтарды аса маңыздылар қатарында алға тартады: адам 
құқы, адамды ең жоғары құндылық ретінде тану, бала тұлғасы мен оның 
қадіріне құрмет; бала еркіндігі мен даму құқын қорғау; білім жəне 
тəрбиедегі демократиялық принциптерді берік ұстану. 
Адам құқы жəне еркі – жалпы адамзаттық құндылық, себебі олар 
адамзаттың жалпы мүдделерін танытады, əрқилы халықтардың , діндер 
мен дəуірлердің рухани мұраттарын жақындатады əрі туыстырады. Барша 
халықтар туындыларын сыйлауға, бағалау мен қорғауға үйрену – бұл 
ұлттық жəне ұлтаралық ынтымақтың белгісі ретінде қабылданған жалпы 
адамзаттық құндылықтарды сезіну жəне қабылдау нышаны. 
Бүгінгі Қазақстандық қоғамда құндылықты бағыттар қатарында 
ұлтжандылық, отаншылдық сезімдері, яғни өз халқымызды, оның салт-
дəстүрін, тілін, мəдениетін, əдеттерін, туған ел табиғатын құрметтеп білу- 
жоғары маңызға ие болып отыр. Сонымен бірге əрбір адам үшін жоғары 
құндылық – бұл өмір, тіршілікке болған қамқорлық, гуманистік 
қатынастар негізі - əр адамның өз басын сыйлауы, өз адамгершілік 
сапаларына болған құндылықты қатынас; ата-ананы, туған-туысқанды, 
отбасы, бала-шағаны ардақ тұту, табиғатты аялау жəне ең жоғары 
инабатты құндылық ретінде еңбекті қадір ету. 


Жалпы адамзаттық құндылықтар арасында ұлттық құндылықтар 
шегерілмейді. Керісінше, осы ұлттық құндылықтар арқылы көрінеді. 
Алғашқыда осы ұлттық формада көзге түскен қайталанбас соны 
жетістіктер уақыт өте жалпы адамзаттық құндылыққа өтеді (мысалы, 
жақын уақыттың өзінде қазақ домбырасын жетекші күй аспабы ретінде 
танытқан «Ұлытау» триосының Голливуд жеңімпазы аталып, бүкіл əлемге 
танылуы). 
Қоғамдағы азаматтық, гуманистік құндылықтардың бекуі, өз міндеттері 
мен құқықтарының өзара тəуелділігін сезінуші əрі азаматтық ұстанымы 
бар ерікті тұлғаны қалыптастыру көбіне тəрбие жəне оқу жүйесіне 
байланысты. Заман ерекшелігін ескерумен түзілген құндылықты 
бағыттардың дамуынан əр адам өзін планета азаматы, əлем адамы 
санатында сезінуге мүмкіндік алады. 
Жалпы адамзаттық құндылықтарды түсіне танудың негізі қоғамға 
бағытталған идеялардың, сезімдердің, ұғымдардың қалыптасуына; ұлттық 
жəне жалпыадамзаттық құндылықтарды байланыстыра білуге; қоғамға 
жəне басқа адамдарға болған қатынастарға орай құқы мен міндеттерін 
зерттеп тануға; азамат құқы мен міндеттерінің бірлігін түсінуге; азаматтық 
мінез-құлық пен сезімдерді тəрбиелеуге; пікір жүргізу еркіндігінің дамуы 
мен көңіл-күй ортақтығын сезінуге жəне т.б. орайлас келеді. 
Жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыт-бағдар тəрбие мазмұнының 
ажыралмас бір бөлігі. 
Құндылықтардың табиғаты жəне олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы 
мəселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мəдениет 
пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар жəне 
басқа проблемалармен тікелей байланысты. 
«Құндылық» философиялық жəне социологиялық əдебиетте белгілі бір 
болмыс құбылыстарының адами, əлеуметтік жəне мəдени мағынасын 
көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды 
бағалау əрекетін (процедурасын) іске асырудың тəсілдері мен белгілері 
(критерийлері) қоғамдық сана мен мəдениетке адамның қызметінің 
нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» (нұсқаулар жəне 
бағалар, бұйрықтар(императивтер) жəне тиым салулар, мақсаттар жəне 


жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» жəне «субъектілік» 
құндылықтар, қалай болғанда да, адамның дүниемен құндылық 
тұрғысынан қарым – қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді. 
Адам əрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны 
сияқтанып көрінеді. 
Адам əрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаның 
танымдық жəне жігер сапаларымен тікелей байланысты; құндылық 
категорияларының өздерінде білім нысаналарының, түрліше қоғамдық 
топтардың жəне жеке тұлғалардың мүдделері мен танып – ұнату 
шекаралары байқалып тұрады. 
Диалектикалық материализм өмірдің құндылығын, адам мұраттары мен 
нормаларының тарихилығын жəне қоғамдық – практикалық мəнен, оларды 
тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогессивті 
мұраларын, құндылықтарын игерген жеке тұлғалардың мүдделері мен 
нормаларының тарихилығын жəне қоғамдық – практикалық мəнін, оларды 
тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогрессивті 
мұраларын, құндылықтарын игерген жеке адам да, бірлестіктер де 
көздеген мақсаттарына табысты жетері сөзсіз. Құндылықтарға негізделген 
іс бағыты үнемі оңға баспақ. 
Индивидтің (жеке адамның, кісінің) өмір тəжірибесімен баянды етілген 
құндылықтардың бағыттары жеке тұлғаның ішкі дүниесінің құрамды 
бөліктеріне (элементтеріне) айналып, оның əсерленушілігінің бүкіл 
жиынтығы болары хақ. Əрбір адам үшін олар мəнді мен мағыналыны, 
мəнсіз бен мағынасызды ажырата білуге көмектеседі. 
Құндылық нысаналарының негізгі мазмұны адамның саяси, 
философиялық (дүние танымдық), құқықтылық сенімдері, терең жəне 
түрақты құштарлықтарды, жұріс – тұрыс бет алысының құлықтық 
принциптері негізінде құралады. Сондықтан, кез – келген қоғамда жеке 
тұлғаның құндылықтық бағыттары субъектінің мақсаттылықпен əсер ету, 
тəрбиелеу объектісі болады. 
Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып 
жəне қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі 
өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) əлеуметтік 
саяси жəне басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика 
заманының эстетикалық құндылықтары өз мəнін оны туғызған 
өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; 


бастауын антикалық жəне эллиндік мəдениеттерден алған европалық 
ағартушылықтың гуманистік жəне демократиялық мұраттарының 
ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. 
Диалектикалықматериалистік философия оларды қарастыра 
отырып,əрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мəнге ие болғандарын 
ғана талқыға салады. 
Құндылық нысаналарының дамуы жеке түлғаның дамуының белгісі, ол 
оның əлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана 
сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы жəне 
ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мəні туралы мəселені шешу 
үшін психологиялық негіз. 
Құндылықтық нысаналардың тұрақты жəне қайшылықсыз ьқосындысы 
жеке тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір 
принциптер мен мұраттарға (идеяларға )берілгендік, сол мұраттармен 
құндылықтар үшін жігерлік күш жүмсауға қабілет, өмір позитцисының 
беленділігі ,мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты сапаларды 
қалыптастыруға жағдай туғызады. 
Құндылық нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті (дəлелді) ісер 
етеді. Осыған байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы (семя), білім 
ғылым, искуства жəне басқа бақтарға бөлуге болады. 
Бұндағы құндылық ретіндегі проблемасы айрықша қарастыруды қажет 
етеді. Объективті тұрде еңбектің əлеуметтік маңызы қоғам тарихында əр -
дайым аса жоғары болды. Алайда, біздің заманымызға дейін өз жалғасын 
тауып, өмір сұріп келе жатқан «Еңбекті шеттету» деп аталған келеңсіз 
құбылыс субъект үшін еңбектін бағасын төмендетуде бұл жағдай кейде 
тіптікейбір адамдарды еңбектен бас тартуға дейін апаруда. Өндірістік 
қатынастармен өндіріс күштері қоғамдық инвидтердің дамуының түрлі – 
түрлі жақтардың сипаттайтын болғандықтан əр бір қоғам адам өміріне, 
оның азаматтық жəне адамгершілік құндылықтарына, еркіндігіне жəне 
сонымен қатар, ұлттық мəдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс. 
Бұл əлеуметтік құндылықтардың дамуы, жасыратыны жоқ, кейбір 
қоғамдағы саяси қатынастарға да байланысты. 
Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен - өзі 
қалыптасады деп есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының 
қалыптасуы тиісті сана - сезімді тəрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін 
дамытқан кезде ғана іске аспақ. 


Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық 
жəне logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып 
табылады. 
Аксиология құндылықтар табиғаы, олардың реалдықтағы орны жəне 
құндылық əлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара 
əлеуметтік жəне мəдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен 
байланысы туралы философиялық ілім. 
Ең кең мəнінде құндылықтар проблемасы мəдени дəстүрлер мен қоғамның 
идеологиялық негіздерінің құнсыздану дəуірінде шарасыз пайда болды. 
Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы 
реальдық жəне адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі 
құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады... 
Антикалық жіне орта ғасырлық философияда құндылықтар (этико – 
эстетикалық жəнне діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың 
өз ұғымына кірістірілген еді. 
Диалектикалық – материализм құндықтарды олардың қоғамдық – тарихи, 
экономикалық жəне əлеуметтік – саяси себептіліктерімен қоса 
қарастырылады. 
Құндылық объективті құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін жəне 
адамдар үшін, отбасы , үлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден – бір 
объективті ең жоғарғы құндылық – адамзат тарихында əлі де болса жаппай 
мойындаушылық сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі. 
Бірақ, адамзат тəжірибесі белгілі бір қоғамдық – тарихи параметрлерде 
шекті жəне абсолютті болып көзге түсетін құндылықтар құлықтылық 
белгілерін тудырады. 
Əдебиеттер
Дəріс №4
Алтаев Ж., Қасабек А. Философия тарихы.- Алматы: «Қазақ университеті» 
баспасы, 2017.- 337 б. 
Джонстон Д. «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға 
дейін». Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018.– 216 б. 


Хесс Р. «Философияның таңдаулы 25 кітабы». Ғылыми ред. Раев Д.С. – 
Астана, 2018.–360 с. 
Кенни Э. «Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика 
философиясы» / ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 
с. 
Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта 
ғасырфилософиясы / ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 с. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет